Баѓалау ќызметініњ ±йымдыќ-ќ±ќыќтыќ реттеу



бет83/114
Дата13.05.2022
өлшемі1,11 Mb.
#142952
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   114
Байланысты:
курс лекции бағалау к.о 2

Бесінші тарау


ЖЕР ТЕЛІМІН БАҒАЛАУ


5.1 Жер, жер қатынастары, рента

Жер (жер ресурстары) - табиғаттың бір бөлігі. Қазақстан Республикасының жер кодексі, жерді табиғаттың маңызды құрамдас бөлігі, күзетілетін табиғи объектісі; өндірістің табиғи құралы мен табиғи кеңістіктік базисы, қолданылатын табиғи ресурсы және меншік құқығының жылжымайтын мүлікі ретінде қарастырады.


Адамзат қоғамында жер - өндіріс құралы. Еңбек құралы бола тұра, жер бір жағынан еңбектің құралы болып табылады, өйткені адам қызметтің қандай да болмасын саласында оған белгілі бір мөлшерде әрекет етеді. Осы екі қасиеттердің жиынтығы жерді халық шаруашылықтың барлық саласында қызмет ететін өндірістің арнайы құралы болады. Өндіріс құралы ретінде жердің жылжымайтын мүлікті бағалауға тікелей әсер ететін өзінің ерекшеліктері бар:

  • алдағы еңбектің нәтижесі болып табылмайды;

  • кеңістігі шектеулі;

  • өндірістің басқа құралдармен алмастырылмайды;

  • тұрақты орналасуы бар;

  • дұрыс қолданған кезде ескірмейді;

  • әр түрлі сапалы территория;

  • әрбір нақтылы жер телімінің арнайы пайдалылықтың болуы;

  • ауылшаруашылығында жердің барлық пайдалы сапалары ең тиімді қолданылады, бірінші кезекте-жердің құнарлығы;

  • адамның барлық қызметінде (ауылдық және орман шаруашылығынан басқа).

Жер негізінен кеңістіктік операциялық базис ретінде қолданылады. Сондықтан сол жерде орналасқан объектілермен байланысты болып келеді: мекемелермен, құрылыстармен, жолдармен, мелиоративті құрылыстармен, адам еңбегімен дамытылған басқа да материалды буындармен және тағы басқа.
Өндіріс құралы ретінде, жер қоғам байлығының ең бастысы болып табылады. Оны иемдену халықтың түрлі топтарының мүліктік және әлеуметтік жағдайы анықтайды. Жерді иемдену, өкімдеу және қолдану (жалға беру, сату-сатып алу, бөлу, қолдануды ұйымдастыру, қорғау және т.б.) жалпы жер қатынастарының жүйесін қалыптастыруы бойынша адамдар арасындағы көп түрлі әлеуметтік-экономикалық қатынастар әрекет етеді.
Жер кодексі жер қатынастарының объектілерін келесідей атайды:

  1. жерді табиғи объект және табиғи ресурс ретінде;

  2. жер телімдері;

  3. жер телімдерінің бөліктері.

Жер телімі жер қатынастарының объекті ретінде бекітілген тәртіпте шекаралары бейнеленген және куәландырылған жердің жоғары қабатының бөлігі ретінде (соның ішінде жоғары қабатты топырақ) түсіндіріледі.
Жер телімі бөлінетін және бөлінбейтін бола алады. Жер телімі бөліктерге бөлінсе, олардың әрқайсысы жеке жер телімін қалыптастырады, ол рұқсатты түрде қолданылып, басқа санаттардағы жер құрамына ауыстырусыз жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан жері қолдану мақсатты бойынша келесі санаттарға бөлінеді:

  1. ауылшаруашылық бағыттағы жерлер;

  2. тұрғындардың жерлері;

  3. өндіріс, энергетика, көлік, байланыс, радиохабарлау, теледидар, ақпарат жерлері, космостық қызметті қамтамасыз ету үшін ақпараттар, қауіпсіздік және басқа да арнайы бағыттағы жерлер;

  4. ерекше қорғалатын территориялармен объектілердің жерлері;

  5. орман қорларының жерлері;

  6. су қорларының жерлері.

Бұл жерлер белгілі мақсатта бекітілуіне сәйкес қолданылады. Жерлердің құқықты режимі олардың қандай да болса санаттарға жатуына және территориялық шекаралануына сәйкес қолдануға рұқсат етіліп, оларды пайдаланудың жалпы қағидалары мен тәртібі арнайы заңмен бекітіледі.
Жер қатынастарының басты буыны - жерге меншік болып табылады. Меншік құқығының субъектілері муниципалды сипат алады.
Жер қатынастарының басқа маңызды аспектісі - жер ресурстарын басқарудың нысандары, әғни жалпы қоғам мүддесіне жер ресурстарын қолдануды ұйымдастырумен байланысты әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық және әкімшілік шаралар жүйесі.
Жер қатынастарының екі маңызды буыны болады: жер меншігі мен жер ресурстарын басқару нысандары. Жердің меншіктері мен оны қолданатындар арасындағы экономикалық өзара байланыстар ренттік қатынастарды сипаттайды. Рента - бұл кәсіпкерлік нысанында жерді иемденушімен ссудаға капиталды ұсынатын пайыз түрінде алынатын табыс болып табылады. Жер рентасы - жер меншігін жалға өткізіп, одан алынатын тұрақты табыс.
Сонымен, жер - бұл меншік құқығы мен қолдану құқығының жеке тұлғалар мен қоғамға қатысты объект, ол сатыла алады, оған салық салынады және қоғамдық өндіріс үшін негіз болады. Нарықтық экономикада табыстар өндірістің төрт факторларынан шыға алады: еңбек, капитал, басқару, оған қоса кәсіпкерлік қызмет және жер. Алынған табыс пен оларды өтеу мынадай кестеде көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет