«Бағдарламалау тілдері» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша


Хабарлама шығару функциялары. Стандартты сұқбаттар. Модальды пішімдерді және стандартты сұқбаттарды қолданып бағдарламалар құру



бет29/44
Дата03.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#183587
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
Байланысты:
«Бағдарламалау тілдері» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жинағы

3.3 Хабарлама шығару функциялары. Стандартты сұқбаттар. Модальды пішімдерді және стандартты сұқбаттарды қолданып бағдарламалар құру

Windows ОЖ стандартты диалогтық терезелерінде жұмыс жасау, мысалы файлды таңдау, сақтау, түсін өзгерту және т.б.. C++ Builder ортасында диалогты терезелермен жұмыс жасау үшін TOpenDialog, TSaveDialog компоненттері қолданылады.


Компоненттердің қасиеттерімен әдістері:
Filter – диалогпен көрсетілетін файл типі;
FilerIndex – үнсіздік бойынша қолданылатын фильтр нөмірі;
DefaultExt стандартты кеңейтілім, қолданушы көрсетпеген жағдайда;
Files – қолданушы таңдаған файл аты;
Title – текст, диалог тақырыпшасында көрінетін;
Execute() – диалогты шақыру.
Опциялары:
ofReadOnly — диалогты терезе пайда болғанда "Read only" жалаушасы белгіленген болады;
ofHideReadOnly — диалогты терезе пайда болғанда "Read only" жалаушасын көрсетпейді;
ofNoReadOnlyRetum — ОК батырмасын басқанда ―тек оқуға арналған‖ файлды таңдауға тиым салып, басқа файл таңдау қажеттін хабарлайды.
ofPathMustExist — файл тек бар каталогтардың бірінде болатының көрсетеді. Қолданушы файлды жоқ каталогтан іздеген жағдайда қате екенін хабарлайды;
ofFileMustExist — тек бар файлдардың бірін таңдауға болатынын көрсетеді;
ofOverwritePrompt — егер қолданушы жазба үшін бар файлды таңдаса, оны бекітуді сұрайды;
ofShowHelp — диалогқа Help батырмасын қосады;
ofNo Validate — файл атын енгізгенде рұқсат етілмеген символдардын болмауын тексереді;
ofAllowMultiSelect — бірнеше файлды бір мезгілде таңдауға мүмкіндік береді;
ofShareAware — таңдалынған файлды басқалардың қолдануына тексеруді сөндіреді. Бұл опция болмаған жағдайда файл басқа қосымшамен ашылған болса, басқалары бұл файлды қолдана алмайды.
Файлды ашу мысалы:
OpenDialog1->Execute();
if (OpenDialog1->FileName!="")
{
Memo1->Lines->LoadFromFile(OpenDialog1->FileName);
Form1->Caption=OpenDialog1.Filename+” - My Text Editor”;
}
Бұл жерде файлды ашудан басқа, таңдалынған файл аты форма тақырыбында "My Text Editor" мәтінімен жазылады.
TColorDialog компоненті – қолданушы түсті анықтауға арналған.
Color –түстер;
Опциялары:
cdFullOpen — диалогты толық көрсету. Қолданушы түсті таңдағанда түстердің жүйелік палитрасынан ғана емес, өзі де түс бере алады;
cdPreventFullOpen — диалогты толық көрсетуге рұқсат бермейді;
cdShowHelp — Help батырмасын көрсетеді.
TPrintDlalog компоненті – тексті принтерге шығару параметрлерін орнатуға арналған.
TSavePictureDialog, TSavePictureDialog компоненттері –файл-бейне атын таңдауға арналған, келешекте жазу немесе оқу үшін қолдануға болатын.
TFindDialog компоненті – бұл диалог арқылы мәтіндегі қажетті фрагментті іздеуді және оған дайындықты жүзеге асырады, программист жазған кодтар арқылы.
Опциялары:
frDown — бұл опцияны қолданған жағдайда іздеудің алғашқы бағыты – төменге (басынан аяғына дейін). Сәйкесінше радиокнопка орнатылады;
frDisableUpDown — бағытты таңдауға тиым салады. Радиокнопкалар тобы сұр түспен көрсетіледі;
frHideUpDown — бағытты таңдауға тиым салады және радиокнопкалар тобын көрсетпейді.
Жалаушалар күйіне келесі опциялар жауапты:
frHideMatchCase — регистр жалаушасын көрсетпейді;
frDisableMatchCase — регистр жалаушасын көрсетеді, бірақ ол белсенді болмайды.
Егер осы опциялар орнатылмаса, жалауша диалогта белсенді болады, және оның мәнін қолданушы өзгерте алады. Оның мәні Options-тағы frMatchCasc опциясына сәйкес болады.
Қасиеті, әдістері және оқиғалары:
FindText ізделінетін мәтін;
CloseDialog – диалогты жабады.
TrayIcon – жүйелік треймен жұмыс жасауға арналған.
Қасиеті:
PopupMenu – трейді контекстті мәзірмен байланыстырады, контекстті мәзір жеке компонентпен қосылған болуы керек;
PopupMenuOn – контекстті мәзірді ашу;
RestoreOn – басты терезені жаю.
СSpinButton компоненті – жұп батырмалар қарама-қарсы бағытшамен, басқан кезде белгілі бір өлшемде арттыруға немесе кемітуге арналған. Жоғарғы немесе төменгі батырманы басқанда сәйкесінше OnDownClick, OnUpClick оқиғалары пайда болады.
СDirectoryOutline – бұл компонент файлдың иерархиялық бұтағын және ағымдағы диск каталогтарын көрсетуге арналған.
Қасиеті:
Drive – ағымдағы диск мәні, яғни бұтақта көрсететін файлдық жүйе құрамы;
Directory – ағымдағы каталог;
Ауыстыру буферімен жұмыс жасайтын функциялар:
CopyToClipBoard() – буферге көшіру;
PasteFromClipBoard() – буферге қою;
CutToClipBoard() буферге қию;


Графиктік файлдардың форматтары. C++ Builder ортасында графиктік файлдардың 3 түрлі типімен жұмыс жасауға болады.



Бұл файлдардың барлығында суреттер немесе кескіндер сақталады, бірақ бұлардың файлдағы сақталу тәсілдері әртүрлі болады. Мысалы, .btm; .ico - кескіндер файлға биттік матрица түрінде сақталады.Бұл биттік матрицалар кескіндегі әрбір пиксельдің (нүктенің) түсін көрсетеді. Бұл биттік матрицада сақталған кескінді кез келген компьютер өзінің мүмкіндігіне қарай көрсете алады. Келесі .іco кеңеймесімен берілген файлда пиктограммалар (значоктар) сақталады. Пиктограммалардың өлшемін өзгерту қажет емес. Метафайлдарда кескіннің биттері сақталмайды, керісінше сол кескінді салу әдістері сақталады. Яғни олар сурет салу командалары.


Графиктік файлдарды сақтауға арналған C++ Builder-дің класстары. C++ Builder ортасында графиктік кескінді сақтауға арналған келесі кластар қолданылады:
TBitMap Бұл кластардың барлығы үшін түпкі класс
TIcon TGraphic. Мұндағы TРicture класы – өзінде
TMetafile қалған 3 кластың қасиеттерін қамти алады.
TPicture
Сондықтан, төмендегідей і
TPicture.TІcon; TРicture.TМetafile;
ТРicture.TBitMap
қасиеттерін шақыру мүмкін болады.
Кескінді немесе суретті қарау және суретті салу.
1.Image компоненті. Бұл Additational жапсырмасында орналасқан. Мұнда жоғарыда айтылған графиктік файлдар сақталған кескінді көруге болады.

Негізгі қасиеттері:






Іmage компонентінің терезесіне кескінді жүктеу үшін немесе сақтау үшін сәйкесінше OpenPictureDialog және SavePictureDialog стандарт диалогтық терезе қолданылады.


4. Канва (Холст, кенеп, Canvаs. C++ Builder ортасында графикамен жұмыс істеу үшін кескінді орналастыратын орын немесе бет керек. C++ Builder – де ол үшін Canvаs қасиеті анықталған. Мұндай қасиет Image, Form, PaintBox, ListBox, StringGrid, BitMap, т.б. бар. Канваның өзінің қасиеттері және әдістері бар. Канва нүктелерден тұрады, бұл нүктелердің (х,у) координаталары болады. Канваның (0,0) нүктесі оның сол жақ төбесінде орналасады.
Бұл (х,у) координаталары пиксельмен есептеледі. Пиксельдің ең негізгі қасиеті - оның түсі. Канвада сурет салу үшін оның Pixels қасиеті қолданылады. Бұл екі өлшемді массив түрінде анықталады және ол пикселдің түсін береді, яғни типі Pixels[X] [Y] : clColor.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет