Баѓалау ќызметініњ ±йымдыќ-ќ±ќыќтыќ реттеу


Арнайы деректерді жинау мен талдау



бет82/114
Дата13.05.2022
өлшемі1,11 Mb.
#142952
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   114
Байланысты:
курс лекции бағалау к.о 2

Арнайы деректерді жинау мен талдау

Арнайы деректерге кәсіпорын туралы деректерді және салыстырмалы сатулар туралы деректерді жатқызуға болады.


Кәсіпорын туралы деректерге: меншік құқының куәландыратын құжаттар туралы , кәсіпорын қатысушыларының құрамы, олардың жарғылық капиталдағы үлесі, жер учаскесін , ғимараттар мен құрылысты қолдану туралы ақпаратты, оған қоса кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және техникалық сипаттамасы, ғимараттар мен құрылыстардың құнын бағалау үшін қажетті негізгі көрсеткіштері бар : пайда, амартизация, ақша ағымдары, дивиденттер, жалпы табыстар, шығындар, кәсіпорын активтері, салықтар және т.б. табыстар мен шығындар туралы баланстық есептеме жатады.
Кәсіпорынды бағалау үшін маңызды құрал : бағаланатын үлес мөлшері ( акциялардың бақылаушы және бақылаушы емес пакеті ), акционерлердің дауыс беретін құқықтары, активтердің өтімділігі, меншік құқығын шеттейтін шарттар, кәсіпорын меншігі немесе басқаруымен байланысты арнайы биіктер мен жеңілдіктер болып табылады.
Кәсіпорынды бағалауды жүзеге асыру негізінде қаржылық- экономикалық көрсеткіштерді анықтау кезінде бағалаушы-эксперттер бірегей әдістемелік жағдайларға сүйенгені өте қажет. Негізінен, кәсіпорындарды бағалау кезінде есептеулер үшін кәсіпорындардың таза табысын қолданған, яғни баланстық пайдадан салықтың және басқа да міндетті төлемдерді (соның ішінде, артықшылық бар акциялар бойынша дивиденттерді) алып тастаған.
Ақша ағымдары әдетте таза табыстардың болжамдық бағаларын осы жылдарға амартизациялық аударымдар мағнасын қосудан пайда болады. Кейбір жағдайларда, мысалы, « таза ақша ағымын » есептеу капитал салымдарымен болжамды табысты алу үшін қажетті басқа да міндетті инвестицияларды «болжамды ақша » ағымдарынан алып тастау керек.
Айта кететін жайт, дисконтталған ақша ағымының әдісі бойынша, сондай-ақ болашақ пайда әдісі бойынша да кәсіпорынды бағалау бойынша математикалық операциялар алгоритмі бірдей. Ерекшелік мұнда айнымалылардың сандық мағыналарын қолдануда болады, мысалы, екі жағдайда мағынасы бойынша әртүрлі дисконттың ставкасы қолданылады.
Болашақ дивиденттің төлемдері есептеу дисконты тиісті ставкасы бойынша ағымдық құнына дисконтталған дивиденттің төлемдердің болашақ ағымы ретінде кәсіпорындардың акция құнын анықтаудың басқа әдісі – уақыттың соңғы кезеңі үшін немесе олардың акциялардың кейбір болжамдықтан кейін құнын дисконтталған күтілетін дивиденттің ағымды соммалау болып табылады. Бұл кезде акциялардың болжамдықтан кейінгі құны осы акция пакетін болашақтағы белгілі бір уақытта сату бағасы сияқты анықталады.
Жалпы табысты есептеу, яғни өнімді өткізуден түскен табысты ( жұмыстардан, қызметтерден ) есептеу, тәртіп бойынша комиссиондық бастамаларда қызмет көрсететін кәсіпорындарды бағалауда жүзеге асырылады. Бұл – жарнамалық, медициналық, консалингтік кәсіпорындар , баспалар және сақтандыру агенттіктері және т.б.
Мұндай кәсіпорындарды сатып алу кезінде егер тіпті табыс төмендетілсе немесе ол болмаса да инвестор осы өнім түрінен нарығының үлкен үлесін бақылау үшін және бағалар деңгейіне әсер етуүшін бірнеше ағымдарға өткізу мөлшеріне тең бағасын төлеуге дайын болады.
Кәсіпорынды бағалаудың маңызды көрсеткіші – оның активтері болып табылады. Активтерді бағалауда ерекше назарды кәсіпорынды жоюда, колдингтік компанияларды бағалауда, жөндеу және соғуда ұйымдастыруларға аударылады.
Бұл жойылатын кәсіпорын, тәртіп бойынша, пайда алып келмейді және оны табыстық әдіс бойынша бағалау мүмкін емес.
Холдингтер болса өндірістік қызметті тікелей жасамайды және олар табысты филиалдарынан алады. Кәсіпорындардың активтерін бағалау үшін активтер құны осы кәсіпорын акцияларының құнымен өте сирек сәйкес келетінін есте сақтау керек. Сондықтан активтер құнын акциялар құнына ауыстыру үшін арнайы әдістерді қолданады. Бұл жағдайда осы кәсіпорынға меншік құқығын куәлендіретін ұйымдастырушы құжаттарында мазмұндайтын ақпаратты қолданады.
Оларға жататындар: жарғы, ұйымдастырушы келісім және кәсіпорынды тіркеу туралы куәлік, акциялар пакеттеріне меншік туралы куәлік, жылжымайтын мүлік заттары және жер учаскелері, кәсіпорын активтерін бейнелейтін және физикалық сипаттамалары берілетін құжаттар немесе кәсіпорын активтерін иемденуге, қолдануға немесе өнімдеуге шектеулі шарттар қалыптасады.
Бағалаушы үшін сонымен бірге, мүлікке салық салу механизмімен осы кәсіпорын табысын анықтау маңызды.
Кәсіпорын орналасқан жер телімін бейнелеу оның барлық сипаттамаларына мыналарды жатқызамыз: көлемі, нысаны, топографиясын, онда орналасқан телімі мен ғимарат бағыты, инженерлік коммуникациялар, көрші телімдерін бейнелеу, тұрақтарды және т.б.
Ерекше назарды бағалаушы –эксперт бағаланушы кәсіпорынмен шығарылатын қоршаған ортаны ластау туралы ақпаратқа аударуы керек. Эксперт кәсіпорынды жоғары бағалайды, ал қаланың әкімшілігі оны қоршаған ортаға инегативті әсері салдарынан жою туралы шешім қабылдағалы жайлы жағдайлар бар.
Салыстырмалы бағалауға қажетті арнайы деректерге ертерек уақытта сатылған немесе сатуға ұсынылған салыстырмалы кәсіпорындар туралы мәліметтер жатады. Кәсіпорынның құрылыс құны туралы ақпарат бағаланушыға ұқсас мүліктік әдіспен кәсіпорынды бағалау үшін өте маңызды болып келеді. Капитализация табыс әдісін қолдану өндірістік мекемелерге жалғалық төлемдер туралы, кәсіпорынның операциялық және инвестициялық қызметінен табыстар ағымы туралы деректерді қолдануды көздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет