Мәдениеттанулық әдіс. Мәдениеттанулық әдіс аясында білім берудің мазмұны өз құрамына негізгі төрт элементті қамтиды: білімдер жүйесін, ол білімдер әлемнің бейнесін қалыптастыруға қызмет етеді; белгілі іс-әрекеттерді жүзеге асыруда қолданылатын тәжірибелер; жаңа мәселелерді шешудің іске асыратын шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі; оның көмегімен ғылым мен техниканы одан әрі дамытады, қоғамның мәдениетін көтереді; қоршаған әлемге құндылықпен қорғау тәжірибесі.
Жүйелілік әдіс. Бәрімізге белгілі болғандай, қазіргі заманғы дүние танымда барлық іргелі зерттеулерде жүйелілік туралы түсінік олардың негізгі аспектілерінің бірі болып есептеледі. Жүйелілік ойлау типі тек қана қазіргі кездегі іргелі ғылымдарды қалыптастырып дамытуда ғана қолданылып қоймай, сонымен бірге өмірдегі өзгерту, жаңғырту, жаңарту, қайта құру сияқты өте күрделі үдерістерде де кеңінен қолданыс табуда. З.А. Решетникованың ойынша, «жүйелілік әдіс» жинақтаушы термин. Ол нақты ғылымдардағы пайдаланылатын әдіснамалық бағыттарға жалпыланған тенденцияларды өзінің объектісін жүйе ретінде түсіну үшін пайдаланады [5]. Жүйе – бір-бірімен тығыз байланысқан элементтерден тұратын бүтіндік құрылым. Қандай жүйе болмасын екі бастамадан, мазмұн мен құрылымнан тұрады. Мазмұн деп біз үдерістердің, түсініктердің, болжамдардың, қарапайым фактілердің элементтерінің жиынтығының бір жүйеге бірігуін түсінеміз. Ал құрылым жалпы жүйе түрде алғанда элементтердің бір-бірімен байланысы. Ол жүйенің элементтерінің қалыптасқан, негізгі қайталанып отыратын байланыстарын көрсетеді [6, 173 б]. Элементтердің бір-бірімен байланысуы тәсілі әрқашанда интегралды сипатқа ие, бұл жерде жүйе белгілі бір бүтін ратінде әрқашанда өзін құрастырған бөліктердің қосындысынан көп болып тұрады. Мысалы жүйелендірілген ғылыми білім обьект туралы толық әрі ақиқат ақпарат бере алады, ал сол сияқты осы білімдердің конглометраты нақты заттың қасиеттерін ауытқытып беруі ғажап емес.
Жүйе әрқашанда белгілі бір дамудың желісі ретінде көрініс табуы мүмкін, ал кей кездерде оның одан әрі қарай дамып өзгеруінің бастамасына айналауы да мүмкін. Жүйенің бұл қос аспектілі сипаты дамуы үстіндегі обьектінің функциональдық (пәндік) және генетикалық байланысы мен қатынасынан болуы мүмкін [7]. Функциональдық байланыстар белгілі кезеңдегі элементтердің байланыстарының сипатын көрсетеді. Жүйелілік әдісін кеңінін зерттеген авторлар (Н.Ф. Овчиников, И.В. Блауберг, Н.С. Садовский, Э.Г. Юдин, В.Л. Кузьмин т.б.) осы әдістің мәні мен маңызын толығынан ашып, оның қолданбалы маңызын толығынан көрсеткен. Ал білім беру ісінде де бұл жүйелілік әдісінің теориялық та тәжірибелік те маңызы зор. Қазіргі замандағы ғылымда қандай обьектіні алып қарайтын болсақ, ол ерекше жүйе ретінде қабылданады. Жүйе түсінігінің жалпы анықтамасы бүтін обьектінің оның ішкі дискреттілігі мен қайшылығын диалектикалық қатынаста қабылдайды. Жүйе деп көптеген байланыстардағы элементтердің бір бүтін ретінде көрініс табуын түсінуге болады [8]. Білім беруді жүелілік тәсілдің көмегімен зерттеу педагогикалық құбылыстарды, үдерістерді тәртіпке келтіруге ықпалын тигізеді, сонымен қатар жаңа түсініктер, ноба констйлар рукциялар қалыптастыру арқылы бұл үрдістерді жетілдіруді жүзеге асырады.
Антропологиялық тәсіл. Оның негізінде тұлғаның іс-әрекеттік әдісі жатыр. Бұл әдістің негізін қалайтын нысаны – тұлға. Бұл бағыттың мәніне толық жету үшін психологияны тереңірек зерттеген дұрыс. Философияда тұлғаны биологиялық және әлеуметтік қасиеттер жинақтаған адам деп түсіндіреді [9, 156 б]. Тұлға бола отырып, әрбір адам бір жағынан индивидуальды, екінші жағынан элементтік типті, яғни белгілі бір әлеуметке тән белгілерге ие. Әлеуметтік сипаттамалар ең маңызды болып есептеледі, себебі осы қасиеті арқылы адам қоғамда өз орнын таба алады. Бұл бағытта қазіргі педагогика ғылымы философтардың зерттеулеріне сүйене отырып тұлға қалыптастырудың көптеген қырларын ашты. Мысалы М.С Каган, адамдық іс-әрекет, қозғалыстың, өзгерістің, белсенділіктің сатысы мен формасы деп түсіндіреді [10], ал А.В. Маргулис іс-әрекетті және адамдық белсенділікті әлеуметтік шындықтың өмір сүру тәсілі деп түсіндіреді [11, 42-48 б.], ал әлеуметтік психология өкілі Л.П. Буева айтуынша, тұлғаның белсенділік дәрежесі оның жүзеге асырып жатқан іс-қимылының маңызына байланысты. «Тұлға – дейді ғалым, қоғамдық іс-әрекеттің белсенді субьектісі» [12, 22-26 б], ал Э.С. Яуцевтің ойынша, іс-әрекет субъект (тұлға) пен объектінің (қоршаған реалдылықтың) байланысын іске асыру тәсілі [13, 84 б]. Егер қорыта айтатын болсақ адамның әлеуметтік мәнін рухани және материалдық құндылықтар жасайтын тұлға ретінде түсіну, тек қана қоршаған ортаға іс-қимылдық қатынаста қарастырғанда ғана тереңірек, кеңірек және нақтырақ түсінуге қол жеткізіледі. В.М. Дёминнің, М.С. Квиннойдың тағы да басқалардың зерттеулерінде іс-қимылдың негізгі формасы ретінде нақты жасампаздық әрекет көрсетіледі, осының айналасында іс-қимылдың барлық түрлері дифференсацияланады. Белгілі бағытталған іс-әрекеттің негізгі «бұйымының» сипатына байланысты зерттеулер, тәжірибелік (арнайы-еңбектік, пәндік-тәжірибелік, материалдық-жасампаздық) және рухани (ой еңбегі) іс-қимылын бөліп көрсетеді [14]. Біздің зерттеуімізге қатынасты іс-қимылдардың типтері мен түрлерін сыныптаған қазақстандық философтар (Ж.М. Әбдильдин, Қ.Ә. Әбішев) еңбектері көңіл аударуды қажет етеді. Олардың ұсынған сыныбында акцент адами іс-қимылдық субъективтік позициясына көңіл аударылады, іс-қимылдық әдіс-тәсілдерін игерген адам барлық адамгершілік мәдениетті игеруге зор мүмкіндікке қол жеткізеді.
Аксиологиялық және рефлексивтік әдіс. Рефлексивті әдістің дамуы мен қалыптасуы ХХ ғасырдың екінші жартысында Н.Г. Алексееваның және Г.П. Шедровидскийдің зерттеулерінде жүзеге асырылды [15-16]. Әдіснамалық жағынан бұл тәсіл зерттеудегі реалдылықты нақты пәнді көруге көмектеседі, түсініктер арқылы категорияларды айқындай түседі, жалпылай отырып, заңдылықтарын белгілейді. Басқа жағынан бұл тәсіл нақты тәжірибеге қойып отырған тапсырмалар талабынан дүниені жасампаздықпен өзгертудің технологияларын игеруді меңзейді. Рефлексиялық тәсілдің дамуы Отандық дәстүрлердегі рефлексияны жүйелі түрде зерттеудегі интуицияны, сананы, ойлау үдерісін кеңірек зерттеу барысында қайта жаңғырды. Бұл бағытта негізінен ресейлік философтардың (В.Ф. Асмус, П.Я. Галперин, Э.В. Иленков, А.Ф. Лосьев, А.Н. Леонтьев, М.К. Мамардашивили, С.Л. Рубенштейн, В.П. Тугаринов, Г.П. Щедровидский) еңбектері зор маңызға ие деп есептейміз.
Соңғы кезде пайда болған зерттеулерді және өмір тәжірибесін талдайтын болсақ біздің көзімізге түсетін білім беру үдерісінде жоғары оқу орындарында барлық күш-жігер студенттердің білім дәрежесін көтеруге бағытталған, теориялық білімдерін кеңейтуге негізделген, сонымен бірге олардың ішкі жандүниесін жетілдіру де өте қажет. Студенттің рухани өмірі, оның құндылықтық ұстанымдары мен бағыт-бағдарлары, мүдделері мен мотивтері – олардың болашақ өмірдегі құлшыныстарының қайнар көзі, интеллекті белгілеп анықтайды, қоршаған ортаны рационалдықпен қабылдауды тәрбиелейді, кәсіптік бағдар береді, әрбір іс-әрекетті дұрыс басқарып, бақылап отырады. Осы факторларға байланысты аксеология мәселелерін арнайы қарастыру зор қолданбалы рольге ие.
Философияда білімге деген құндылықтық бағдар – ол мәндік пен қажеттіліктің ара қатынасы ретінде, адамнің мәні мен өмір сүруінің көрінісі ретінде, сонымен бірге білім берудің болмысының мүмкіндіктерін жағдайларын көрсету ретінде қарастырылады. Бұл мәселені философиялық қабылдау көне тарихқа ие. Өте көне заманнан бері қазірге дейін философиялық тексеруге білімнің мәні мен адам үшін зор құндылыққа ие екендігі көрсетіліп келеді. Е.Д. Божовичтің айтуынша, қандай болмасын философ, білім берудің мәні мен қажеттілігін түсіну арқылы, қандай образдан бастама алса, оның көзқарасы мен қабылдау мүмкіндігі эмприкалық реалдылықтардағы құбылыстардың бейнесін «өзіне қабылдайды» [17, 13-38 б]. Ал белгілі философтар В.В. Розинов, М. Шеллер, М. Хайдеггер өздерінің негізгі ұстанымдары еркін ойлайтын, рухани білімді адам идеалын аңсай отырып, білімге деген, білімнің өзі ең басты құндылық екенін, мойындаудың азайып келе жатқанын көрсетеді. Олар қоғамдағы жалпы санада білімге деген унитарлық-прагматистік ұстанымдардың пайда болуының себептерін іздейді, білімнің құндылығын пайда көру мен пайдалы кәсіп игеруге ауыстырылып бара жатқанын көрсетеді.
Бұл көрсетіліп отырылған концепциялар құндылықтық бағыттың мәні мен құрылымын ашудың әртүрлі варианттары болып есептеледі. Олардың кейбіреулері құндылықты өмір принциптерінің иеархиялық ұйымдасқан жүйесі ретінде қабылдайды. Бұл жерде иерархиялау құндылықтардың бірінің-біріне бағынуы ретінде түсіндіріледі, субьектінің функциясы ретінде қабылданады. Ал енді бір концепциялар құндылықтық бағыттауды белгілі бір мәндер жүйесі ретінде түсінеді. «Білімге құндылық бағдарлану» деген түсініктің мазмұнында кем дегенде екі феномен көрінеді:
- біріншіден, азамат үшін білім жүйесінің белгілі сатыларынан өту маңызды(бастауыш мектептен жоғары оқу орнына дейін).
- екіншіден, білімділіктің идеалы, ол білімге деген құндылықтық бағдарланудың мазмұнды-мәндік сипаттамасы болып есептеліп оның құрылымының негізгі компонентін құрайды.
Білімге үдеріс ретінде алғанда оған баламалар бар. Біріншісі білім алу үдерісі жеке адамның еркіндігінің өз қажеттігінің негізінде жүзеге асады, адам әрқашанда өзі үшін оқиды, білім алуға талпынады. Білімді адам деп біз, өзінің білім алу үдерісін ешқашан да тоқтатпайтын адамды айтамыз. Бұндай білімділіктің құрамдас бөлігі интеллектуалдық белсенділік, ой еңбегінен ләззат ала білу мүмкіндігі, әртүрлі бағыттардағы шығарылған есеп пен жаттығулардан жақсы эмоциялық күйге ие болу. Екінші альтернативаны қарастырсақ, білім беру үдерісі оқытудың белгілі бір жетістіктеріне жету құралы ретінде қарастырылады. Бұл бағыттың негізі адамның білімі – оның еңбегін әрі өнімді, әрі тиімді ететін құрал деп санайды. Білім берудің білім алуды тиімді ететін тәсілдері әрқашанда терең зерттеулерді, сонымен қатар олардың жетістіктерін күнбе-күнгі тәжірибеде кеңінен пайдалануды көздейді. Өмір қажеттігіне қызмет етпесе, ондай зерттеудің қажеті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |