Бағалаудың тапсырмасын және календарлық жоспар құру
Бағалауға тапсырманы тәртіп бойынша, бағалаушы – эксперт орындайды. Тапсырма беруші бағалау шеңберіндегі тектілікті білімдердің болмауынан . Мұны жеткіліксіз маманданған түрде жасайтынын тәжірибе көрсетеді. Бағалаудың шарттары мен қызметтерін бейнелеудегі нақтылықтың болмауы бағалаудағы қателердің және тапсырыс беруші мен бағалаушы – эксперт арасындағы қатынастағы жанжалдық жағдайлардың себебі болып табылады.
Бағалау жүргізуге мына тапсырмаларды жатқызамыз:
Тапсырыс берушінің аты
Бағалаушы – эксперттің аты
Бағалау затын анықтау
Бағалау күні
Бағалаудың мақсаты мен қызметі
Құн түрін анықтау
Бағалау туралы есептеменің қысқаша мазмұны
Календарлық жоспар
Ерекше шарттар
Бағалауға тапсырманың жоғарыда келтірілген құрамының мысалылық сипатта әрбір жеке жағдайда бағалаушы-эксперт заттың нақты ерекшеліктерін және бағалаудың объектін есепке ала отырып, бағалауға тапсырманың құрамын нақтылайды.
Бағалау үрдісінде тапсырмадан және оған қосымшалардан ауытқулар мүмкін. Олар бағалаушы-экспертпен тапсырма берушіге баяндамалық хаттарында тіркеледі.
Баяндамалық жазбалардың көшірмесі бағалау туралы есептемемен бірге жіберіледі. Бағалауға тапсырманы өңдеу кезінде бағалау затын анықтау маңызды болып келеді., яғни кәсіпорынның қандай мүліктік құқықтары бағаланады, мысалы, кәсіпорын активтеріне толық меншік құқығы, акцияның бақылаушы емес пакеті, кәсіпорынға іс ретінде, шаруашылық серіктестікте үлестік қатысуға және т.б. сұрақтарға жауапты қалыптастыру болып табылады. Кәсіпорынды сату кезінде салықтық, заңды және қаржылық тұрғысынан келісім кәсіпорынның активтерін сату сияқты қарастырылады немесе кәсіпорынды шаруа ретінде сату сияқты, немесе серіктестіктегі үлесті сату ретінде келісім қарастырылатын туралы жағдай маңызды орынға ие. Барлық үш жағдайларда бағалау нәтижелері әртүрлі болады.
Егер бағалауда шаруашылық серіктестіктегі қатысу жатса , онда бағалауға тапсырмада пайыздардағы үлес мөлшері көрсетіледі, сондай-ақ бұл қандай серіктестік – толық немесе шектеулі жауапкершілікпен. Ешер акционерлік қоғамдағы акциялардың пакеті бағаланса, онда тапсырмада бағаланатын акциялар саны мен түрі нақтыланады, айналымдағы акциялар саны, түрлері бойынша акциялардың қатынасы , акционерлік қоғам сипаты – ашық немесе жабық, өйткені бұл ерекшеліктер бағалаудың нәтижесіне әсер етеді.
Тапсырмада сонымен қоса үлестік қатысудың жалпы құрамы және бағаланатын акцияларға салынатын ерекше шектеулер көрсетіледі. Мысалы, жабық акционерлік қоғамдағы акцияларды сатып алушылардың міндеттемесі- оларды қайта сатып алу келісіміне келу болып табылады. Бұл шарт осы жабық қоғамның акцияларының айналымдылығын шектейді, немесе тәртіп бойынша олардың құндылығын төмендетеді. Акцияларды бағалауда маңызды фактор – акцияларды айналымға шығару уақыты болып табылады.
Жаңа ғана шығарылған акциялар құны әдетте акциялардың қорытындысында бұрын айналатын құннан төмен болады.
Бағалауға тапсырма бағалау туралы есепке қосымша беріледі.
Бағалаудың нақтылы календарлық жоспары тапсырыс берушімен бағалаушы-экспертпен дамыту мен қол қою мақсатты бағытталған жұмысқа тораптарды ұйымдастыратын бағалаудың маңызды кезеңі. Кейде тапсырыс беруші бағалау бойынша бастапқы деректерді беруді кешіктіреді, ол бағалаушы-эксперт бағалаудың нақты календарлы жоспары болмаған кезде, осы себеп бойынша сондай-ақ қорытынды есеп немесе бағалау бойынша қорытындыны дайындауды кешіктіреді.
Осыған байланысты тапсырыс берушіден бағалаушы- эксперте бастапқы деректерді бағалау үшін ілеспе хат беруі бойынша жүзеге асырылады. Кәсіпорындарды бағалау бойынша жұмыстардың ұзақтығы өндіріс қиындығы мен ауқымына тәуелді. Орташа алғанда кәсіпорынды бағалау ұзақтығы 3-6 айды құрайды. Бірақ, өте ірі кәсіпорынды бағалау кезінде бұл ұзақтық маңызды дәрежеде ұлғаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |