Парапатриялық түр түзілу Кеніштің әсерінен топырақтардың металдармен ластануына жауабы ретінде кәдімгі хош иісті масақтың (Anthoxanthum odoratum) парапатриялық түр өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Перипатриалық түр түзілу
Калифорния салмандрасы парапатриялық түр түзілудің керемет мысалы болып табылады. Саламандрада кездесетін түстердің түрлілігі түршелердегі бөлшектенген түстерге байланысты.
Ensatina саламандарсының түрлі түршелері және оның салыстырмалы тіршілік ету орны.
Биологиялық оқшаулану деп- репродуктивті оқшалануды айтамыз. Мысалы, шағылысу кезіндегі қарастырсақ:
Маусымдық оқшаулану-уақытша оқшаулану (минога,жыланбалық ,албырттардың уылдырық салу мерзімі әртүрлі... )
Экологиялық оқшаулану немесе биотоптық . Мысалы, қызыл шымшық әртүрлі облыстарды әртүрлі жерде таралғандықтан,дарақтардың арасында шағылысу өте төмен болады.
Этологиялық оқшаулану – мінез құлықтың шағылысуға кедергі жасауы, яғни өзінің жұбын табу жыныстық мінез құлыққа байланысты.
Этологиялық оқшаулану – мінез құлықтың шағылысуға кедергі жасауы, яғни өзінің жұбын табу жыныстық мінез құлыққа байланысты.
Морфофизиологиялық оқшаулану – организмнің құрылымына байланысты кездесетін жануарлардың формалары
Генетикалық оқшаулану – бұл оқшауланудың нәтижесінде ұрықтан кейін зиготалар жойылады,ұрықсыз гибридтер дамиды және олардың тіршілік ету қабілеттілігі төмен болады
Эволюциялық биологияда репродуктивті оқшаулану— бұл популяция арасында гендік алмасуды болдырмайтын механизмдер. Популяциялардың генофондтарының бөлінуі кейбір жағдайда жаңа түрлердің пайда болуына әкеледі. Репродуктивті оқшаулануұрықтануды болдырмайтын немесе тіршілікке қабілетсіз не ұрықсыз гибридтердің түзілуімен іске асуы мүмкін. Мысалы қашыр немесе лошак (қашыр – жылқы мен есектің гибриді, лошак –есек пен биенің гибриді).