Нуллисомик – диплоидты жиынтығында бір жұп хромосомасы жетіспейтін организм.
Онтогенез – жұмыртқа клеткасының ұрықтануынан бастап, қартайып өлгенге дейінгі организмнің жеке жамуы.
Оперон – ДНК молекуласының бір ізді болып бір-бірімен тығыз орналасқан құрылымдық, оператор және реттеуші гендер тобы. Олар қандай болмасын бір заттың синтезделуінің тиісті этаптарын қамтамасыз етеді.
Органоидтар – морфологиялық және функционалдық жағынан жекеленіп жіктелген цитоплазманың құрылымдық элементтері. Оларға рибосомалар, лизосомалар, митохондриялар, эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы, пластидтер жатады.
Орақ тәрізді клеткалы анемия – қалыпты гемоглобин генінің мутацияға ұшырауына байланысты қалыптасады. Мұндай гемоглобині бар эритроциттер орақ тәрізді немесе жарты ай тәрізді пішінге ие болады.
Панмиксия – популяция құрайтын даралардың еркін түрде будандасуы.
Пенетранттылық – белгілі бір геннің фенотиптік көрінісі байқалатын популяция құрамындағы дарақтардың сан мөлшері.
Плазмидтер – клеткадағы хромосомадан жеке репликацияланатын нуклеин қышқылының шиыршықталған немесе түзу сызық тәрізді молекуласы.
Пластидтер - өсімдік клеткаларында болатын цитоплазмалық органоид.
Плейцотропия – бір геннің қатарынан бірнеше белгіге тигізетін әсері.
Полимерия – аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Мұнда аллельді емес бірнеше ген әрекеттесе отырып бір белгіні өте айқын түрде жарыққа шығарады. Мұндай белгіні полигенді белгі деп атайды. Полигенді белгілерге варияциялық қатарлар түзе алатын сандық белгілер жатады. Адам бойының биіктігі, дене салмағы, терінің түсі полигенді белгілер болып табылады. Олардың фенотиптік көрінісі сыртқы орта жағдайларына да байланысты болады.
Полиморфизм – популяциядағы генетикалық тұрғыдан әртүрлі болып келетін екі немесе бірнеше форманың үйлесімді арақатынасы.
Полиплоидия – хромосома санының оның гаплоидты жиынтығына еселеніп артуы. Бұл геномдық мутацияға жатады.