Үлгілерді салыстыру
Өз-өзін бақылау сұрақтары
Мультипрограммалық режимнің мультиесепті режимнен айырмашылығы?
Операциялық жүйенің түсінектемесі
Үрдістерді басқару түрлері
Есептеу жүйесінің жұмыс режимдері
Универсалды операциялық жүйелер
Операциялық жүйенің моделінің түсінектемесі.
Ұсынылатын әдебиеттер
Э. Таненбаум. Современные операционные системы. СПб, Питер, 2002, 1040 стр.
Н.А. Олифер, В.Г. Олифер Сетевые операционные системы. СПб, Питер, 2001, 544 стр.
2 тақырып: Үрдістер және ағындар (жіптер)
Мақсаты: Осы лекцияда үрдістер, ағындар, үрдіс үлгісі, үрдісті құру, үрдістер иерархиясы ұғымдарын түсіну.
Қарастырылатын сұрақтары: Үрдістер. Үрдіс үлгісі. Үрдісті құру. Үрдістің аяқталуы. Үрдістер иерархиясы. Үрдістердің қалып-күйі. Ағындар (жіптер, жеңілдетілген үрдіс). Ағын түсінігі. Ағын үлгісі. Ағындарды қолдану артықшылықтары. Пайдаланушы, ядро және араласқан кеңістіктерінде ағындарды орындау. Windows орындауларының ерекшеліктері. Үрдістер арасындағы әрекеттестік. Үрдістерді жоспарлау.
Үрдіс (тапсырма) – орындалу режиміндегі программа.
Әрбір үрдіспен оның адрестік кеңістігі байланыстырылады, ол одан оқи алады және оған өз мәліметтерін жаза алады.
Адрестік кеңістік:
программаның өзінен
программаның мәліметтерінен
программа стегінен тұрады.
Әрбір үрдіспен регистрлердің жиынтығы байланыстырылады, мысалы:
командалар санауышы (процессорда) – орындалуға кезекте тұрған келесі команданың адресі сақталатын регистр. Команда жадтан таңдалған соң, командалардың санауышы дәлдеп түзеледі де, көрсеткіш келесі командаға көшеді.
стек көрсеткіші
және т.б.
Көптеген операциялық жүйелерде әрбір үрдіс туралы, оның өзіне меншікті адрестік кеңістіктің қосымша ақпараты операциялық жүйенің үрдістер кестесінде сақталады.
Үрдіс үлгісі
Көп мақсатты жүйеде нақты процессор үрдістен үрдіске ауыстырылып қосылады, бірақ үлгіні оңайлату үшін паралельді жүретін (жалған паралельді) үрдістер жиынтығы қарастырылады.
Төрт жұмыс істеуші бағдарламалармен схеманы қарастырайық.
Уақыттардың әрбір кезеңінде тек қана бір үрдіс белсенді
Оң жақта паралельді жұмыс істеуші үрдістер, оның әрқайсысы өз командаларының санауышымен көрсетілген. Әрине, ағымдағы үрдістің командаларының логикалық санауышы жүктелетін, командалардың тек қана бір физикалық санауышы шынында бар. Ағымдағы үрдіске бөлінген уақыт біткен кезде, командалардың физикалық санауышы жадта, үрдіс командаларының логикалық санауышында сақталады.
Үрдісті құру
Үрдістерді құрылуына алып келетін үш негізгі оқиғалар (fork шақыруы немесе CreateProcess):
Жүйені жүктеу
Үрдісті құруға, жұмысшы үрдіс жүйелік шақыру жібереді
Үрдіс құруға арналған пайдаланушы сұранысы
Барлық жағдайларда, ағымдағы белсенді үрдіс жаңа үрдіс құруына жүйелік шақыру жібереді.
UNIX –те әрбір үрдіске үрдіс идентификаторы меншіктеледі ( PID - Process IDentifier).
Үрдістің аяқталуы
Үрдістің тоқтатылуын тудыратын төрт оқиға (exit шақыруы немесе ExitProcess) бар:
Жоспарлы аяқтау (орындалудың аяқталуы)
Белгілі қатемен жоспарлы шығу (мысалы, файлдың жоқ болуы)
Түзетілмейтін қатемен шығу (программада қате)
Басқа үрдіспен жойылуы
Сонымен, тоқтатылған үрдіс, әдетте оны жадтың бейнесі (core image) деп атайтын, өзіндік адрестік кеңістіктен және үрдіс кестесінің компоненттерінен (компоненттердің ішінде оның регистрлері) тұрады.
Үрдістер иерархиясы
UNIX жүйелерінде үрдістердің қатаң иерархиясы жасалған. fork жүйелік шақырумен жасалған әрбір жаңа үрдіс, алдындағы үрдіске еншілес болып келеді. Еншілес үрдіске аталық үрдістен айнымалылар, регистрлер және т.б. беріледі. fork шақырылып, аталық мәліметтердің көшірмесі жасалғаннан кейінгі үрдістердің біреуінде пайда болған өзгертулер басқасына әсер етпейді. Бірақ үрдістер қайсысы аталық екенін есте сақтайды.
Мұндай жағдайда UNIX –те барлық үрдістердің аталарының атасы бар – init үрдісі.
UNIX жүйесіне арналған үрдістер иерархиясы
Windows -та үрдістер иерархиясы түсінігі жоқ. Бірақ аталық үрдіске, еншілес үрдісті бақылауға мүмкіндік беретін, арнайы таңбалағыш (маркер) беруге болады.
Үрдістердің қалып-күйі
Үрдістің үш қалып-күйі бар:
Орындалу (орынға процессор ие болады)
Даярлық (басқа үрдіске орындалуға рұқсат ету үшін үрдіс уақытша тоқтатылған)
Күту (үрдіс өзінің ішкі себептеріне байланысты іске қосыла алмауы мүмкін, мысалы, енгізу/шығару операцияларын күте отырып)
Достарыңызбен бөлісу: |