Кәсіпорын мүлігінің құнына әсер ететін факторлар
Фапкторлар
|
Сипаттамалар
|
Физикалық, қоршаған орта, орналасқан жері
|
орналасқан жері бойынша: климат, ресурстар, топография, қара топырақ, топырақ, іскерлік орталыққа қатысты, еңбек жүргізу орындарына, тұрғын территориясына, автожолдарға, темір жолдарға, жаға-жайға, жасыл массивтерге, коммуналды мекемелерге (қоқыстың орындарына және т.б.), жолдардың жағдайларына және т.б.
телімнің сипатына қарай: көлемі, түрі, алаңы, топография, подъездер, көріктендіру, аймақтау бойынша пайдалану түрі, сервитуттар, жалпы түрі, жағымдылығы және т.б.
ғимараттар мен құрылыстар: саны, типі, жылы, салынымның сапалығы, стиль, жоспары, құрылғылар және т.б.
|
Экономикалық
|
әлемдік экономиканың жалпы жағдайы; елдегі, аймақтағы, жергілікті деңгейдегі экономикалық ахуал, кәсіпорынның қаржылық жағдайы.
сұраныс: жұмыспен қамтылу деңгейі, еңбекақы мен табыстардың көлемі, төлем қабілеттілік, қаржыландыру көздерінің бар болуы, пайыздық қойылым, жалға беру төлемінің қойылымы, сатуды қалыптастыру кезіндегі шығындар.
ұсыныс: сатуға шығарылған жерлердің бар ауданы, сатылуға шығарылған объектілер саны (мүліктік комплекстер), ҚМЖ-на кеткен шығындар, қаржыландыруды қамтамасыз етуге кеткен шығындар, салықтар.
|
Әлеуметтік
|
жерді пайдалану варианттылығы, кәсіпорындағы (кіші, үлкен, арзан, қымбат) жылжымайтын мүлік объектілерін, жерді сатып алудағы негізгі қажеттілік.
қоршаған орта, көрші объектілермен және оның иесімен қарым-қатынастары және сонымен қатар меншіктік сезімге негізгі қажеттілік.
отбасы көлемі мен халықтар санының өзгеру тенденциясы, жасаруы немесе қартаюы.
білімділік деңгейі мен қылмыстық деңгейінің өзгеру тенденциясы.
өмір сүру стилі, өмір деңгейі.
|
Әкімшілік (саяси), құқықтық
|
салықтық, қаржылық саясат.
әр түрлі түрдегі жеңілдіктерді беру.
жерді пайдалану мен жалға беру төлемінің қойылымын бақылау.
аймақтау: тыйым салу, шектеу.
шектеулі құрылыс нормалары мен ережелері.
муниципалдың қызмет көрсетуі: жолдар, көріктендіру, инженерлік құрал-жабдықтар, қоғамдық көлік құралы, мектептер, денсаулықты қорғау мен қауіпсіздік, от сөндіру қызметі.
|
Жылжымайтын мүлікті бағалауға әсер ететін экономикалық, әлеуметтік, саяси және физикалық факторларды қарастыра отырып, біз сонымен қатар экономикалық талдаудың қолданбалы мәселелерін шештік, оған меншік объектілерді бағалау да жатады. Олардың қорытынды нәтижелерін алу үшін ақпаратты жинау, талдау мен өңдеудің жүйеленген әдістерін жатқызамыз. Жоғарыда қарастырылған факторлар мазмұнына негізделе отырып, бағалау үшін жиналатын, мүлік құнына әсер ететін ақпаратты үш үлкен топқа бөлуге болады .
Экономика-географиялық көзқарас жағынан жалпы және салыстырмалы мәліметтер үш иерархиялық деңгей бойынша дайындалды: аймақтық, қалалық және жақын қоршаған орта бойынша. Құнды бағалауға әсер ететін, факторлардың құрамында сандық және сапалық сипаттамалары бар мәліметтер болып табылады: бағалау құнының мөлшерінің есебін және бағалау объектілерінің орналасу жерін талдауға және бағалауға арналған экономикалық негіз береді.
Достарыңызбен бөлісу: |