Бағдарламасы (10 11 сынып, 34 сағат саны) Құрастырған Биология пәнінің мұғалімі К. О. Жаныспаева



бет15/18
Дата10.10.2022
өлшемі74,95 Kb.
#152505
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Заманауи жалпы биология 2019 жыл

Рекомбинация – мейоз процесі кезінде гендердің жаңа комбинацияларының пайда болуы.
Репарация – физикалық және химиялық мутагендердің әсерінен өзгерген ДНК құрылымының өздігінен қайта қалпына келуі.
Репрессия – транскрипциясына тосқауыл жасау арқылы геннің активтілігін жою.
Рецессивтілік – доминанттылыққа қарама-қарсы ген аллельдерінің біреуінің басыңқы болуы.
РНК – рибонуклеотидтерден тұратын поллимер.
Рибоза – РНК нуклеотидтерінің құрамына енетін моносахарид немесе пентоза қанты.
Рибосома – белок биосинтезі жүретін цитоплазмалық органоид.
Сайт – кроссинговер және мутагенез кезінде біртұтас қызмет атқаратын ДНК молекуласының бір бөлігі.
Селекциялық материал – селекциялық жұмыс барысында сұрыптап алынатын формалар.
Сибстер – адам генетикасында ағалы-қарындасты деген мағынада қолданылады.
Синапсис – мейоздың 1 профазасындағы гомологты хромосомалардың конъюгациялануы.
Синдром - өзара байланысты бірнеше патологиялық белгілердің жиынтығы. Бұл жағдай көбінесе гендердің плейотропиялық әрекетіне сай қалыптасады.
Сомалық – клеткалар – көп клеткалы организмдер ұлпасының клеткалары.
Сорт – морфологиялық, физиологиялық және шаруашылық қасиеттері жағынан ұқсас, шығу тегі бір белгілі бір аймақта өсірілетін екпелі өсімдіктердің тобы.
Спермий - өсімдіктердің аталық жыныс клеткасы.
Сперматозоид – жануардың аталық жыныс клеткасы.
Стерильділік – особьтың (дарақтың) белгілі бір орта жағдайларында тіршілікке қабілетті гаметалар түзе алмауы. Стерильділік хзромосомалар санының, құрылысының өзгеруіне, сол сияқты гендік мутацияларға байланысты қалыптасады.
Теломерлербір пуриннің екінші біреуімен, сол сияқты пиримидиннің де бір-бірімен орын алмасуының негізінде пайда болатын мутация.
Трансверсия – пуриннің пиримидин мен немесе керісінше орын алмастыруына байланысты болатын мутация.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет