Экологиялық немесе симпатриялық түр түзілу- таралу аймағы бөлінбей, сол аумақ шегінде жаңа түрлердің пайда болу үдерісі. Латын тілінен аударғанда симпатрия «біртұтас отан» дегенді білдіреді. Түр түзілудің бұл әдісі бір аумақтағы әртүрлі экологиялық жағдайларға бейімделуге негізделген. Бөліну көбінесе көбеюдің әртүрлі мерзіміне байланысты болады. Мысалы: өсімдіктердің пісіп-жетілуі, әртүрлі болуы сылдырмақ өсімдігіне тән қасиет. Репродуктивті немесе биологиялық оқшаулану-будандасуға қабілетті емес. Бастапқыда бір түрге жататын даралар өзара будандасу қабілетін жоғалтқаннан кейін олардың әрқайсысы өз бетінше жеке түр болып саналады.
Сарғалдақ туысының түр түзілуі, әр түрлі тіршілік ортасын игеруіне байланысты
Түр түзілістің экологиялық немесе симпатриялық түрі.
Симпатриялық түр түзіліс экологиялық факторға тәуелді, тіршілік ортасының жаңа жағдайына бейімделуге тырысу мақсатында және оларға толық бейімделу нәтижесінде популяция генофонды өзгеріске ұшырайды.
Симпатриялық түртүзіліс кезеңдері – тіршілік ету ортасы өзгереді, сонымен қатар популяция ішіндегі ығысу өтеді (себебі әр популяция өзіне тиімді жағдай табуға ұмтылады);
– табиғи сұрыпталу траекториясы өзгереді (ол аз бейімделген түрлерге әсер етеді);
– жаңа жағдайға бейімделуге көмектесетін тұқымқуалаушылық өзгерістер жинақталып, бекиді (ағзаға «тиімді» белгілердің генетикалық тасымалдануы қамтамасыз етіледі);
– пайда болған өзгерістер жаңа экологиялық қуыста (ниша) бекиді;
– бұрын ұқсас болған түрлер арасында репродуктивтік оқшаулану пайда болады;
– жаңа түр түзіледі.
Экологиялық түр түзілудің себептері: Қорек арқылы
басқа түрге өту
Мінез – құлқындағы
өзгешелік
Әртүрлі уақытта
өніп - өсу
Хромосома санының
көбеюі
Будандастыру
Хромосома құрылымының
өзгеруі
Симпатриялық (экологиялық) түр түзілу
Экологиялық оқшаулану бір түрдің түрлі формаларының немесе бірнеше жақын түрлердің, мысалы орман(сол) және шалғын(оң) жағының тіршілік ету ортасының сәйкес келмеуінен байқалады.