Түр түзілу үдерістерін зерттеген ғалымдардың еңбектерін меңгереді
анықтама
Түр - деп құрылысы ұқсас , шығу тегі бір, өзара еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін және ұзақ уақыт бір аймақта мекендеп , сол орта жағдайларына бейімделген даралар жиынтығын айтады.
Түртүзілу
Түр түзілу, жаңа түрдің пайда болуы – өте күрделі әрі ұзақ уақыт аралығын қамтитын эволюциялық процесс.
Жаңа түрдің пайда болуын алғаш рет Чарлз Дарвин табиғи сұрыптау тұжырымдамасында ерекше атап көрсетті (1859).
Жаңа түрлердің пайда болуы бір популяцияның ішіндегі кез келген даралардың немесе топтардың генетикалық оқшауланудан басталады. Түр түзілу микроэволюция терминімен алмастырылады. Микроэволюция- популяция генофонының өзгеруімен және жаңа түрлер түзілуімен аяқталатын эволюциялық үдерістің жиынтығы.
Түр түзілу дегеніміз – бұрыннан бар түрден жаңа түрдің пайда болуы. Бұл үдеріс ағзаның орасан зор алуантүрліліктің (биоәртүрлілік), соңғы 3800 миллион жыл ішінде миллиондаған түрдің пайда болуына мүмкіндік берді. Жаңа түрдің пайда болуы популяцияның генетикалық оқшаулануынан басталады.
«Түр түзілу» терминін «микроэволюция» терминімен жиі алмастырады. Кең мағынадағы микроэволюция дегеніміз – түр популяциясында эволюциялық үдерістердің жинақталуы және олардың генофондының өзгеруіне, жаңа түрдің пайда болуына ықпал етуі.
Белгілі бір түр популяциясы ағзалардың бір-бірімен будандасуына жол бермейтін тосқауылдың пайда болуы нәтижесінде басқа популяцияны тудыруы мүмкін. Оқшауланғаннан кейін генетикалық айырмашылық көбірек жиналып, уақыт өте келе түрлер өзгере бастайды.
Тосқауылдың түріне байланысты түр түзілу екі түрге бөлінеді: аллопатриялық және симпатриялық. Түр түзілу үдерісін ғалымдар - С.С Четвериков және И.И Шмальгаузен зерттеген. Зерттеушілердің айтуы бойынша, жаңа түрлердің түзілу үдерісі ұзақ уақытқа созылады және көзге анық көрінбейді.
Егер рецессивті гендер жинақталудың нәтижесінде жаңа түр түзілетін болса, онда олар жеткілікті мөлшерде жинақталмайды. Түрдің түзілуі сырттай білінбейді.
Ч. Дарвин түр түзілудің жолдарын өз теориясында анықтады. Теориясы бойынша, барлық түрлердің шығу тегі бір. Ол эволюцияның мұндай түрін монофильдік деп атады.
Адам мен шимпанзенің хромосомалары
Түр түзілу
Жаңа түр түзіледі...
Аллопатриялық
Популяцияның географиялық тұрғыда оқшаулануы.
Перипатриялық
Жаңа қоршаған ортада кіші популяцияның оқшаулануы.
Парапатриялық
Перипатриялық сияқты, бірақ екі популяцияның арасында физикалық бөліну жоқ. Экологиялық аймақ шекарасында
Симпатриялық
Тіршілік ету ортасында оқшауланусыз.
Түр түзілу – пайда болған жаңа түр бастапқы түрден байланысын үзіп, олармен шағылысуы мүмкін болмайтын, өз алдына дербес даралар жиынтығы.