Жылқы – қазақтың кәделі, бағалы қазынасы. Жылқы пірі – Қамбар ата. Жылқының жасы, түсі, жүрісі туралы. Ат әбзелдері. Жылқы малы туралы мақал-мәтелдер. (4-сағат) Сиыр малы киелі, қасиетті мал. Сиырдың пірі – Зеңгі баба. Сиыр малы туралы мақал-мәтелдер. (3-сағат) Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл-көсір. Қойдың пірі – Шопан ата. Қой, ешкі жасы. Қой малы туралы мақал-мәтелдер. (3-сағат)
Төрт түліктің төркіні (қойылым).
«Жеті жетекші» оқу-тақырыптық күнтізбелік жоспар
(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)
№
|
Тақырыптары
|
Сағат саны
|
|
Кіріспе. Эстетикалық тәрбие және халықтық педагогика.
|
1
|
|
Ұлттық мәденит, қазақ халқының көшпелі тұрмыс-өмір салты, эстетикалық талғам деңгейі.
|
1
|
|
Эстетикалық тәлім-тәрбие.
|
1
|
|
Ұлағатты ұлттық ұғымдар.
|
1
|
|
Бала тәрбиелеудегі салт-дәстүрлер.
|
1
|
|
Бесіктің тәрбиелік мәні.
|
1
|
|
Бесіктің құрылысы.
|
1
|
|
Қазақ халқының бесікке салу дәстүрін сатылай кешенді талдау.
|
1
|
|
Бесік жырына байланысты өлең-жырлар.
|
1
|
|
Бесікке қатысты жұмбақтар мен бата-тілектер.
|
1
|
|
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар.
|
1
|
|
Тұсау кесу. Тұсау кесу – алғашқы қадам басу.
|
1
|
|
Қазақ халқының тұсау кесу дәстүрін сатылай кешенді талдау.
|
1
|
|
Тұсау кесу рәсіміне байланысты туған өлең-жырлар.
|
1
|
|
Тілашар тойы. Қазақ халқының тілашар дәстүрін сатылай кешенді талдау.
|
1
|
|
Тілашар тойының өлең-жырлары, бата-тілектері. Өсиет сөздер.
|
1
|
|
Қазақы тыйымдар мен ырымдарын сатылай кешенді талдау. Адамның іс-әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар.
|
1
|
|
Балаға қатысты тыйымдар мен ырымдар.
|
1
|
|
Еңбек тәрбиесі. Қазақ халқының мал шаруашылығындағы тәрбиеге қатысты ұғымдарын сатылай кешенді талдау.
|
1
|
|
Түйенің пірі – Ойсылқара. Түйе қасиеті.
|
1
|
|
Түйе малына байланысты мақал-мәтелдер.
|
1
|
|
Жылқы – қазақтың кәделі, бағалы қазынасы.
|
1
|
|
Жылқы пірі – Қамбар ата.
|
1
|
|
Жылқының жасы, түсі, жүрісі туралы.
|
1
|
|
Ат әбзелдері.
|
1
|
|
Жылқы малы туралы мақал-мәтелдер.
|
1
|
|
С Сиыр малы киелі, қасиетті мал..
|
1
|
|
Сиырдың пірі – Зеңгі баба.
|
1
|
|
Сиыр малы туралы мақал-мәтелдер.
|
1
|
|
Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл-көсір.
|
1
|
|
Қойдың пірі – Шопан ата.
|
1
|
|
Қой, ешкі жасы.
|
1
|
|
Қой малы туралы мақал-мәтелдер.
|
1
|
|
Төрт түліктің төркіні (қойылым).
|
1
|
Халықтық педагогика дәстүрлерінің оқу-тәжірибе ісіндегі қолданылуы
Елдің елдігін сақтайтын - әдебиеті, тарихы, жол-жорасы.
Мағжан Жұмабаев
Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде халық педагогикасының озық үлгілерін, атап айтқанда, Ж.А.Қараев пен Ж.У.Кобдикованың „Үш өлшемді әдістемелік жүйе” педагогикалық технологиясы, М. М. Жанпейісованың „Модульдік оқыту“ технологиясы мен Н.А.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологияларын пайдалана отырып беру – нәтижелі тәрбие көзі болып табылады. Өзіндік бөлек орны бар бұл технологиялар – мұғалімдер үшін күнделікті тәжірибеде қолданып, әдістемелік шеберлігін арттыратын қажетті құрал.
Мектеп-интернатта пайдаланылатын педагогикалық технологияларының үлгісі ретінде Н.А.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясына тоқталсақ, білім берудің ең негізгі мәселесі – халықтық педагогиканы бүгінгі күннің талап-тілегіне сәйкес жүйелі пайдалана білу болмақ.
Ж.Аймауытовтың пікірінше: «Комплекс деген не? Өмірдегі құбылыстарды, нәрселерді бір тақырыптың, бір пікірдің төңірегіне жинап, қосып, түйдектеп, біріктіріп оқытуды комплекс деп атайды. Одан да дәлдеп айтқанда:
Өмірде шын жолығатын нәрселерді, құбылыстарды байланыстырып, ол құбылыстарды байланысқан, іліктескен, бір-біріне әсер еткен қалпында араларындағы қатынасын зерттеуді комплекс дейді. Комплекстің бірде-бір мәнісі – «түйдек», «жуымық», «топ» деген сөздерге тура келеді. Ненің түйдегі, ненің жуымығы десеңіз, әралуан нәрселердің түйдегі, жуымығы болу керек.
Мысалы: Қазақта құдалық болғанда немесе атқа, балуанға бәйге тіккенде, жол-жоралғы түсетін «тоғыз» деген нәрсе бар – «ат бастатқан тоғыз, жамбы бастатқан тоғыз, құндыз бастатқан тоғыз, қасқа тоғыз» беріпті деп келеді. Бір тоғызда тоғыз түрлі бұйым болады. Соның ең құндысы, қымбаты: ат не жамбы, не құндыз болғандықтан «бастатқан» деп атайды. Комплексті сол тоғызға салыстыруға болады. Комплекс ішіндегі бас тақырыпты, бас пікірді атқа, жамбыға, құндызға теңеуге болады. Бір тақырыпқа тоғыз түрлі нәрсе емес, одан да көп те, аз да нәрселер, құбылыстар тіркеуге мүмкін. Бұл тек мысал үшін айтылып отыр.
Тағы мысал: комплекс тақырыбы үй ішінің күзгі жұмысы екен. Әлгі ат, жамбы, құндыз орнына жүретін нәрсе осы екен. Енді мұның шапан – шоқпыт, орамал-шаршы сияқты бұйымдары не болады десеңіз, ол мыналар: әр баланың үйінде қанша жан барлығы, олардың жасы, жұмысы, күзгі шаруасы, шаруа саймандары, ол саймандардың қалай жасалуы, дамуы, еңбектің қайткенде өнімді болатыны, еңбек өнімді болуға күн райының, өсімдіктің, түрлі хайуанның, сайманның, адам күшінің есебі, күн райы, өсімдік өзгерістерінің себебі, еңбектің құнарсыз болуына ауыл (қоғам) арасындағы қолайсыз жағдайлардың (зорлық, қиянат) әсері, еңбектің жемісі, оның құны... деген сияқтылардың бәрі кіреді, зерттеледі, тексеріледі. Міне, бір тақырыптың маңына өмірдегі барлық құбылыстарды жинаған, түйдектеген деп осыны айтады».
Халық педагогикасының негіздері:
Адамның жан дүниесі
1. Тек, тұқым қуалау.
2. Түйсік пен ішкі сезім, жүрек тәрбиесі.
3. Бесік жыры, ақыл тәрбиесі.
4. Тіл, ойлау, зердесін ояту.
5. Табиғат тану.
6. Білім және логика.
7. Орта білім, азаматтық.
Адам физиологиясының кезеңдері мен халық педагогикасы негіздерінің
сызба нұсқасы
Адамның жан дүниесі мен
тән құрылысы
1. Тек, тұқым қуалау Тұқым тазалығы 1.
2. Түйсік пен ішкі сезім, Ана құрсағындағы 2.
жүрек тәрбиесі тоғыз ай
3. Бесік жыры, ақыл тәрбиесі Нәрестенің 40-на дейінгі, 3.
кейінгі кезең
4. Тіл, ойлау, зердесін ояту Балбөбек кезеңі 4.
5. Табиғат тану Балабақша кезеңі 5.
6. Білім және логика Бастауыш сынып, балиғатқа 6.
толу
7. Орта білім, азаматтық Кәмелеттік кезең 7.
Жалпы тіршілік иелерінің – тән жүйесі – өзін-өзі сақтау түйсігінің (инстинкт) арқасында қазіргі ғылым тілімен айтқанда, қалыпты физиологияның заңдылықтарын бұлжытпай орындауға тырысса, ал жан дүниесінің жүйесі-тәлімдік тәжірибенің заңдылықтарын қатаң сақтауға тырысқан. Жер бетіндегі тіршіліктің заңды жалғасы болып табылатын- адамдағы екі жүйеде – яғни Тән құрылысы мен Жан дүниесі де, бүгінгі физиология мен халық педагогикасы ғылымдарының заңдылықтарына бағынатындығына еш күмән жоқ. Ендеше, адамзат қауымы жасаған барлық ғылымдардың – атасы мен анасы – осы жоғарыда аталған екі ғылым. Сонымен, халық педагогикасының негіздері адамның физиологиялық кезеңдерінен тамыр тартады екен.
Кез келген халықтың жаңа буыны мен жас ұрпақтарының бастауы – шаңырақ көтеріп, жанұя құрудан басталатындығы табиғи шындық. Халық даналығы осынау бір аса жауапты кезеңді тіршіліктің ішкі мәнімен тереңдете түсіп: «...Адам ұрпағымен мың жасайды...»,– деп тұжырымдаған екен. Оны тек халық педагогикасының алуан түрлі арқауларына ғана сүйеніп қол жеткізбекпіз. Соның ішінде қазақтың халық педагогикасының ұлттық ерекшеліктерін жасайтын дәстүрінің маңыздысы – халқымыздың тегін сақтау.
Жұмыр жердің үстінде тіршілік ететін халықтың қай-қайсысының да халықтық тектерінің (гемофон) қалыптасқан қуат-күштерін білуге ұмтылмайтындары жоқ. Жалпы халықтық Тек дегеніміз не?..
Меніңше, бұл мақсатты орындау үшін кез келген халықтың, ең негізгі үштаған қасиеттерін білген жөн. Оларды сұрыптай тұжырымдасақ:
1. Халықтың салт-дәстүрі.
2. Халықтың сөз саптаулары немесе сөз өнері.
3. Халықтың ой өрнектері мен қолөнері.
Яғни:
халықтың ең оқшау ерекшеліктерін байқататын дәстүр- салты;
халықтың өзі қалыптастырған сөз саптаулары немесе сөз өнері;
терең тұжырымдардан тұратын ой өрнектері мен шеберлікпен жасаған қолөнері.
Міне, осындай қасиеттерін ажырата отырып, кез келген халықтың тегіне ой жүгіртуге болады. Өйткені, адамдық ТЕК – бүкіл бір халықтың, тіпті күллі адамзат қауымының, іштей түлейтін қуаттарының қайнар көзі. Қашанда, өзінің тегін түсінген халықтың ұрпағы қандай қиыншылық кездессе де төзе біліп, өздерінің алдына қойған мақсаттарына жетпей қоймайды екен. Мұның өзі түптеп келгенде, адам тәрбиесінің ата-баба зердесімен, тәрбиесімен аса тығыз байланыстылығын көрсетсе керек.
Мағжан Жұмабаев: «Тәрбиеден мақсұт – адамды һәм адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиеден мақсұт – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағанасымен адам қылып шығару»,– дей келе, тәрбиені төртке бөледі:
Тәрбие түрлері
1.Дене тәрбиесі
2. Ақыл тәрбиесі
3. Сұлулық тәрбиесі
4. Құлық тәрбиесі
Ал, Қ.Жарықбаев халықтық педагогикадағы тәрбиені төмендегідей бес түрге бөледі:
1.Тән мен тазалық тәрбиесі.
2. Еңбек пен өнер тәрбиесі.
3. Ақыл-ой тәрбиесі.
4. Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі.
5. Сыр мен сымбат тәрбиесі
Мағжан Жұмабаев айтқандай, «шын мағанасымен адам қылып шығару» үшін халықтық тәрбие қажет. Ол үшін ұлттық сана-сезімді, қадір-қасиеттерді, рухани құндылықтарды, мақсат-мұраттарды, мүдделерді, талғамды, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, жөн-жоралғыларды, ұлттық өзіндік шаруашылық жүргізу машықтарын, мәдениетті, өнерді және іскерлікті дарытудың таптырмайтын құралы – халықтық педагогиканы – өскелең ұрпақтың бойына сіңіре білу қажет.
Ендеше, қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой – толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.
Эстетикалық тәрбие және халықтық педагогика
Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениеті бар. Қазақ халқының да ғасырлар бойы қалыптасқан өзінің тәжірибесі, білімі, көркемдік пен сұлулыққа көзқарасы, рухани байлығы боп табылатын бай тарихи археологиялық, этнографиялық, әдебиет және көркемөнер мұралары бар. Бұлар халықтың тарихи өмірімен, әдет-ғұрыптарымен тығыз байланыста өмір сүрген.
Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-өмір салтында ұрпаққа көркемдік саласынан тәлім-тәрбие беру оның күнделікті өмірдің тыныс-тіршілігімен байланысты болған.
Қазақ халқы жаратылысынан өнерге өте бай, әрі оған бейім болған. Сондықтан ол өзінің сүйініші мен күйінішін жыр жолдары, ән-күй саздары арқылы шебер жеткізе білген. Өзінің көшпелі өміріне ыңғайлы етіп тұрмыстық заттарын әшекейлеуде, оларды көркемдік тұрғыдан ыңғайлы етіп жасауда ісмер болған. Эстетикалық талғам деңгейі жоғары болған. Күнделікті еңбек қызметінде қолданбалы, қолөнерін дамытып отырған.
Киім киісінде, жүріс-тұрысында, қонақ күтісінде, сый-сияпатында толып жатқан эстетика элементтері өз ұрпағын педагогика ғылымынсыз-ақ әдемілік пен әсемділікке баулуда тәрбие берудің тиісті құралына айналған. Сондықтан да қазақ халқында «Өнер көзі – халықта», «Шебердің қолы ортақ» деген ақыл сөзі жоғарыда айтқандарымызға дәлел болмақ.
Сонымен бірге халқымыздың өлең-жырлары, мақал-мәтелдері, ертегілері, шешендік, қара сөздері әрі көркем, әрі образды блып келетін ауыз әдебиетіне тән жанрлары әр түрлі жастағы жастарға эстетикалық тәлім-тәрбие беруде мәдени мұраға айналды.
Халық музыкасы, әнші, күйші, жыршы, жырау, ақындарының суырыпсалмалық шеберлігі мен шешендігі, орындаушылық қабілеті мен тапқырлық қырлары қазақ халқының өзіне тән басты ерекшеліктері. Осыған орай, ертеден өнер қуып, сауықшыл болған қазақ елі ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген. Аң аулап, құс салып, сауық құрған қазақ елінің бай мұрасы бүгінгі таңда да өз дәстүрін, мазмұнын жоғалтқан жоқ. Керісінше, қайта түлетуде. Осы орайда мектеп-интернат қабырғасында жүргізіліп, қолдау тауып отырған айтыс өнері, әншілік-күйшілік жарыстар, қыз сыны, жігіт сыны секілді байқаулар, шығармашылық кештер мен өнер сайыстары, наурыз тойын тойлау, онда халықтық мәдениет үлгілері мен өнер саласының әр түрлі элементтерін көрсету, бәрі де бүгінгі ұлттық тәрбиесінің өзегі болмақ. Оның негізі «Атамекен», «Кәусар бұлақ», «Сенім», «Алтын көмбе» т.с.с. бағдарламаларда баяндалған.
Балаларын ерте бастан еңбекке, алуан түрлі өнер бұйымдарын жасауға баулыған қазақ жұрты көркемдікке, талғампаздыққа дағдыландыра отырып, қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен асыл мұраларын көз қарашығындай сақтауға жетелеген.
«Өнерді үйрен де жирен»–деп Абай атамыз айтпақшы өнер атаулының көркемдік-танымдық маңызы зор, ол тұлғаны жан-жақты тәрбиелеуде аса маңызды құрал болып табылады. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, ұлтымыздың болашағы саналатын бүгінгі ұрпақты ұлттық мәдениет пен адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу мәселелеріне ерекше мән беріп отыр.
Ұлағатты ұлттық ұғымдар
Халқымыз іргелі үш жүз құрамынан тұрады.
Олар: Ұлы жүз - АҚАРЫС
Орта жүз - ЖАНАРЫС
Кіші жүз – БЕКАРЫС
Үш жұрт: 1. Ағайын жұрт. 2. Нағашы жұрт. 3. Қайын жұрт.
Үш арыс: 1. Сәкен. 2. Бейімбет. 3. Ілияс.
Үш қадірлі: 1. Ырыс. 2. Бақ. 3. Дәулет (Жиренше шешен).
Үш қасиет: 1. Өліде - аруақ. 2. Малда - кие. 3. Аста - кепиет.
Үш тағылым: 1. Мейірімнен-сауап 2. Жақсылықтан-шарапат.
3.Жамандықтан-кесапат.
Төрт тоқсан: Қыс тоқсан. 2. Жаз тоқсан. 3. Шілде тоқсан. 4. Күз тоқсан.
Қазақтың бала тәрбиелеудегі салт-дәстүрлерін сатылай кешенді талдау үлгісі
Бала тәрбиелеудегі салт-дәстүрлер
Достарыңызбен бөлісу: |