Баѓалау ќызметініњ ±йымдыќ-ќ±ќыќтыќ реттеу


И физ = конструктивті элементтердің үлес салмағы * тозу / 100%



бет51/114
Дата13.05.2022
өлшемі1,11 Mb.
#142952
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   114
Байланысты:
курс лекции бағалау к.о 2

И физ = конструктивті элементтердің үлес салмағы * тозу / 100%

Ғимараттың физикалық тозуы ғимараттың әрбір элементтің орташа өлшенген шама ретінде анықталады. Обьектінің шама жасын және оның физикалық тозу жағдайын қайта қалпына келтіру құнын пайыздық көрсеткішпен белгілейді. Құндылық тәсіл кезінде объектінің физикалық тозуы объектінің әр элементтерінің ұдайы өндірісіне кеткен шығындар есебімен анықталады.


Функционалдық тозу нарықта жаңа технологиялар, техника мен материалдарға байланысты сипатталады.
Бағалаушы бұл жағдайда ең соңғы жаңа обьектілермен салыстыра отырып, функционалды тозуды анықтайды. Функционалды тозу өлшемін обьектінің жалға беру кезіндегі жал төлемінің жойылу өлшемінің жалпы айлық жал төлеу мультипликаторына көбейту арқылы көрсетеді.
Функционалды тозу нарықта жаңа жетілген ұқсастықтардың пайда болуымен байланысты обьектінің бәсекеге қабілеттілігін жоғалтуды сипаттайды. Функционалды тозу обьект құнына ғылыми техникалық прогрестің, технология мен материалдар аймағындағы жетістіктердің әсер ету салдары болып табылады. Функционалды тозу бағалаушымен жаңа ұқсастықпен салыстыру бойынша, обьектінің өзінің негізгі функционалды бағытталуы бойынша пайдалылық салдары ретінде қарастырылуы қажет. Функционалды тозуды анықтаудың негізгі тәсілі бағаланатын обьектінің оның жетілген ұқсастығымен салыстыру тәсілі болып табылады. Функционалды тозудың шамасын берілген, бірақ жетілген мүлік түріне тән жалпы айлық жалдық төлем мультипликаторына төленген обьектіні жалдық төлемінің жойылу шамасы ретінде қарастырылады. Оның шамасы жалдық төлемнің жойылуы капитализация жолымен анықталады.
Сыртқы тозу - бұл саяси экономикалық және басқа факторларымен шартталатын обьектінің сыртқы ортасының өзгеруі салдарынан оның құнының төмендеуі. Сыртқы тозудың себептері келесідей: обьект орналасқан елдің жалпы құлдырауы; бағаның өзгеруі, сақтандыру, салық салу жағдайларына өзгеруі және т.б.
Сыртқы тозуын бағалау кезінде екі тәсіл қолданылады:

  1. Сыртқы фактордың әсерінен табыстың жойылу капитализациясы.

  2. Ұқсас обьектінің сатуын салыстыру.

Бағалаушы табысының жойылу капитализация әдісін қолданарда кәсіпорынның жалпы өлшемін анықтап, сонан соң жойылу бөліктерін бағаланатын обьектілері бойынша есептеледі. Сату санының көптігі мүмкін кезінде сатуды салыстыру әдісін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет