ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ
ГЕОГРАФИЯ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
10-11 сыныптар
жаратылыстану-математикалық бағыт
Аcтана 2010
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ
ГЕОГРАФИЯ
жалпы білім беретін мектептің
жаратылыстану-математикалық бағыттағы
10-11 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Бағдарлама авторлары: Бейсенова Ә.С, Әбілмәжінова С.Ә,
Каймулдинова К. Д.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «География» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 39 б.
© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім беру академиясы, 2010
І. ТҮСІНІК ХАТ
Жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектептің 10-11сыныптарына арналған география пәнінің бағдарламасы географиялық білімнің сабақтастығын үзбеу және кәсіптік бағдар алу қажеттілігіне сәйкес, оқушыларды неғұрлым күрделі географиялық біліммен қаруландыру мақсатын көздейді. Бағдарлама мынадай міндеттерді шешуге арналған:
оқушылардың жалпы географиялық заңдылықтар туралы өткен сыныптардағы ұғымдары мен түсініктерін жинақтап, қорытындылау негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы жайлы білімді қалыптастыру;
дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдерін және геосаясат мәселелерін, бүгінгі қоғам дамуының бағыт-бағдарын, Қазақстан Республикасы мен жеке елдердің қазіргі геосаяси жағдайын талдау арқылы саяси географиялық білімнің негізін қалау
Жер шарындағы, сондай - ақ жеке аймақтар мен елдердегі табиғат ресурстарының таралуы мен пайдаланылу мүмкіншіліктерін қарастыру арқылы географиялық - экологиялық мәдениетті меңгеруге үйрету;
оқушылардың дүние жүзі халқы, оның құрамы мен құрылымы, қоныстану ерекшеліктері жайлы білімін қалыптастырып, оны Қазақстан халқы туралы деректермен бекіту;
оқушыларды дүниежүзілік шаруашылық жүйесі және оның құрылымымен, ұлттық шаруашылықтардың ерекшеліктерімен таныстыру;
оқушылардың даму деңгейі әртүрлі елдердің ерекшеліктері, халықаралық қарым-қатынастар және экономикалық ынтымақтастық жайлы географиялық білімдерін дамыту;
адамзаттың қазіргі заманғы ғаламдық проблемалары және оларды шешу жолдарын қарастыру негізінде оқушыларды қоғам мен табиғат арасындағы күрделі қарым - қатынастарды түсінуге дайындау;
оқушыларды әр түрлі қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істеуге, өз бетімен қорытындылар жасауға үйрету;
оқушыларды статистикалық, картографиялық деректерді, Интернет жүйесі ақпаратын өз бетімен өңдеуге үйрету;
оқушыларды бағдарлы мектеп мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жан - жақты, терең географиялық білім алу мақсатына жұмылдыру.
Жаратылыстану - математикалық бағдарлы мектептің 10-11 сыныптарындағы географияның мазмұнын айқындауда және оқу материалын іріктеуде мынадай тәсілдер мен ұстанымдар басшылыққа алынды:
негізгі мектептегі география курсының мазмұнымен сабақтастықтың сақталуы және 10-11 сыныптардағы географиялық білімнің үздіксіз сипат алуы;
елтану бағыты арқылы географияның біртұтастығы ұстанымының жүзеге асырылуы және географияның жеке салаларының интеграциялануы;
оқу мазмұнында бірізділіктің сақталынуы, әлемдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси құбылыстарды түсіндіруде кеңістіктік ұстанымдардың енгізілуі;
қазіргі заман географиясының күрделі мәселелерінің Қазақстан Республикасы мысалында түсіндірілуі;
географияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушыларды ақпараттандырылған қоғамда өмір сүруге бағдарлау.
Оқу бағдарламасында 10-11 сыныптарда оқытылатын оқу материалы “жалпыдан жекеге” ұстанымына сәйкес, алғашында географияның жалпы мәселелері қарастырылып, соңынан осы заңдылықтардың аймақтық көріністері сипатталатын болады. Осы ұстаным негізінде пән атауы білім мазмұнына сәйкестендіріліп, 10-сыныпта “География. Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері”, ал 11-сыныпта “География. Дүние жүзіне аймақтық шолу”деп аталатын курстар ұсынылады.
10-сыныпта оқытылатын “География. Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері” курсында негізгі мектептегі табиғат пен қоғам заңдылықтары жайлы географиялық білім күрделі теориялық деңгейде қорытындыланады және ТМД елдеріне шолу беріледі. Курс мазмұнын айқындаудағы негізгі тәсіл – пән ішілік және пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру. 10-сыныптағы курс мазмұны “Жалпы географиялық заңдылықтар”, “Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы” және “ТМД елдері” білім жүйелері жиынтығынан тұрады. “Жалпы географиялық заңдылықтар” бөлімі оқушылардың физикалық географиядан алған білімдерін қорытындылайды әрі географиялық қабықтың құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланыстар жайлы біртұтас ғылыми ұғымды қалыптастырады. Бұл өз тарапынан оқушылардың дүниежүзілік шаруашылықты оқып-үйренуі кезінде табиғат пен адамзат қоғамы арасындағы өзара қарым-қатынас пен байланыстың сипатын ашуы мен оны терең түсінуіне алғы шарт болып табылады. “Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы” бөлімінде ең алдымен саяси картаның қалыптасу кезеңдері мен елдердің қазіргі топтамасына, дүние жүзіндегі тарихи-географиялық аймақтарға сипаттама беріледі. Соңғы бөлім Қазақстан құрамына кіретін ТМД елдеріне елтану бағытында сипаттама беруге арналған. Әрбір елге сипаттама беру сол елдің Қазақстанмен сыртқы экономикалық байланысын көрсететін мысалдарымен қорытындыланады.
11-сыныпта оқытылатын “Дүние жүзіне аймақтық шолу” курсында тарихи-географиялық аймақтар мен жеке елдерге елтану бағытында сипаттама беріледі. Сипаттама Еуропаның жоғары дамыған елдерінен басталып, Аустралия мен Мұхит аралдары елдеріне жалпы шолумен аяқталады. Елдерге сипаттама беру барысында халықаралық нарықта өзіндік орны бар жетекші елдерге толық сипаттама беріліп, ол елдердің Қазақстанмен экономикалық интеграция мәселелеріне ерекше ден қойылған. Соңғы бөлім адамзаттың ғаламдық проблемаларын айқындау мен оны шешудің жолдарына тоқталады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес «География» оқу пәні бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптардың апталық сағат саны:
10-сыныпта – аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат;
11-сыныпта – аптасына 2 сағат жылына 68 сағат.
ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
10-сынып
(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)
Кіріспе (1 сағат)
Жалпы географиялық заңдылықтар (17 сағат)
Жер ғаламшар ретінде (2 сағат)
Жер туралы қысқаша мәліметтер. Жер ғаламшарының Күн жүйесіндегі орны. Жер шары полюстері және пішіні. Жер шарының қозғалыстары. Сағаттық белдеулер. Жылу белдеулері.
Жердің құрылысы. Жердің ішкі құрылысы. Тау жыныстары және минералдар.
Жердің картада бейнеленуі (2 сағат)
Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер. Географиялық карталардың маңызы. Географиялық карта және оның қасиеттері. Басқа да картографиялық кескіндемелер. Картография және оның бөлімдері. Картографияның басқа ғылым салаларымен байланысы.
Картографиялық проекциялар. Картадағы бұрмалану түрлері. Картографиялық проекциялар. Картадағы бұрмалануларды анықтаудың қарапайым тәсілдері. Топографиялық карталар. Карталар бойынша азимут анықтау. Ұсақ масштабты географиялық карталардағы жер бедері. ХХІ ғасыр карталары қандай болуы мүмкін?
Литосфера және жер қыртысы (3 сағат)
Жердің геологиялық тарихы. Тау жасалу кезеңдері. Тау жыныстарының жасы. Геологиялық жыл санау. Геохронологиялық кесте. Тау жасалу кезеңдері. Литосфера және оның даму заңдылықтары Литосфера және литосфералық тақталар. Материктік және мұхиттық жер қыртыстары.
Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары. Ішкі күштер әрекеті. Сыртқы күштер әрекеті.
Атмосфера және климат (3 сағат)
Атмосфера және оның қасиеттері. Атмосфераның құрамы және маңызы. Атмосфераның құрылысы. Атмосфераның жылынуы. Атмосфера құрамындағы ылғал.
Атмосфералық циркуляция. Атмосфералық қысым. Ауа массалары және атмосфералық фронттар. Жел және оның түрлері.
Климат және оның жіктелуі. Климаттық аудандастыру негіздері. Жер шарының климаттық белдеулері. Климаттың өзгеруі.
Гидросфера (3 сағат)
Гидросфера және оның құрамы. Су айналымы. Гидросфера және оның құрамдас бөліктері. Судың қасиеттері. Табиғаттағы су айналымы, оның маңызы.
Дүние жүзілік мұхит. Дүние жүзілік мұхит және оның бөліктері. Мұхит суының қасиеттері. Мұхит суының қозғалыстары.
Құрлық суларыі Өзендер. Көлдер. Мұздықтар. Жер асты сулары.
Биосфера (1 сағат)
Биосфера және Жердегі тіршілік. Биосфера туралы түсінік. Биосфераның құрамы мен құрылымы. Даму кезеңдері. Ноосфера ұғымы. Биосфераны қорғау проблемалары.
Географиялық қабық заңдылықтары (2 сағат)
Географиялық қабық және табиғат кешендері. Географиялық қабық туралы жалпы түсінік. Географиялық қабықтың біртұтастық заңдылығы. Зат және энергия айналымы. Географиялық қабықтағы ырғақтылық. Аумақтық табиғат кешендері. Ландшафт және оның түрлері.
Географиялық белдеулер мен зоналар. Географиялық қабықтағы зоналық заңдылық. Жер шарының табиғат зоналары.
Практикалық жұмыс (1 сағат)
1. Қалауы бойынша мектеп атласының біреуіне талдау жасау:
а) атластың библиографиялық көрсеткіштерін анықтау (атластың аты, авторлары, шыққан жері мен жылы);
ә) атластың құрылымын (негізгі карталар топтары, олардың орналасу реті) анықтау;
б) қалауы бойынша бір тақырыптық картаның мазмұнына, картографиялық кескінделу әдіс-тәсілдеріне, математикалық негізіне сипаттама беру;
в) картадағы қосымша материалдар жиынтығын (қосымша мәтін, суреттер, сандық көрсеткіштер, географиялық атаулар көрсеткіші) анықтау және оларға баға (жеткілікті, мөлшерден артық немесе жеткіліксіз) беру;
г) талдау жасалынған атлас туралы қорытынды жасау;
2. Жалпы географиялық және тақырыптық карта бойынша өлшеу жұмыстарын жүргізу:
а) қалауы бойынша алынған нүктелердің арасындағы немесе материктердің батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарайғы қашықтығын градуспен және километрмен анықтау;
ә) қалауы бойынша алынған нүктелердің немесе географиялық обьектілердің географиялық координаттарын анықтау;
б) берілген координаттар бойынша (мұғалімнің қалауы бойынша) нақты обьектілердің географиялық орнын анықтау;
в) орындалған тапсырмалар негізінде қорытынды жасау.
Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы (31 сағат)
Дүние жүзінің саяси картасы. Тарихи-географиялық аймақтар (3 сағат)
Дүние жүзінің саяси картасы. Саяси картаның мазмұны. Саяси картаның қалыптасу кезеңдері.
Елдердің түрлері. Халықаралық ұйымдар. Дүние жүзінің саяси картасының объектілері. Тәуелсіз мемлекеттер. Тәуелді аумақтар. Халықаралық ұйымдар.
Саяси география және геосаясат. Тарихи-географиялық аймақтар. Саяси география мен геосаясат туралы жалпы түсінік. Алғашқы геосаяси теориялар. Қазіргі заманғы геосаяси ағымдар. Тарихи-географиялық аймақтар.
Практикалық жұмыс (1 сағат)
1. “Геосаясат”, “геосаяси жағдай” туралы түсініктер мен елдің геосаяси жағдайына баға берудің талаптарын (көршілес елдер, олардың саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайы, саяси ұйымдар мен жанжал ошақтарына қатысы және т.б.) естеріне түсіру.
2. Қалауларың бойынша бір елдің геосаяси жағдайына баға беріп, оның халықаралық жағдайлар әсерінен өзгеру мүмкіндігін сипаттау.
3. Саяси карта бойынша геосаяси жағдайы өте қолайлы немесе қолайсыз елдерді анықтап, олардың тізімін дәптерге жазу.
Табиғат ресурстары (4 сағат)
Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуі. Географиялық орта туралы түсінік. Қоғам мен табиғаттың арасындағы байланыс.
Табиғат ресурстары және олардың түрлері. Табиғат ресурстары туралы жалпы түсінік. Табиғат ресурстарының жіктелуі. Шаруашылық әрекет және табиғат ресурстарының өзгеруі.
Дүние жүзінің табиғат ресурстары. Ресурстарға шаруашылық баға беру (туристік-рекреациялық ресурстар). Энергетикалық ресурстар. Минералдық ресурстар. Жер ресурстары. Су ресурстары. Биологиялық ресурстар. Мұхиттың биологиялық ресурстары. Рекреациялық ресурстар.
Практикалық жұмыс (1 сағат)
1.Оқулық мәтіні мен сызбаларды пайдалана отырып, табиғат ресурстарының түрлерін анықтау.
2.Ресурспен қамтамасыз етілу түсінігінің мәнін ашып, дүние жүзі бойынша минералдық, су, жер ресурстарының таралу заңдылығын және осы ресурс түрімен жақсы қамтамасыз етілген елдерді анықтау.
3. Оқушы қалауы бойынша мына төмендегі карталарды талдауға арналған сұрақтар топтамасын анықтау:
а) минералдық ресурстар;
ә) жер ресурстары;
б) агроклиматтық ресурстар.
4.Табиғат ресурстарын игеру мен шаруашылық қажетіне пайдалану барысында туындайтын экологиялық проблемаларға мысалдар келтіру. Таңдау бойынша осы проблемаларды сипаттайтын рефераттар мен хабарламалар дайындау.
Дүние жүзінің халқы (6 сағат)
Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі. Адамзаттың шығу тегі мен Жер шарында таралуы. Халық санағы. Дүние жүзі халқының саны. Демографиялық көрсеткіштер. Халық санының ұдайы өсуі. Демографиялық саясат.
Халықтың жастық-жыныстық құрылымы. Еңбек ресурстары. Халықтың жас және жыныстық құрылымы. Еңбек ресурстары.
Халықтың нәсілдік және ұлттық құрамы. Нәсілдік құрамы. Ұлттық құрамы. Этностық процестер.
Халықтың тілдік құрамы. Діндердің таралуы. Тілдік құрамы. Діни құрамы.
Халықтың тығыздығы, орналасу ерекшеліктері мен қозғалысы. Орналасудың жалпы сипаты. Тығыздығы. Халықтың көші-қоны.
Қоныстану түрлері. Урбандалу. Қоныстану түрлері. Урбандалудың аумақтық айырмашылықтары. Урбандалудың даму кезеңдері. Қалалар және қоршаған орта.
Практикалық жұмыс (1 сағат)
1.“Еңбек ресурстары”, “экономикалық белсенді халық”, “халықтың жастық-жыныстық құрамы”,”миграция”, “урбанизация” ұғымдарын еске түсіру, олардың мағынасын түсіндіру.
2. Төмендегі жоспар бойынша елдер мен аймақтардағы еңбек ресурстарына салыстырмалы сипаттама беру:
а) халықтың саны, табиғи өсуі, ЭБХ-ның үлесі;
ә) жастық-жыныстық құрамы;
б) еңбек ресурстарының шаруашылық салалары бойынша таралуы;
в) мамандардың кәсіптік деңгейі, қалыптасқан еңбек дағдылары;
г) берілген елдер мен аймақтардағы еңбек ресурстары арасындағы айырмашылықтар туралы қорытынды жасау, оны дәптерге жазу.
3. Елдер мен аймақ халықтарының тарихи қалыптасқан кәсіпшіліктері туралы хабарламалар дайындау.
Дүниежүзілік шаруашылық (4 сағат)
Дүние жүзілік шаруашылықтың қалыптасуы және оның құрылымы. Дүние жүзілік шаруашылықтың қалыптасу кезеңдері. Қазіргі заманғы дүние жүзілік шаруашылық (геосаяси жағдай, туризм индустриясы, кластер, стратегия, т.б.) және оның құрылымы. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі.
Ғылыми-техникалық революция және дүние жүзілік шаруашылықтың дамуы (инновациялық саясат). ҒТР құрылымы. ҒТР-дің негізгі белгілері. ҒТР-дің шаруашылық құрылымына ықпалы.
Дүние жүзілік шаруашылықтың аумақтық айырмашылықтары. Шаруашылықтың салалық құрылымы және орналасу ерекшеліктері. Шаруашылық ұйымдасуының типтері.
Дүние жүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыру. Елдердің даму деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер. Елдердің даму деңгейі бойынша топтары.
Дүние жүзілік өнеркәсіп (3 сағат)
Өнеркәсіптің орналасу заңдылықтары. Отын-энергетикалық кешен.
Металлургия және машина жасау өнеркәсібі. Қара металлургия. Түсті металлургия. Машина жасау өнеркәсібі.
Өңдеуші өнеркәсіптің басқа салалары. Химия өнеркәсібі. Жеңіл өнеркәсіп. Тамақ өнеркәсібі.
Ауылшаруашылық географиясы (3 сағат)
Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты. Ауыл шаруашылығының маңызы. Аграрлық қатынастар. Даму бағыттары.
Өсімдік шаруашылығының географиясы. Дәнді дақылдар. Техникалық дақылдар. Бақша және жеміс-жидек шаруашылығы.
Мал шаруашылығы. Балық аулау кәсіпшілігі. Ірі қара өсіру. Шошқа шаруашылығы. Қой шаруашылығы. Құс шаруашылығы. Балық шаруашылығы.
Көлік және байланыс (1 сағат)
Көлік және байланыс географиясы. Көлік кешені. Байланыс құралдары.
Халықаралық экономикалық байланыстар (3 сағат)
Қазіргі заманғы шаруашылық байланыстары. Сыртқы сауда. Халықаралық экономикалық байланыстардың түрлері. Сыртқы тауар саудасы. Қазақстанның сыртқы саудасы.
Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі. Халықаралық валюталық қатынастар. Халықаралық несие нарығы. Халықаралық инвестиция нарығы.
Халықаралық туризм. Халықаралық экономикалық ынтымақтастық. Халықаралық туризм. Экономикалық ынтымақтастық.
Практикалық жұмыс (1 сағат)
1.ҒТР-дың мәні мен мағынасын түсіндіру. Оқулық мәтініндегі сызба бойынша ҒТР-дың құрамдас бөліктерін анықтап, олардың әрқайсысының дүние жүзілік шаруашылық салаларына (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және т.б.) тигізетін ықпалына нақты мысалдар келтіру.
2.ҒТР-дың негізгі белгілерін анықтап, олардың дүние жүзілік шаруашылықтағы көріністеріне нақты мысалдар келтіру.
3.ҒТР-дың дүние жүзілік шаруашылықтың аумақтық құрылымына тигізетін әсерін анықтап, бұрын және жаңа игерілген аудандар шаруашылығындағы айырмашылықтарға мысалдар келтіру.
4. ҒТР жағдайында өндірістік және өндірістік емес салалар арасындағы арақатынас неліктен және қалай өзгерді?
5. ҒТР-дың еңбек құралдары мен өнеркәсіп технологиясына әкелген аса маңызды өзгерістеріне нақты мысалдар келтіру;
6. Жұмыс қорытындыларын кесте түрінде дәптерге түсіру: кестенің 1-ші бөлігіне - өнеркәсіп, 2-ші бөлігіне - ауыл шаруашылығы, 3-ші бөлігіне көлік жүйесінің дамуындағы ҒТР-дың ролі көрсетіледі.
ТМД елдері ( 19 сағат)
ТМД елдеріне жалпы шолу (1 сағат)
ТМД елдерінің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары. ТМД—Еуразия кеңістігіндегі өзара көмек пен ынтымақтастық одағы. Экономикалық байланыстары. Әлеуметтік-мәдени байланыстары. ТМД елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстар.
Ресей Федерациясы (6 сағат)
Ресейдің экономикалық-географиялық орны. Мемлекеттің қалыптасу тарихы.Экономикалық-географиялық жағдайы. Геосаяси жағдайы. Мемлекеттің қалыптасу тарихы. Әкімшілік-аумақтық құрылымы.
Табиғат жағдайлары және табиғат ресурстары. Табиғат жағдайлары. Табиғат ресурстары.
Халқы. Демографиялық көрсеткіштер. Халқының ұлттық құрамы. Орналасуы. Ірі қалалары.
Ресей шаруашылығы. Өнеркәсібі. Шаруашылығына жалпы сипаттама. Отын-энергетика кешені. Металлургия және машина жасау. Өнеркәсіптің басқа салалары.
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы. Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты. Мал шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығы. Көлік географиясының жалпы сипаттамасы. Негізгі көлік түрлері. Байланыс.
Экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары. Батыс және Шығыс экономикалық зоналары. Экономикалық аудандары. Сыртқы сауда. Туризм. Қазақстанмен байланыстары.
Практикалық жұмыс (1 сағат)
1.Төмендегі жоспар бойынша қажетті әдебиеттер көмегімен Ресей Федерациясына қысқаша экономикалық-географиялық сипаттама беру:
а) елдің экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы;
ә) табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына шаруашылық баға беру;
б) халқының саны,ұлттық,жастық-жыныстық құрамы, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, ЭХБ және т.б. көрсеткіштері;
в) шаруашылығына жалпы сипаттама (өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі);
г) сыртқы экономикалық байланыстары, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы байланыстар.
2.Ресей экономикасының кейбір көрсеткіштерін картографиялық әдіс-тәсілдер арқылы бейнелеу:
а) кескін картаға Ресейдің көршілес елдерін белгілеу, аумақтық жанжал ошақтары мен келіспеушілік байқалатын аудандарды ерекше белгілермен көрсету;
ә) кескін картаға аса маңызды пайдалы қазбаларды шартты белгілері мен көрсетіп, ірі кен орындарының аттарын жазу;
б) кескін картаға ірі өнеркәсіп орталықтарын, экономикалық зоналар мен аймақтарды және көлік жүйелерінің ірі магистральдарын, халықаралық туризм орталықтарын, экологиялық зардап аудандарын қажетті шартты белгілермен көрсету.
3.Ресей Федерациясының экономикалық-географиялық жағдайын қорытындылау, оны қысқаша тезис түрінде дәптерге түсіру.
Беларусь Республикасы (1 сағат)
Географиялық орны. Аумағының қалыптасу тарихы. Табиғаты және табиғат ресурстары. Халқы. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Украина (2 сағат)
Мемлекеттік құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Географиялық орны. Аумағының қалыптасу тарихы. Табиғаты және табиғат ресурстары. Халқы.
Шаруашылығы. Ішкі айырмашылықтары. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік қатынасы. Сыртқы экономикалық байланыстары. Ішкі айырмашылықтары.
Молдова Республикасы (1 сағат)
Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Кавказ елдері (2 сағат)
Жалпы шолу. Географиялық орны мен құрамы. Саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.
Ішкі айырмашылықтары. Әзірбайжан. Армения. Грузия.
Орта Азия елдері (4 сағат)
Өзбекстан Республикасы. Географиялық орны. Аумағының қалыптасуы және мемлекеттің тарихы. Табиғаты және табиғат ресурстары. Халқы. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Қырғызстан Республикасы. Географиялық орны. Аумағының қалыптасуы мен мемлекет тарихы. Табиғат жағдайы мен ресурстары. Халқы. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Түрікменстан Республикасы. Географиялық орны. Аумағының қалыптасуы және мемлекет тарихы. Табиғаты және табиғат ресурстары. Халқы. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Тәжікстан Республикасы. Географиялық орны. Аумағының қалыптасуы және мемлекет тарихы. Табиғат жағдайы мен ресурстары. Халқы. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Практикалық жұмыс (1 сағат)
1. Ресей Федерациясы бойынша орындаған экономикалық-географиялық сипаттама беру жоспарын еске түсіру;
2. Қосымша әдебиеттер мен оқулық мәтініне сүйене отырып, жоғарыдағы жоспар бойынша Орта Азия елдеріне қатысты мәліметтерді іріктеу;
3. Салыстырмалы сипаттама қорытындыларын кесте түрінде толтыру, кестеге республикалар аты (оқылу реті бойынша), табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарының ерекшеліктері, шаруашылығының мамандану салалары, даму мүмкіндіктері, Қазақстанмен экономикалық байланыстарына қатысты және т.б. мәліметтерді енгізуге болады.
11 сынып
(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)
Кіріспе (1 сағат)
Дүние жүзі елдеріне аймақтық шолу (60 сағат)
Еуропа елдері (19 сағат)
Еуропа елдеріне жалпы шолу (3 сағат)
Еуропаның саяси картасы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Экономикалық-географиялық жағдайы. Саяси картасы мен мемлекеттер құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Экологиялық жағдайы және табиғат қорғау.
Халқы. Еңбек ресурстары. Халқының құрамы. Халықтың орналасуы және тығыздығы.
Шаруашылығы. Ішкі айырмашылықтары. Шаруашылығының жалпы сипаты. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік жүйесі. Өндірістік емес салалар. Экономикалық ынтымақтастық және ішкі айырмашылықтары.
Еуропаның жоғары дамыған елдері (8 сағат)
Германия (2 сағат)
Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Аумағының құрамы. Табиғат ресурстары. Табиғат қорғау. Халқы.
Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік жүйесі. Сыртқы экономикалық байланыстары. Туризм. Қазақстан мен Германияның өзара қарым-қатынастары.
Ұлыбритания (2 сағат)
Мемлекеттің құрамы мен құрылысы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Аумағының құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Құрылымы. Табиғаты және табиғат ресурстары. Халқы.
Шаруашылығы. Сыртқы байланыстары. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік. Сыртқы экономикалық байланыстары. Ұлыбритания мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара байланыстар.
Франция (2 сағат)
Мемлекеттің құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Экономикалық-географиялық жағдайы және құрамы. Табиғаты және табиғат ресурстары. Халқы.
Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік географиясы. Сыртқы экономикалық байланыстары. Франция мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара байланыстар.
Италия (2 сағат)
Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Аумақтық құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғаты және табиғат ресурстары. Табиғат қорғау. Халқы.
Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік. Сыртқы экономикалық байланыстары. Туризм.
Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері (4 сағат)
Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдеріне жалпы шолу. Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Халқы. Шаруашылығы. Ішкі айырмашылықтары.
Солтүстік Еуропа елдері. Жалпы ерекшеліктері.
Орта Еуропа елдері. Нидерланд. Мемлекеттік құрылымы мен геосаяси жағдайы.Табиғаты.Халқы.Шаруашылығы. Көлік жүйесі. Сыртқы байланыстары.
Оңтүстік Еуропа елдері. Испания. Жалпы шолу. Испания. Мемлекеттің құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстар. Туризм.
Шығыс Еуропа елдері (3 сағат)
Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.
Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік және байланыс географиясы. Ішкі экономикалық айырмашылықтары.
Чехия. Аумақтың құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекеттік құрылымы. Табиғат жағдайлары және ресурстары. Халқы. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Практикалық жұмыс (1 сағат)
1.Оқулық мәтіні мен анықтамалық деректер негізінде Еуропа елдері арасынан:
а) аумағы жөнінен ең ірі бес елді;
ә) халқының саны жөнінен ірі бес елді;
б) жиынтық ішкі өнімнің жалпы көлемі ең жоғары бес елді;
в) урбандалу деңгейі ең жоғары бес елді;
г) халық ең тығыз орналасқан (тығыздықты есептеп шығару қажет) бес елді анықтап, дәптерге жазып алу.
2. Тақырыптық карталар мен оқулық мәтінін пайдалаланып, “Еуропаның минералды ресурстары” атты кесте құрастыру: кестенің 1-бөлігінде – пайдалы қазбалардың негізгі түрлері; 2-бөлігінде – таралған елдері.
3. Оқулық мәтіні мен экономикалық карталардың деректері негізінде Еуропадағы аса ірі өнеркәсіп орталықтарын анықтап, оларды мамандану салаларын көрсететін дөңгелектер түрінде кескін картаға белгілеу.
4. Солтүстік және Оңтүстік Еуропаның өздерің таңдап алған екі шағын капиталистік еліне салыстырмалы сипаттама беру. Сипаттама оқулық қосымшасында берілген жоспарға негізделуі тиіс.
Азия елдері (16 сағат)
Азия елдеріне жалпы шолу (4 сағат)
Азияның саяси картасы мен құрамы. Саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Тарихи-географиялық аймақтары. Мемлекеттер құрылысы.
Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Табиғат жағдайлары. Табиғат ресурстарының түрлері.
Халқы. Халық саны. Құрамы. Демографиялық жағдай. Халық тығыздығы. Урбандалу.
Шаруашылығының негізгі даму бағыттары. Азиядағы экономикалық кеңістіктің жалпы сипаты. Әлеуметтік-экономикалық даму үлгілері. Аймақтардың шаруашылық мамандану салалары. Елдерді топтастыру.
Азияның жетекші елі Жапония (2 сағат)
Мемлекеттің құрылысы. Табиғат жағдайлары және ресурстары. Халқы. Мемлекеттің қалыптасу тарихы мен құрылысы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.
Шаруашылығы. Сыртқы байланыстары. Шаруашылығының қалыптасу кезеңдері мен жалпы сипаттамасы. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік қатынасы. Сыртқы байланыстары.
Азияның жетекші дамушы елдері (7 сағат)
Қытай Халық Республикасы (3 сағат)
Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Қытай мемлекетінің қалыптасу тарихы және геосаяси жағдайы. Табиғаты және табиғат ресурстары. Халқы. Халқының тұрмысы мен мәдениеті.
Шаруашылығы. Жалпы сипаты. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік пен байланыс.
Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары. Ерекше экономикалық аудандар және теңіз маңы ашық белдеуі. Баж салығынсыз сауда аймақтары. Туристік объектілері. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Үндістан (2 сағат)
Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Құрылымы және экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекеттің қалыптасу тарихы және геосаяси жағдайы. Табиғаты және табиғат ресурстары.
Халқы және шаруашылығы. Халқы. Ауыл шаруашылығы. Өнеркәсібі. Көлігі. Ішкі айырмашылықтары. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Түркия (2 сағат)
Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.Құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Түрік мемлекетінің тарихи қалыптасуы және геосаяси жағдайы. Табиғаты және табиғат ресурстары. Халқы.
Шаруашылығы. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік. Туристік объектілері. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Азиядағы жаңа индустриялы елдер (1 сағат)
Корея Республикасы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Экономикасы. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Азиядағы мұнай экспорттаушы елдер (1 сағат)
Азиялық мұнай экспорттаушы елдерге жалпы сипаттама. Жалпы шолу. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Практикалық жұмыс (1 сағат)
1.Кескін картаға Азияның тарихи-географиялық аймақтарының шекараларын белгілеп, олардың әрқайсысының құрамына қандай елдер енетінін дәптерге жазып алу.
2.Оқулық мәтіні мен тақырыптық карталарды пайдаланып, “Азияның табиғат ресурстары” атты анықтамалық кесте құрастыру: кестенің 1-бөлігінде – негізгі ресурс түрлері; 2-бөлігінде – таралған аумақтары; 3-бөлігінде – пайдаланылу деңгейі.
3.“Азия халқының орналасу ерекшеліктері” және “Азия елдерінің демографиялық көрсеткіштері”, “Азияның ірі қалалары” атты тақырыптарда қысқаша хабарламалар әзірлеу.
4. Оқулық мәтіні мен қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, Азиядағы әлеуметтік-экономикалық даму үлгісі әрқилы екі елді (таңдау бойынша) негізгі көрсеткіштері (мемлекеттік құрылымы, табиғи-ресурстық мүмкіншіліктері, халқының саны мен құрамы, экономикалық әлеуеті) бойынша салыстырып, талдау жасау.
Америка елдері (16 сағат)
Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру (1 сағат).
Қоныстану және игерілу тарихынан. Елдердің топтары.
Американың жоғары дамыған елдері (8 сағат)
Америка Құрама Штаттары (6 сағат)
АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы. Құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы. Геосаяси жағдайы.
Табиғат жағдайлары мен ресурстары.
Халқы. Нәсілдік, ұлттық құрамы. Діни құрамы. Орналасуы. Мәдениеті.
Шаруашылығы. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Қаржы-қаражат жүйесі. Көлік.
Экономикалық аудандары. Солтүстік-Шығыс аудан. Орта Батыс аудан. Оңтүстік аудан. Батыс аудан.
Туристік объектілері. Сыртқы экономикалық байланыстары. Туристік объектілері. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Канада (2 сағат)
Мемлекеттің қалыптасуы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Мемлекеттің қалыптасу тарихы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.
Шаруашылығы. Сыртқы байланыстары. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік географиясы. Туристік объектілері. Сыртқы байланыстары.
Латын Америкасындағы дамушы елдер (6 сағат)
Саяси картасының қалыптасуы. Саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Геосаяси жағдайы. Елдердің мемлекеттік құрылысы, топтары.
Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Жер бедері және минералдық ресурстары. Климаты және агроклиматтық ресурстары. Ішкі сулары және су ресурстары. Топырақ жамылғысы және жер ресурстары. Өсімдік жамылғысы және орман ресурстары.
Халқы. Құрамы. Халық саны, тығыздығы. Урбандалу сипаты. Еңбек ресурстары.
Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары. Шаруашылығының жалпы сипаты мен даму ерекшеліктері. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Бразилия. Мемлекеттің қалыптасу тарихы. Табиғаты және табиғат ресурстары. Халқы. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Практикалық жұмыс (1 сағат)
1. “АҚШ – дүние жүзіндегі жетекші ел” дегенді қалай түсіндіруге болады? Дәптерге нақты деректер негізінде қысқаша қорытынды жазу.
2. АҚШ-тың бір штатына (таңдау бойынша) карта бойынша саяхат жасап, ең басты ерекшеліктерін атап көрсету.
3. Оқулық мәтіні мен анықтамалық деректер негізінде Латын Америкасы елдері арасынан:
а) аумағы жөнінен ең ірі үш елді;
ә) халқының саны жөнінен ірі үш елді;
б) жиынтық ішкі өнімнің жалпы көлемі ең жоғары үш елді;
в) халық тығыздығы (оны есептеп шығару қажет) ең жоғары үш елді анықтап, дәптерге жазып алу. Осы көрсеткіштер негізінде аймақтағы жетекші ел қайсы екенін анықтауға бола ма?
4. “Латын Америкасы халқының құрамы”,“Латын Америкасындағы ірі қалалар”,“Латын Америкасындағы туристік-рекреациялық орталықтар” атты тақырыптар бойынша рефераттар дайындау.
Африкадағы дамушы елдер (6 сағат)
Саяси картасының қалыптасуы және қазіргі геосаяси жағдайы. Саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Елдердің мемлекеттік құрылымы.
Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Табиғат қорғау. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Экологиялық жағдайы мен табиғат қорғау.
Халқы. Құрамы. Халықтың ұдайы өсуі мен орналасуы, урбандалу дәрежесі. Еңбек ресурстары.
Шаруашылығы. Шаруашылығының жалпы сипаты. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік географиясы.
Сыртқы байланыстары мен ішкі айырмашылықтары. Сыртқы экономикалық байланыстары. Ішкі айырмашылықтары. Солтүстік Африка елдері. Батыс Африка елдері. Орталық (Экваторлық) Африка елдері. Шығыс Африка елдері. Оңтүстік Африка елдері.
Практикалық жұмыс:
1. “Африка аймақтарының табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі” атты жиынтық кесте құрастыру: кестенің 1-бөлігінде аймақ аты, 2-бөлігінде ресурс түрлері.
2. “Африканың ішкі сулары және олардың шаруашылық маңызы”, “Африка елдерінің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны”, “Африка елдерінде ғаламдық проблемалардың көрініс табуы” атты тақырыптарда қысқаша хабарламалар әзірлеу.
3. Оқулық мәтіні және қосымша ақпарат негізінде Африканың жетекші елдерін анықтап, оларға тән басты белгілерді атап көрсету.
4. Кескін картаға Африкадағы басты өнеркәсіпті аудандар мен ауыл шаруашылықты алаптарды белгілеу.
5. Африканың әртүрлі аймақтарында орналасқан екі елге (таңдау бойынша) салыстырмалы сипаттама беру.
Аустралия және Мұхит аралдары елдері (3 сағат)
Аустралия және Мұхит аралдарының қоныстануы мен игерілуі.
Аустралия Одағы. Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Шаруашылығының салалық құрамы. Ішкі экономикалық-географиялық айырмашылықтары. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Практикалық жұмыс:
1. Саяси карта деректерін пайдаланып, кескін картаға сандармен Мұхит аралдарында орналасқан тәуелсіз мемлекеттерді белгілеп, олардың аттарын дәптерге жазып алу.
2. Аустралия Одағы аумағындағы табиғат ресурстарының негізгі түрлері мен олардың таралу аудандарын көрсететін анықтамалық кесте құрастыру.
3. Аустралия Одағындағы басты өнеркәсіп орталықтары мен ауыл шаруашылықты аудандарды анықтап, олардың мамандану бағыттарын дәптерге жазып алу.
4. Саяси карта деректерін пайдаланып, Мұхит аралдарында қандай елдердің отарлары мен иеліктері бар екенін анықтау.
Адамзаттың ғаламдық проблемалары (7 сағат)
Бейбітшілік сақтау проблемасы. Ғаламдық проблемалар. Жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу проблемасы. Жаппай қарулану және әскери шығындар.
Ғаламдық экологиялық проблемалар. Табиғи ортаның ластануы. Озон қабатының жұқаруы проблемасы. Ормандар аумағының қысқаруы.
Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешу жолдары. Елдердің экологиялық-экономикалық типтері. Жаңа геоэкологиялық стратегия. Тұрақты даму концепциясы.
Энергетика және шикізат проблемалары. Шикізат қорының шектеулілігі. Энергетикалық проблема. Шикізат тапшылығын жою жолдары.
Дамушы елдердегі ғаламдық проблемалар. Демографиялық проблема. Азық-түлік проблемасы.
Дүниежүзілік мұхит проблемалары.
Практикалық жұмыс:
1.Ғаламдық проблемалардың өзара байланысын көрсететін сызба дайындау.
2.Экологиялық проблемалар шиеленіскен аумақтар мен елдер жөніндегі деректерді талдап, қорытындылау, болжамдар жасау.
3.Дамушы елдерге тән ғаламдық проблемаларды анықтап, олардың шиеленісу себептеріне және олармен күресу жолдарына талдау жасау.
4.Ғаламдық проблемалардың Қазақстанға қатысына баға беру (тұжырымдар, болжамдар).
5.“Дүниежүзілік мұхиттағы экологиялық жағдай”, “Өнеркәсіп және қоршаған ортаның жай-күйі”, “Демографиялық проблемалардың аумақтық сипаты” атты тақырыптарда хабарламалар дайындау.
ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙIНЕ
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
10 сынып оқушылары:
Жер ғаламшарының Күн жүйесіндегі орнын, оның негізгі параметрлері мен белгілерін;
географиялық карталардың мазмұны мен түрлерін, проекциялар мен олардың түрлерін, глобус пен картадағы градус торы мен оның элементтерін;
литосфералық тақталар, олардың түрлерін, ірі платформалар мен геосинклинальдық белдеулердің аттарын;
геохронологиялық кесте элементтерін, эралар мен дәуірлер аттарын, ірі тау қатпарлықтары мен ондағы тау жоталары аттарын;
Жер бедерін қалыптастырушы ішкі және сыртқы күштерді, жер бедерінің құрлық пен мұхит табанындағы ірі пішіндерін;
атмосфера құрамын, ауа массаларының түрлерін, қысым орталықтарын, климат пен ауа райының айырмашылығын, климат қалыптастырушы факторларды, климаттық белдеулер аттарын;
гидросфера мен оның құрамдас бөліктерін, дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктерін, беткі су температурасы мен тұздылық көрсеткіштерін, беткі ағыстардың аттарын;
дүниежүзілік мұхиттағы тіршілік дүниесі мен оның басты өкілдерін;
құрлық суы мен оның құрамдас бөліктерін, ірі өзендер мен көлдердің, сарқырамалардың аттарын;
биосфера мен оның құрамдас бөліктерін, дүние жүзілік және Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген өсімдіктер мен жануарлардың аттарын;
географиялық қабық пен оның компоненттерін, басты заңдылықтарын, Жер шарындағы географиялық белдеулер мен табиғат зоналарының аттарын;
ландшафт және оның түрлерін, жергілікті жер ландшафтары түрлерін;
дүние жүзі елдерінің топтамасын (саяси, даму дәрежесі, жерінің аумағы мен халқының саны), елдер астанасын;
табиғат ресурстарының негізгі түрлерін;
дүние жүзі халқының нәсілдік, ұлттық, тілдік топтарын, басым діндер түрлерін, ежелгі өркениет орталықтарын;
өнеркәсіп пен оның басты салаларын, ауыл шаруашылығы мен оның басты салаларын, көлік пен оның түрлерін;
халықаралық экономикалық байланыстың негізгі түрлерін, дүние жүзіндегі қаржы-қаражаттың ірі орталықтарын;
дүние жүзінің ірі индустриялық орталықтарын;
дүние жүзінің жаңа игерілген аудандарын;
дүние жүзінің еркін экономикалық аймақтарын;
ТМД құрамына кіретін елдер аттары мен астаналарын;
Қазақстанмен шекаралас жатқан елдер аттарын атай және (немесе) көрсете алуы тиіс;
глобус пен географиялық картадан обьектілердің орнын, ара қашықтығын, бағытын, географиялық координаттарын;
географиялық картадағы бұрмалану түрлері мен дәрежесін, магниттік ауытқу көрсеткіштерін;
географиялық карталардағы шартты белгілер көмегімен белгілі бір картаның мазмұнын;
қажетті ақпараттар алу және нақты тапсырмаларды орындау үшін қажетті құралдар мен карталар жиынтығын;
биіктік және тереңдік шкаласы арқылы белгілі бір нүктенің биіктігі мен тереңдігін;
геохронологиялық кесте мен тектоникалық карта көмегімен белгілі бір жердің қалыптасу жолдары мен оларды құрайтын жыныстардың салыстырмалы жасын;
Жер сілкіну мен жанартау атқылау аймақтарын, пайдалы қазбалардың шоғырлану аудандарын;
дүние жүзі аумақтары бойынша белдеулік уақыт айырмашылықтарын;
дүние жүзі бойынша табиғат ресурстарының таралуын, олардың қалпына келетін және қалпына келмейтін түрлерін;
тірі организмдердің құрлық пен дүниежүзілік мұхиттағы таралу шекараларын;
Жер шарындағы халықтың тығыз және сирек орналасқан аудандарын, халықтың қоныстану (қала, агломерация, мегаполис) түрлерін, миграция бағыттарын;
өндіріс пен өндірістік емес салалар, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, өндіруші және өңдеуші салалар арасындағы шаруашылық байланыстарын;
туризм мен рекреация орталықтары мен олардың орналасу жағдайларын;
карта бойынша ТМД елдерінің экономикалық-географиялық, геосаяси орны мен жағдайын;
ТМД елдерінің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуін, оның шаруашылықты орналастыру мен дамытудағы маңызын;
ТМД елдері арасындағы саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени байланыстардың басты бағыттарын анықтай немесе өлшей алуы тиіс;
Жердің орбита бойымен және өз білігінен айналуы және оның ғаламшар табиғатына тигізетін әсерін;
кориолис күші мен Ай магнетизмінің ғаламшар табиғатына тигізетін әсерін;
Жер бедерінің қалыптасуы мен өзгеруіне ішкі және сыртқы күштердің тигізетін әсерін;
географиялық қабық компоненттері арасындағы өзара байланыс пен әрекеттесу нәтижелерін;
атмосфераның ғаламшар табиғаты мен адам өміріне тигізетін әсерін;
дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрылымын;
ТМД құрамындағы жекелеген елдердің өзіне тән экономикалық-географиялық ерекшеліктерін;
ТМД елдері арасындағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени байланыстардың түрлерін баяндай алуы тиіс;
Жердің Күн жүйесіндегі орнын анықтайтын ұғымдар мен түсініктер жиынтығын;
Жердің өз білігінен айналу заңдылықтарын түсіндіретін ұғымдар мен түсініктер жиынтығын;
Жердің ішкі құрылысы мен литосфера заңдылықтарын түсіндіретін ұғымдар мен түсініктер жиынтығын;
атмосфера және оның заңдылықтарын түсіндіретін ұғымдар мен түсініктер жиынтығын;
гидросфера және оның заңдылықтарын түсіндіретін ұғымдар мен түсініктер жиынтығын;
биосфера және оның заңдылықтарын түсіндіретін ұғымдар мен түсініктер жиынтығын;
географиялық қабық және оның заңдылықтарын түсіндіретін ұғымдар мен түсініктер жиынтығын;
саяси картадағы өзгерістердің себептерін;
жекелеген елдер мен аймақтардың экономикалық даму деңгейін;
табиғат ресурстарының таралу заңдылығын;
халықтың табиғи өсуінің ерекшеліктерін, демографиялық жарылыс себептерін;
урбанизация деңгейі мен даму қарқынын, субурбанизация және оның жүру себептерін;
дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрылымын, аумақтық орналасуы мен даму заңдылықтарын;
ҒТР, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі ұғымдарын;
“Үлкен жетілік” елдері, “қоныс аударушы капитализм” елдері, жаңа индустриялы елдер, дамушы елдер ұғымдарын;
оффшорлық аймақ, еркін экономикалық аймақ ұғымдарын;
ТМД елдерінің экономикалық даму тенденцияларын;
ТМДелдерінің халықаралық маманданған салаларын түсіндіре алуы тиіс;
дүние жүзі елдерінің болашақта табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуін;
адамның шаруашылық әрекеті әсерінен табиғат кешендері мен оның компоненттерінің өзгеруін;
“литосфералық тақталар қозғалысы“ теориясына сүйене отырып, материктер пішіні мен мұхит айдындары аумағының өзгеру мүмкіндіктерін;
Жер шарының сейсмикалық белдеулері аудандарындағы табиғи апатты құбылыстардан халықтың қоныстану аудандарын сақтау шараларын;
ғаламдық өзгерістердің климаттық жағдайларға тигізетін әсерін;
поляр маңы мен биік тау басындағы мұз жамылғысының еруінен жер табиғатының өзгеру мүмкіндіктерін;
халықаралық қатынастар нәтижесінде саяси картаның өзгеруін;
Жер шары, жеке аймақтар мен елдер бойынша халықтың ұдайы өсуін;
Жер шары бойынша урбанизация қарқынын, миграция бағыттарын;
ТМД елдері мен Қазақстанның экономикалық және экологиялық жағдайларының даму тенденцияларын болжай алуы тиіс.
11 сынып оқушылары:
картадан дүние жүзіндегі тарихи-географиялық аймақтар мен олардың шекараларын;
жекелеген тарихи-географиялық аймақтардың құрамына енетін елдерді;
дүние жүзіндегі алып жатқан аумағы мен халқының саны жөнінен ірі елдерді және олардың астаналарын;
жетекші елдердің географиялық келбетін анықтайтын басты ерекшеліктерін;
жетекші елдердің экономикалық-географиялық орны мен геосаяси жағдайының басты ерекшеліктерін;
тарихи-географиялық аймақтардың саяси картасының қалыптасу кезеңдерін;
жекелеген елдердің мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдерін;
жеткеші елдердің мемлекеттік құрылымы мен құрамын;
жеке аймақтар мен елдер аумағында таралған табиғат ресурстарының түрлерін;
аймақтар мен елдердің халқының құрылымдық және қоныстану ерекшеліктерін;
жекелеген елдердің ірі қалалары мен қала агломерацияларын;
аймақтар мен елдердің шаруашылығының салалық құрылымын;
жекелеген аймақтар мен елдердегі өнеркәсіп орталықтарын;
даму деңгейі бойынша елдердің типтерін;
Қазақстанмен тығыз экономикалық қарым-қатынастар жасайтын елдерді;
адамзаттың ғаламдық проблемаларын атай және (немесе) көрсете алуы тиіс;
әр түрлі ақпарат көздерінен жеке елдер туралы деректерді;
өз бетімен нақтылы есептеулер жүргізу үшін бастапқы статистикалық мәліметтерді;
жекелеген елдердегі табиғат жағдайларының ерекшеліктерін;
сызбанұсқалар мен кестелердің деректері негізінде аймақтар мен елдердің халқының саны, ұлттық, тілдік және діни құрамының ерекшеліктерін;
аймақтар мен елдерде қала халқының қоныстану түрлерін;
әр түрлі ақпарат негізінде жеке елдердің даму деңгейлерін;
-аймақтар мен жеке елдердің халықаралық географиялық еңбек бөлінісіндегі орнын;
жетекші елдердің геосаяси жағдайының қолайлы тұстарын;
жекелеген елдердің қазіргі шаруашылық құрылымының қалыптасуын;
жекелеген елдер экономикасының ұйымдасу сипатын;
сызбанұсқалар мен кестелердің деректері негізінде елдердің дүние жүзілік шаруашылық жүйесіндегі алатын орнын;
аймақтар мен елдердегі туризм мен рекреация орталықтарын;
адамзаттың ғаламдық проблемаларының жекелеген аймақтар мен елдерде көрініс табуын;
елдердің экономикалық-экологиялық типтерін анықтай және (немесе) өлшей алуы тиіс;
әрбір тарихи-географиялық аймақтың жалпы сипатын;
ірі елдердің елтану бағытындағы қысқаша сипаттамасын;
тарихи-географиялық аймақтардың қоныстану мен игерілу тарихын;
-елдің табиғат жағдайлары мен ресурстарының шаруашылық мамандануына ықпалын;
даму деңгейі әртүрлі елдердің бір-бірінен әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғандағы айырмашылықтарын;
ғаламдық экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарын баяндай алу тиіс;
дүние бөліктері құрамында тарихи-географиялық аймақтарды жіктеудің негізгі себептерін;
жеке елде (таңдау бойынша) табиғат ресурстарының пайдаланылу сипатын;
аймақтардың саяси картасындағы соңғы өзгерістерді;
даму деңгейі әртүрлі елдердегі демографиялық жағдайды;
жетекші елдердің шаруашылық құрылымындағы өзгерістердің себептерін;
-нақты мысалдар негізінде “постиндустриялық”, “жаңа индустриялы”, “елдің геосаяси жағдайы”, “ғаламдық проблемалар” ұғымдарын;
адамзаттың ғаламдық проблемаларының туындау себептерін түсіндіре алуы тиіс;
жеке аймақтар мен елдерде табиғи ортаның өзгеруін;
әлемдегі басты саяси, экономикалық күштердің арасалмағының өзгеруінен саяси картада болатын өзгерістерді;
елдердің болашақта табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуін;
аймақтар мен елдерде халық санының өсу қарқынын;
жетекші елдердегі шаруашылық құрылымының түбегейлі өзгерістерін;
дамушы елдерде табиғат ресурстарын пайдалану сипатының өзгерістерін;
Қазақстанның әлемдік саясат пен экономикадағы орнының өзгеру сипатын мен оның себептеріне болжай алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |