Б.Онтаев атындағы жалпы орта мектебі
"Физика-математика ғалымдары жайлы деректер".
(Ғылыми-танымдық,сазды кеш).
Ұйымдастырушы:Нысанбаева Жанат Бактыбаевна
Қатысушылар:6-11 сынып оқушылары
Монтайтас 2017ж.
«Физика-математика ғалымдары жайлы деректер".
(Ғылыми – танымдық, сазды кеш ).
Кештің мақсаты:
Барлығы: Ғалымдардың еңбегімен танысады.
Басым бөлігі: Өз беттерінше ізденеді.
Кейбірі: Ғылыми көзқарасы өзгереді , ой-өрісі дамиды.
Күтілетін нәтиже:
Барлығы: Ғалымдардың еңбегімен танысады, оқуға көңіл бөледі .
Басым бөлігі: Өз беттерінше ізденіп мәлімет жинақтайды.
Кейбірі: Ғылыми көзқарасы өзгереді , ой-өрісі дамиды, қызығушылықтары артады.
Кіріктірілген модулдер: СТО,АКТ, Талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
Кешті өткізуге дайындық:
А) Кешке қатысатын оқушыларға физик, математик ғалымдар жайлы рефераттарын даярлайды.
Ә) Кешке қатысатын оқушылар ғалымдардың өмірімен байланысты көріністерге дайындалады.
Б) Кеш өткізілетін орынды безендіріп, сахнаны дайындау.
Кештің барысы:
1-Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді кеш қонақтары! «Физика-математика ғалымдары жайлы деректер" атты (Ғылыми – танымдық, сазды кешімізге қош келдіңіздер.
2-Жүргізуші:
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің дөңгеленген биі бар.
Биші қыздар әсемдікпен бұралғанда
Жанарың жалын атпай тұра алған ба?
(Қыздар тобы, би билейді)
1-Жүргізуші: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма ,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп Абай атамыз айтқандай, уақытында математика, физика сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда математика және физика пәндерімен әрі қарай сырласып, кейбіреулерімен мұндасып қалу үшін өткізгелі отырған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2-Жүргізуші:
Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін ,
Есеп-қисап , сан цифр термек үшін
Көрсетіп есептеудің жолын қалай
Келдім айтып оларды бермек үшін, дей келе кезекті оқушыларға берелік
1-Жүргізуші:Ал енді ұлы ғалымдардың еңбектерімен танысайық.
Аль Фараби ( слайд, реферат. Тұрсынбай Ақерке 7 "А" сынып)
2-Жүргізуші: Математика ғылымы –ермек емес балалық
Математика ғылымы –көрегендік даналық Космос кезген ракеталар дәл бүгін
Эвклид (слайд, реферат. Сейіт Нурила 10"Б" сынып )
1-Жүргізуші: Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты
Ақыл ойлар әлемді арбап алды
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты
Пифагор( слайд, реферат. Тағайбек Дамира 10 "Б" сынып) Көрініс.( Пифагор мен грек қалаларының бірінің билеушісі арасындағы диалог)
2-Жүргізуші: Архимедті патша үйіне
«Алтын тәжді» зертте деп шақырды.
Көп қиналып , күні түні ойланып, ол өзін ваннадағы толы суға батырды
Салмақ , көлем, тығыздықты
Суда жасап есептеп
Қуанғаннан «Эврика!»-деп айқайлап ваннаға түскен күйде көшеге жүгіріп шығыпты.Осылайша , сол сәтте гидростатиканың негізгі заңы: Архимед заңы ашылған.
1)Архимед ( слайд, Архимедтің еңбектері жайлы реферат.Слайхан Ақдидар 10 "Б" сынып)
2) Абдрайым Гүлнүр іс-тәжірибе жасап көрсетеді.
1-Жүргізуші: Білгенге білім-байлық бағасы артық
Салмағы сан жетпейтін қорғасыннан
Үйренсең өнер білім өшпес мұра
Таусылмас тау кенінің қордасындай.
Фалес ( слайд, реферат. Төрехан Балжан 10 "
2-жүргізуші: Рене Декарт. ( слайд, реферат. Абду Нәзік 11 "А" сынып)
1-Жүргізуші:Байқалмай біз отырған бір әнші бар
Өнеріне өзгелер тәнті шығар. ( ән айтылады. Төлентай Диас 7"А")
2-жүргізуші:Карл Гаусс. ( слайд, реферат. Балабек Ақерке 8 "А")
Интерактивті тақтада флипчартта 6 сынып оқушылары Қыдырбек Шұғыла 1-ден 10-ға дейн және 1-50-ге дейін сандардың қосындысын табудын тиімді жолын көрсетіп, түсіндіреді .
Керімбек Олжас 1-100-ге дейін сандардың қосындысын табудын көрсетеді.
Слайдта оқушыларға есептер беріледі , тапсырмаларды Гаусс әдісін қолданып шығару керек.
1-Жүргізуші: Николай Лобачевский. (слайд, Н. Лобачевскийдің еңбектері жайлы реферат)
2-жүргізуші: Орынбек Жаутіков. (слайд, О. Жаутіковтің еңбектері жайлы реферат)
1-жүргізуші Сергіту сәті.( логикалық тапсырмалар)
Жіберілген санды табыңдар:
(112) 39 9 ( 45) 81
8 (36) 64
(…) 49 10 (…) ?
234 (333) 567
345 (…) 678
2-жүргізуші: Мұхтарбай Өтелбаев. ( слайд, М. Өтелбаевтің еңбектері жайлы реферат Назым 11"Б")
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хаям, Әл Фараби жолын қуса
Елімнің болашағы гүлденеді
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса
1-жүргізуші: Исаак Ньютон.
1) Cлайд, Ньютонның еңбектері жайлы реферат .
2)Құрал Руслан алмамен іс-тәжірибе жасап , түсіндіреді.
2-жүргізуші: Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң-тілімен Жылағанда жүрегім күн тұтылып Қуанғанда күлкімен түн түрілген.
Асқар Жұмаділдаев. (слайд, А. Жұмаділдаевтің еңбектері жайлы реферат)
1-жүргізуші: Ал енді "Кім жылдам " ойынын ойнап жіберейік.
1.Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына 100өгіз құрбандық шалған ғалым кім?(Пифагор)
2.Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлері туралы теореманың авторы.(Виет)
3.Отырардан шыққан ұлы ойшыл,данышпан ғалым, математик. (Әл-Фараби)
4.Математикаға координаттар жүйесін еңгізген ғалым. (Декарт)
5.9 жасында 50 санының қосындысын табудың ең тиімді тәсілін тапқан неміс математигі. (Карл Гаус)
6. Евклидтік емес геометрияның негізін салушы , орыс математигі. (Н. Лобачевский)
7. Рычагтың математикалық заңын тапқан "Тіреу нүктесін тауып берсеңдер , жер шарында төңкеріп беремін" -деген ғалым? (Архимед)
8. Тік бұрышты ұшбүрыш, қай ғалыммен байланысты? (Пифагор)
Қорытынды.
Мұғалім:
Сонымен, оқушылар біздер бүгін сендерге "Математик және физик ғалымдар" жайлы біраз деректер бердік.Сондықтан бұл пәндерді ерекше көңіл бөліп оқуларың қажет.Бүгінгі кешіміздің мақсаты әлемді таң қалдырар, ең бастысы адамзатқа пайдасы тиер жаңалықтардың иесі,талантты,елін сүйер АЗАМАТ, ТҰЛҒА тәрбиеленсе деген тілек бар.Сол мақсатқа жетеміз деп ойлаймын. Қатысып көргендеріңізге рахмет.
Ал енді Абду Нәзіктің әнін тамашалайық. 1-жүргізуші:Ал енді кештен алған әсерлеріңмен бөліссеңдер.
Рефлексия.
Бүгінгі кештен біз нені білдік ?
Нені үйрендік ?
Білемін:
Білдік:
Білгім келеді:
Достарыңызбен бөлісу: |