Басқару қызметкерлерінің біліктілігі
Кәсіпорын құны көп жағдайда басқару қызметкерлерінің біліктілігіне тәуелді болады. Бұл сарапшы-бағалаушының, бағалау мультипликаторын таңдауы кезінде, не капитализация коэффициентін іріктеуі кезінде ескеріледі, немесе кәсіпорынның жалпы есептік құнына арнайы түзету (жеңілдік немесе сыйақы) жасалады.
Өндірістің әртараптылығы
Өндірістің көбірек әртараптылығы бар ашық кәсіпорындармен салыстырғанда жабық кәсіпорындарда шығарылатын жиынтық өнімінің аз мөлшерде болуы, олардың тәуекелдерін көбейтеді. Мысалы, шикізаттың жетіспеуімен немесе өндірісті кәсіби мамандарды өзгерту мүмкіндігін шектеумен байланысты. Сондықтан осы кәсіпорындарға шектелген тұтынушылар бөлігі анықталып, сарапшы-бағалаушы осындай кәсіпорын құнына түзету енгізуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |