БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37



бет3/40
Дата27.12.2016
өлшемі6,58 Mb.
#5524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Бесіктің тәрбиелік мәні

Ал қазақ, мешел болып қалам демесең,

тағылымың мен бесігіңді түзе...

Мұхтар Әуезов

Қазақ халқының көпшілік салт-дәстүрлері баланың дүниеге келуімен байланысты туған. Отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі – бала. Халқымыз «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп ой түйген. Бұл – отбасы ошағының түтіні сөнбесін деген жеке бастың тілегінен туған мақал емес, сонымен қатар халықтың қамын қарастыру, елдікті ойлау, елдің ертеңгісі жөнінде қам жеу. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар», «Бір баласы бардың шығар – шықпас жаны бар, көп баласы бардың үйінде маздап жанған шамы бар», «Бала – адамның бауыр еті» деп, қазақ халқы баланы бақыт санап, тәрбиесіне көп көңіл бөлген.

Халқымыздың бала тәрбиесіне қатысты дәстүрінің бірі – жаңа туған баланы бесікке бөлеу. Бесік– қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Ол алдымен гигиеналық жағынан бала тәрбиесіне қолайлы: біріншіден, көшіп-қонғанда түйеге артып жүруге оңай, екіншіден, баланы емізгенге өте ыңғайлы. Баланы жөргектен шешіп жатпай-ақ, ана бесікке асылып отырып емізе береді. Тіпті, анасы емізе отырып, мызғып алады. Үшіншіден, бесік бала денесінің тазалығына, ұйықтауына жақсы. Баланың зәрі денеге жайылмай, шүмек арқылы түбекке кетеді. Денесі құрғақ болса, бала жайлы жатып, тыныш ұйықтайды.

Баланы бесікке кіндігі түсіп қатқан соң, 5-ші немесе 7-ші тәуліктерден қалдырмай бөлеуге тырысады. Уақытын созып кешіктірген сайын баланың бесікке жатуы қиындай береді.



Бесіктің құрылысы. Бесік – түп-түгел ағаштан жасалынады. Қазақ халқы негізінен талбесікті ерекше қадірлеген. Себебі, талдан жасалынатын бесікке – иіс-қоңыс та сіңбеген, оның үстіне талдан шығатын эфирдің иісіне толып жатқан әртүрлі кішігірім жәндіктер де жоламайтын болған. Бесіктің басы мен аяғы жұмыр талдан иіліп жасалынса, оларды керме ағаштармен қосып, оп-оңай құрастыра қояды. Талбесіктің жоғарыда айтылған артықшылықтарына қоса, оның жеңілдігі мен тербетуге ыңғайлылығы ана үшін қолайлылық тудырады. Бесіктің нәрестені бөлеуге пайдаланатын жұмсақ заттарын – «баланың жөргегі» деп атайды.

Бесіктің құрамындағы заттар: түбек, шүмек, бесіктің жазғы жабуы, бесіктің қысқы жабуы, қол бау, тартпа бау, бас жастық, екі бел жастық, аяқ жастық, бел көрпеше, аяқ көрпеше, арқалыққа ілінетін жез қоңырау.

Бала бөлеген бесіктің үстіне жеті түрлі нәрсе жабылады. Әр жабылған нәрсенің өзіндік мәні бар. Мәселен, ең бірінші етіп бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон, жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдар жабылады. Тон, шапан жабу – ержеткенде бала халыққа қадірлі болсын деген тілек; жүген жабу – ат ұстайтын азамат болуын тілеу; кебенек, қамшы жабу – ел қорғайтын батыр болсын деген тілек.

Бесікке салғандарға бірнеше білезік, сақина, жүзік үлестіріледі. Ал бесікке салған бәйбішеге «бесікке салар» кәделі сыйлығы беріледі.



Қазақ халқының бесікке салу дәстүрін сатылай кешенді талдау үлгісі

Бесікке салу





1. Жас нәрестені бесікке салады, себебі, бесік алдымен гигиеналық жағынан бала тәрбиесіне қолайлы: біріншіден, көшіп-қонғанда түйеге артып жүруге оңай, екіншіден, баланы емізгенге өте ыңғайлы, үшіншіден, бесік бала денесінің тазалығына, ұйықтауына жақсы.




2. Бесікке салу ырымдары. Баланы бесікке саларда жасалатын «Тыштырма» ырымы болады, себебі, әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі «балаға бесік құт дарытсын» деген ниетпен туған рәсім. Бұл ырым баланы бесікке бөлерден бұрын жасалады, бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит және басқа тәтті дәмдер жапа тармағай астына тосылған алақандарға тасталады.



3. Бесік жабдықтары: түбек, шүмек, бесіктің жазғы жабуы, бесіктің қысқы жабуы, қол бау,тартпа бау, бас жастық, екі бел жастық, аяқ жастық, бел көрпеше, аяқ көрпеше, арқалыққа ілінетін жез қоңырау.




4. Баланы бесікке бөлеу тәртібі. Баланы бесікке салардан бұрын, ауылдың жасы үлкен, тәрбиелі, өнегелі әжесі бесік жабдықтарын орын- орындарына қояды. Содан кейін бесікті

адыраспанмен аластап шығады.






5. Бесік жыры. Бөбегін бесікке бөлеген ана әндете тербете отырып, «бесік жырын» айтады. Мұнда ата-ананың балаға деген шексіз мейірімі, оның келешегіне деген үміт-сенімі, арман- мақсаты айтылады, ана махаббаты «бесік жыры» арқылы жеткізіледі.




6. Бесік үстіне қойылатын жеті түрлі зат: бесік көрпе, шапан, кебенек, тон, жабу, жүген және қамшы. Тон, шапан жабу – ержеткенде бала халыққа қадірлі болсын деген тілек; жүген жабу- ат ұстайтын азамат болуын тілеу; кебенек, қамшы жабу – ел қорғайтын батыр болсын деген тілек.


7. Бесік тәрбиесі – адамның алғашқы тәрбие көзі.

Халық тәлімі – ең алдымен түн ұйқысын төрт бөліп, тал бесікті тербеткен ананың мейірлі махаббатқа толы әлдиі– бесік жыры.

Ұлы Абай: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар»,-дей келіп, «Жүрек тербеп оятар, басты, миды»,-деп, бесік жырының мәні мен маңызына көңіл бөлуді меңзейді. Ұрпақ тәрбиесіндегі көкірек көзін оятар кілтті қолыңызға ұстатқандай болады.
Батаменен ел көгерер

Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрлерінің бірі – бата-тілек білдіру. «Баталы құл арымас», «Көп тілеуі көл», «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдірген. Ауылдың көнекөз қариялары:

«А, құдай жас нәрестеге ұзақ ғұмыр бер!

Жас нәрестенің күлкісі бұлақтай болсын.

Ойыны секірген лақтай болсын.

Қыдыр дарып, әулие-әмбиелер қолдап,

Бақ пен дәулет басыңа қатар қонсын!

А, құдай жомарттың қолын бер,

Сапарлының жолын бер!

Қыздың қылығын бер.

Судың тұнығын бер!

Жолбарыстың жүрегін бер.

Асудың арынын бер.

Түнгі оттың жалынын бер.

Асқар таудың паңдығын бер.

Бұлбұлдың таңғы үнін бер.

Даланың жазықтығын бер.

Гүлдің нәзіктігін бер.

Теңіздің тереңдігін бер.

Қыранның көрегендігін бер.

Ердің көңілін бер.

Серінің серілігін бер!..»–

деп дүниедегі нелер тамаша қасиеттердің бәрін жас нәрестенің бойына беруді тәңірден тілеп, сәбидің ел қамын жейтін өнегелі-өнерлі, «сегіз қырлы, бір сырлы» абзал азамат болуын тілеген.
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар

Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады.

Үйге келген адам бос бесікті тербету арқылы өзінің ұрпақсыз қалғанын үндемей-ақ білдірген.

Бесікті сатуға, кез келген адамға беруге, аяқ астына тастауға болмайды. Қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым саналады. Баласы көп үйдің бесігін жақсы ырымға жорып, тек жақын туыстары қалап алып, жаңа түскен келіннің отауының төріне қойған. Бесікті ашық қалдырмайды, орап қояды. Бос бесіктің өзін анда-санда отпен аластап, жын-шайтаннан қорғаған.




Тұсау кесу – алғашқы қадам басу...

Тұсау кесу. Бұл бала қаз тұрып, тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр. Ол әдетте баланың туғанына 12-14 ай толғанда жасалада. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 метр ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншек, бейбішелері түгел шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашу әкеледі: құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ т.б.

Баланың шешесі шаруаға икемді, елгезек, пысық әйелдердің біріне қайшы мен жіпті ұстатып, баласының тұсауын кесуді ұсынады. Тұсау кесуші әйел жүре бастаған баланың аяғына ала жіппен тұсау салып жатып:



Қаз-қаз, балам, қаз, балам, Тай-құлын боп шаба ғой.

Қадам бассаң мәз болам! Озып бәйге ала ғой.

Күрмеуіңді шешейін, Қаз баса ғой, қарағым,

Тұсауыңды кесейін. Құтты болсын қадамың,

Қаз-қаз, балам, қаз, балам. Өмірге аяқ баса бер,

Тақымыңды жаз, балам! Асулардан аса бер.

Қадамыңа қарайық, Жүгіре қойшы, құлыным,

Басқаныңды санайық. Желбіресін тұлымың.

Балтырыңды түре ғой. Ілгері бас, шегінбе, -

Тәй-тәй, қаз-қаз,

Қадамыңды бас-бас.


деп өлеңдетіп отырып, тұсау жіпті қайшымен қияды да, баланы 3-4 аттатады. Бұдан кейін ойын-тойға келген 2-3 жастағы балаларды жарыстырып, күрестіріп, озғандарға бәйге береді. Көп құлайтын баланы тұсауын кесуші шешесінің шабандығынан деп күлкі-қfлжың қылады. Тамақ ішу кезінде әзіл-қалжың, ойындар ойналады. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Той тарқарда үлкен бәйбішелер тойдан немерелеріне сарқыт деп, қалталарына кәмпит, бауырсақ, құрт-ірімшік салып алады. Тұсау кескен әйелге «тұсау кесер» көйлек немесе аяқ киім сыйлайды.
Тәй-тәй

Өлеңін жазған – Е.Елубаев

Әнін жазған – Ш.Жағыпаров

Сені қашан көрсем деп,

Үйге асығып жетем.

Үлбір беттен өбем деп,

Ұшып-ұшып кетем

Қайырмасы

Тәй-тәй,


Тәй-тәй,

Күле қойшы, бөпешім.

Тәй-тәй,

Тәй-тәй,


Жүре қойшы, бөпешім.

Қатарыңнан кем болма,

Ер жеткенде, бөпем.

Қанаттанам сен барда,

Жетер көкке төбем.
Қазақ халқының тұсау кесер дәстүрін сатылай кешенді талдау үлгісі

Тұсау кесер


1.Сәби «тәй-тәйлап» жүре бастағанда тұсауын кеседі, себебі, сәбиі қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.



2. Баланың шешесі шаруаға икемді, елгезек, пысық адамдардың біріне тұсауын кесуді ұсынады, себебі, баласы шаруаға икемді, елгезек, пысық болсын деген тілектен.





3. Тұсау кесетін жабдықтар: ала жіп, тоқ ішек, көк шөп, қайшы немесе өткір пышақ


4. Тұсау кесер тәртібі:

а) ала жіппен кеседі, себебі, өмірде ешкімнің ала жібін аттамасын деп;

ә) тоқ ішекпен кеседі, себебі, өмірі тоқшылықпен өтсін деп;

б) көк шөппен кеседі, себебі, ұрпағы көк шөптей қаулап өссін деп.

Бұдан соң «Жүйрік бол!», «Шауып кет!» т.б. тілектер айтылып, тұсауы кесілген соң, сәбиді екі адам ортаға алып шығып, тез-тез жүргізеді. Осы кезде «Тұсау кесер» жыры шырқалады.





5. Тұсау кесер жыры айтылады, себебі, мұнда ата-ананың балаға деген шексіз мейірімі, келешегіне деген үміт-сенімі, арман-мақсаты, алғашқы өмірге басқан қадамына білдірген қуанышы шырқалады


Өмір гүлі

Өлеңін жазған – Б. Серікбаев

Әнін жазған – Ж. Назаров

Тәй-тәй, балам , тәй-тәй балам, жасқанба,

Самғап әлі ұшарсың көк аспанға,

Ізің қалар жер бетінде шұбырып,

Сен дірілдеп тұңғыш қадам басқанда.

Алғаш рет аяғыңнан тік тұрып,

Өжеттікті кеттің маған ұқтырып.

Жер бетінде із қалдыру үшін де

Өзіңе-өзің сене білу – мықтылық.

Шек бола ма қуанышта бұл күнгі,

Жүрегімде тәтті сезім бұлқынды.

Ертіп алып бара жатыр бұлақтар

Кірбіңі жоқ сенің мөлдір күлкіңді.

Өмір гүлі өмірімнің жалғасы,

Түсті табаныңның таңбасы.

Тәй-тәй басты Жер шарының иесі,

Мамасы, оны сүріндіріп алмашы.
Тілашар тойы

Мектепке бару тойы от басында өткізіледі. Өйткені бұл – отбасылық қуаныш мерекесі. Ата-ананың өбегі мен аялы алақанының жылуында өсіп, жыл өткен сайын төңірегіне іңкәр көзбен қарап, бәрін білгісі, көргісі кеп құштарлана түсетін жас балдырған жетіге толған соң мектеп есігін ашып, үлкен өмірге алғашқы қадамын жасайды. Бұл күн оның мәңгілік есінде сақталып қалады. Осындай шаттық пен қуанышқа толы мерейлі күнді өмір бойы ұмытпай еске алып жүру үшін де, жан дүниесіне жақсылық нұрын сеуіп, балапан сезімді байыта түсу үшін де мұндай тойдың тағылымдық жолы мол.

Баласының білім әлеміне алғашқы қадам жасауын ата-ана да үлкен қуаныш деп есептейді. Кішігірім дастарқан басында қуаныштарына сүйсіну олар үшін үлкен мерей, мақтаныш болмақ. Бұл, бір жағынан, ата-ана парызы саналады.
Тілашар

Алтыға толдым биыл мен,

Оқушы болып киінем,

Арқама сөмке асына,

Мектепке барам,

Мектепке барам, асыға.



Қайырмасы

Е – е – ей!

Еркеңіздің мойнына,

Ақ жағасы жарасар.

Е – е – ей!

Кел, келіңіз, тойыма,

Тойымның аты,

Тойымның аты,

Тойымның аты – тілашар!

Қолыма алып әліппе,

Үңілдім тұңғыш әріпке.

Қоңырау үні сыңғырлап,

Тұрғандай маған,

Тұрғандай маған қол бұлғап.



Қайырмасы

Қарындаш салдым қалтама,

Отырдым тұңғыш партаға,

Білімге қарай жол ашқан

Мың алғыс саған,

Мың алғыс саған, ата-ана!



Қайырмасы
Адам болам десеңіз...

Тірі боп жүз жыл жасап тек тұрудан

Бір күн артық елі үшін еңбектенген.

Баубек Бұлқышев

Бақыт барын салып еңбектенгенге бұйырады.



И. Гете

Сөз – халықтың қымбаттан қымбат кені.



Сәбит Мұқанов

Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды.



А.Құнанбаев
Тілашар батасы

Ақылың ассын,

Ықыласың тассын,

Балаң үйірлі болсын,

Қызың шүбірлі болсын,


Жақының көп болсын,

Дұшпаның жоқ болсын,

Жақсы келсін қасыңа

Нұр жаусын басыңа

Көшің көлікті болсын

Қонысың түлікті болсын,

Қатулықтан аулақ бол,

Татулыққа жақын бол

Дәуренің сәнді болсын,

Ғұмырың мәнді болсын,

Таңың азанды болсын,

Үйің қазанды болсын,

Шаңырағыңа шаттық құйылсын

Дастарханыңа жұрт жиылсын



Осы айтқандарым пайғамбардың құлағына шалынсын, Әумин!
Қазақ халқының тілашар дәстүрін сатылай кешенді талдау үлгісі


Тілашар тойы





1. Бүлдіршіннің тілі жеке-жеке сөздерді айтуға икемделе бастағанда «тілашар тойын» жасайды, себебі, ата-анасы баласының әрі ділмар, әрі шешен болсын деген тілегінен. Бұл тойда мал сойылып, ауылдың ділмар, шешен ақсақал қариялары арнайы шақырылады.



2. Тілашар тойының ырымы: ауылдың ділмар, шешен ақсақал қариялары баланың тілі тез шықсын деген ниетпан балаға

қойдың тілін жегізеді.




3. Тілашар тәртібі: Ауыл ақсақалдары «Тілің тез шықсын!» деп, қой ішегімен буындырып тұрып, «Сөйлейсің бе?» деп үш рет «сөйлеймін» деген уәде алады


4. Тілашар тойының батасы. Той соңында ақсақалдар «Сандуғаштай сайрап кет!»,«Жиреншедей шешен бол, Жәнібектей

көсем бол!» т.б. ақ баталарын беріп тарқасады.




Жолға шыққан балаға бата

Жортқанда, балам, жолың болсын,

Қалтаң ділдәға толсын!

Бір толмасын, жылда толсын!

Өмір-жасың ұзақ болсын!

Қатарынан озған өрен бол,

Қыз көзіндей терең бол!

Сынай қалса – құлақ сал,

Мақтай қалса – керең бол!
Өсиет сөздер

Жамбыл Жабаев

Ой-хой, дүние-серуен!

Адам бір көшкен керуен.

Дүниені қызық қалдырып,

Асамыз өмір белінен.

Кірсе, лебіз. Шықса жоқ,

Қауіп етіңдер өлімнен.

Қылышбайдан таралып,

Сөз нұсқасы келінген.

Дос-жаранға, кемтарға,

Қайырлы бол делінген!

Қылған қайыр болмаса,

Не әкетесің өмірден?

Аңса жаным

Мұқағали Мақатаев

Мен тілеймін.

Жарқыным, сен де тіле:

Жақсылық орнасын де жер бетіне.

Аққу тіле айдынның келбетіне,

Айдын тіле аққуды тербетуге.


Мен аңсаймын.

Сен-дағы аңса, жаным.

Жақсыда жайлап ескен жан самалын.

Аңса, жаным,

Зарығып, шарша, жаным.

Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың,

Аңса, жаным!

Мен сағындым.

Сен-дағы сағын, жаным.

Адамнан тек жақсылық табылғанын.

Ашусыз, ала көзсіз бауырлардың

Аңсаймын алқам-салқам қауымдарын.


Көңілім болмас-дағы қанша жарым,

Солармен білінбейді шаршағаным.

Жақсыдан жайлап ескен жан-самалын,

Жабықпай аңса, жаным,



Аңса, жаным!..

Қазақы тыйымдар мен ырымдарын сатылай комплексті талдау үлгісі
Адамның іс-әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар


1. Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, себебі, бұл әдепсіздіктің белгісі.



2. Тырнақты тістеуге болмайды, себебі, үйден ырыс-несібе кетеді.



3. Таңдай қағуға болмайды, себебі, ол – жаманшылық шақыру белгісі.



4. Құран оқығанда күлуге, құранды жерге тастауға болмайды, себебі, ол – киелі нәрсе.



5. Тізені, табанды тартуға болмайды, себебі, ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.



6. Түнде айнаға қарамайды, себебі, адам түнде айнаға қарағанда қатты шошынуы мүмкін.


7. Итті, мысықты тебуге болмайды, себебі, әрбір жан-жануардың киесі болады




8. Ер адам төрге қарап жүрелеп отырмайды, себебі, ол қырық адамның жолын бөгейді.


9. Ауылға атпен шауып келуге, үйге жүгіріп кіруге болмайды, себебі, бұл қауіп-қатердің не адам шығынының хабары деген жаман

ырымға саналады.





10. Басты маңдайдан бастап жуады, себебі, жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады деген ұғым бар.


11. Жақын адамға мысық беруге болмайды, себебі, аралары суып кетуі мумкін.




12. Жақты таянбайды, себебі, қайғы- қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады.


Балаға қатысты тыйымдар мен ырымдар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет