§1. Категориялық анықтамалар
Енді әзірше ауанилық, яки виртуалды деп қарастырылатын, әр ұтқыр тауарға (пилотные товары) анықтама берейік, ол үшін бұрынырақ жарияланған мақалаларға иек артайық [1-4].
- Абсолютті байланыс, әр бейтаныстың – абоненттің кез-келген басқа бейтаныспен еш “ара-ағайындықсыз”, яғни ешбір жанның араласуынсыз қалаған уақытында, жерінде байланысқа шыға алады; бір-бірінің алдында отырғандай көріп, екеу-ара таса байланыс орната алады; бір-бірінің тілін білмеу деген қаперге де алынбайды, тіптен ой-бейне – ой-толқын түрінде бейтаныстардың өзбейнелері хабарласып, сол бейтаныстардың өздері бір-бірімен байланысқандай болмақ; байланыстың бұл түрі әсіресе адам баласы бүкіл ғарыштық Ғаламды алыс деп, жақын деп, бөле-жармай жаппай игере, иемдене бастаған, өзінің тұла бойына әсіреқуаттылық дарыған заманда барынша көрініс таппақ.
- Абсолютті энергия, басқаша айтқанда кез келген уақытта, жерде еш шектеусіз пайдалана алатын жеке-бастық өзжетімді энергия көзі; егер адамның жүріп-тұруына, адамша өмір сүріп, тіршілік кешуіне қажет энергия-қуатты табиғат дарытса, енді адам баласының бойына әсіреқуаттылық дарып, ғалам-әлемге шын мәнінде қожайын болу құзырын жүзеге асыру үшін қажет энергия-қуат көзін өзі жасақтап алатындай күн жақындап отыр;
- Абсолютті демократия, басқа сөзбен айтсақ, әрбір Жер тұрғыны басқа әр тұрғынға командир, яки өз құзырын жүргізе алатындай болуы, және де, керісінше, оның өзі басқа әрбір тұлғаның кез келген әміріне мойынсұнатын, яки еркіне көнетіндей болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |