Бағдарламаның өзекті мәселесі: Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Бағдарлама бойынша оқушылар нені меңгеру керек
Түсінік хат Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.
Бағдарламаның мақсаты: 1.Волейбол сабағынан алған білімдерін тереңдету.
2.Оқушылардың волейбол спортымен жүйелі түрде шұғылдануын дұрыс жолға қоя отырып, келешекте Қазақстан Республикасының намысын әр деңгейлі жарыстарда қорғауға даяр жоғары дәрежелі спортшылар даярлау.
3. Оқушылардың денсаулығын нығайту, өмірлік қозғалыс біліктігі мен дағдыларын қалыптастырумен қатар эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне сәикес тұлғаны тәрбиелеу.
Бағдарламаның өзекті мәселесі: Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.
Бағдарлама бойынша оқушылар нені меңгеру керек: 1.Волейбол ойынының әдіс-тәсілдерін орындау арқылы өздерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыруды ұғыну.
2. Келешекте осы спорт түрімен жүйелі түрде айналысуына бағыт-бағдар алады.
3.Ойынның жекелеген әдіс-тәсілдерін кәсіби түрде меңгереді.