БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37



бет16/40
Дата27.12.2016
өлшемі6,58 Mb.
#5524
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40

Қодар Әшенбек Күләшбекұлы


Алматы облысы,Балқаш ауданы,

2 Жамбыл атындағы орта мектеп


«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ АТТЫ ЕЛГЕ САЯХАТ» ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ


(34 сағат)
Түсінік хат

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ал жастарды жан-жақты қаблетті азамат етіп өсіруде халықтың салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор. Адамның жарық дүниеге келген күннен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмір мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы салт-дәстүрлерден өзектен орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең-жырмен насихаттады. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағлымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай тұрып, жастарды бірлік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Себебі, Л.Н.Толстой айтқандай «өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу ойсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар». Орта мектептің 5-8 сыныптарына арналған бұл бағдарлама оқушыларды халқымыздың озық салт-дәстүрлерімен таныстыру мақсатын көздейді.



Бағдарламаны жүргізудің мақсаты:

- Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыра отырып, салт-дәстүрге қызығушылығын арттыру, шеберлер туралы сөздік қорын молайту, мақал-мәтел, өлеңдерді жатқа айту, дүниетанымын кеңейту. Халық мұрасын қастерлеуге баулу.



Бағдарламаны жүргізудің міндеттері:

  • Оқушылардың азаматтық ежелгі заманнан біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуына дейінгі дамуының тарихи жолын,оның әлеуметтік, рухани адамгершілік тәжірбиесін анықтайтын жүйелі білім алуын қамтамасыз ету.

  • Жас ұрпақтың ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қатар меңгерген азаматтың сезімдерін дамыту.


Бағдарламаның мазмұндық бөлімі:

1 бөлім. (11 сағат) Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер.

Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған.



2 бөлім. (11 сағат) Тұрмыс салт-дәстүрлері.

Тұрмыс салт-дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.



3 бөлім. (12 сағат) Әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер.

Мұнда қазақ ауылындағы адамдардың туыстық-отбасылық қарым-қатынасты, шешендік дәстүр мен ән-күй, қол өнерінің қанат жаюы, үйлену рәсімдері мен қонақ күту, ұлттық мейрамдар мен ас беру, өлген адамдарды жөнелтудің жөн жосығы туралы баяндалады.


Қазақ халқының салт-дәстүрі атты елге саяхат курс бағдарламасының күнтізбелік жоспары



Мазмұны

Сағат саны

Сабақтың түрі

І бөлім


Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер. Кіріспе.



әңгімелесу



Шілдехана.сүйінші.

1






Балаға ат қою.

1






Бесік жырлары.

1






Тұсау кесу.

1






Атқа мінгізу тойы.

1

Ойын-сабақ



Сүндет той.

1






7,9,12,40 сандарына байланысты ырымдар.

2

Жарыс сабақ



Амандасу салты.

1






Ата көрген оқ жонар.

1

Шеберханаға саяхат



Қыз өссе елдің көркі.

1






Табиғат аясы –адамның алтын бесігі.

1




II

бөлім


Тұрмыс салт-дәстүрлері.









Қазақтың зергерлік қол өнері.

1

«Сақина» ойыны



Қазақтың тағамдары,мәзірі.

1






Шаруашылыққа қатысты салт-дәстүр.

1







«Асық ойнаған азар,доп ойнаған тозар,қой бағып, құйрық жеген озар»

1


Саяхат cабақ




Жылқы –малдың патшасы.

1






Түйе,түйе,түйелер! Тұзың қайда түйелер?

1






«Сиыр бақтым, садақ қақтым»

1






«Балық жеген бағыспас»

1






Аң аулау,саят құру.

1






«Арпа ,бидай-ас екен»

1




III бөлім

Әлеуметтік –мәдени салт дәстүр.









Қазақ ауылы-рулық қоғамдық бірлестік.

1






Туыстық қарым –қатынас.


1

Шығарма «Отан отбасынын басталады»



Өнер алды- қызыл тіл.


1

«Мақалды жалғастыр»ойыны



Ақындар айтысы.


1






Қазақтың музыкалық аспаптары.


1






Үйленуге байланысты салт-дәстүр.


1






Той ойындары.


1

«Кім жылдам» ойыны



Қонақ келсе құт.


1






Наурыз мейрамы және бата-тілектердің мән-мағынысы.

1






Діни мейрамдар.

1






Бүгінгі күннің салт-дәстүрлері.

1

Көрініс



Жеті жарғы.( Әз Тәуке ханның заңдары

1

Қорытынды сабақ


Негізгі білім мен дағды көлемі.

Оқу бағдарламасы бойынша мектептерімізде «Қазақ елінің салт-дәстүрлері» атты елге саяхат» бағдарламасы жаңа пән (қолданбалы курс) ретінде жүрсе деп ойлаймын.

Бұл бағдарламадан күтілетін нәтиже – ұлтымыздың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары мен тәлім–тәрбие үрдісінен арнайы сабақ алып, жас жеткіншектер мектеп қабырғасында ұлт мәдениетінің нәрімен сусындауы, адамгершілік асыл қасиеттер үлгісін санаға сіңіруі.

Оқушылар білуі тиіс:


  • Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлт өнерінің тегін тектеу;

  • Қазақ өнерінің болмысын тану;

  • Халқымыздың озық салт-дәстүрлерін тану,құрметтеу.

Оқушылар қолдана білуі тиіс:

  • .Салт-дәстүр, әдет-ғұрып - халықтың рухани өзегі, тіліңің тірегі, мәдениетінің арқауы.

  • Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан ата дәстүрінің желісін үзбей халқмыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі іс екенін түсіну іс жүзінде қолдана білу.


Пайдаланылған әдебиетер.

1.Абай. Шығармалары. Алматы . «Жазушы», 1968 ж.

2.Аасамаа М. Әдептен озбайық (мінез–құлық ережелері туралы әңгімелер

3.Ақ сандық,көк сандық. Алматы. «Жалын» ,1988 ж.

4.Жанұзақов Т.Есіміңіз кім? Алматы. «Жазушы» 1989 ж

5.Қазақтың жұмбақтары. Алматы. ҚКӘБ. 1959 ж.

6.Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы . «Рауан» 1991 ж.

7.Уәлиханов Ш. Мақалалар мен хаттар. Алматы. ҚКӘБ 1949 ж

8.Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар. Алматы. 1939.

9. Т.Тәжібаев,А.Құнанбаев. Жастарды тәрбиелеу туралы. Алматы. 1954





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет