Алдындағы амалдардың жалпы қорытындысы - операциялық жүйені деңгейлер иерархиясы ретінде ұйымдастыру. Деңгейлер операциялық жүйенің функцияларының топтары – файлдық жүйе, үрдістерді және құрылғыларды басқару және де осы сияқтылар арқылы құрылады. Әрбір деңгей өзінің тікелей көршісімен – жоғарырақ немесе төмендеу орналасқан деңгеймен әрекет қыла алады. Операциялық жүйенің қолданбалы программалары немесе модульдері осы деңгейлер бойынша сұраныстарды жоғары және төмен жіберіп отырады.