Тірек сөздер: Наурыз мейрамы, көктем, жыл басы, күн мен түн теңеледі, наурыз көже, жеті
түрлі тағам, той, дастарқан жаю, қонаққа бару, ұлттық киім, ойындар, алтыбақан.
Білім алушының ықтимал жауабы:
Наурыз –жыл басы, жаңа жыл мерекесі.
Наурыз – көктем мерекесі.
Бұл күні күн мен түн теңеледі. Наурыз
көже пісіреді. Оған жеті түрлі тағам қосады.
Үлкен той болады. Адамдар ұлттық киімдер
киеді. Түрлі ойындар ойнайды.
Бір күні хан балаларына әлемдегі ең ғажайып затты тауып әкелуді тапсырады.
Ханның үлкен ұлы бір кесек алтын, екіншісі қымбат тастарды алып келеді. Ал ең кіші
ұлы бір құмыра су әкеледі. Ағалары оған күледі. Сонда ол:
-
Мен бір жұтым су үшін барлық алтынын, бағалы тастарын берген адамды
көрдім. Жаңбырдан кейін құлпыра өскен гүлдер мен ағаштарды көрдім. Мен судың
әлемдегі ең ғажайып зат екенін осыдан түсіндім, - дейді.
Білім алушының ықтимал жауабы:
Ханның үлкен баласы не алып келді?/
Ханның екінші ұлы қандай зат
әкелді?/Ағалары неге күлді?/ Ол судың
ғажайып зат екенін қалай білді?/Хан кіші
ұлына неліктен риза болды?/...