БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37



бет8/40
Дата27.12.2016
өлшемі6,58 Mb.
#5524
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40

Шхан Нұрлан Елемесұлы


БҚО, Қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің оқытушысы

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ


(тәрбие бағдарламасы)
Бағдарламаның негіздемесі:

ҚР «Білім туралы» заңы , 2007 жыл 27 шілде.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының заңы , 2004 жыл 7 шілде.

2005 жылғы «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы»

2006 жылғы «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006–2008 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы»

«ҚР Білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбиенің кешенді бағдарламасы», 2006



Бағдарламаның мақсаты:

Жас ерекшелігіне сай жеке тұлғаға рухани-адамгершілік мәдениетті, эстетикалық талғамды, салауатты өмір салтын, Қазақстанды өз отаны санайтындай патриоттық сезімді, қоршаған ортасымен өз елінің табиғатына жанашыр, еңбек сүйгіштік тәрбие объектілерін (көзін) объективті таныту. Жеке тұлғаның өзін-өзі танып, өз бойындағы тәрбие келеңсіздіктері мен мінездегі мінін тауып, оны өз бетімен рухани-адамгершілік және азаматтық заңды тұлға тарапынан қалыптастыруға тәрбиелеу. Қоғамдағы кері тартпа арандатушылықпен діни ағымдардың ықпалын айыра алатын, жезөкшелік пен жемқорлыққа мойын сұнбайтын деңгейге қол жеткізу. Жеке тұлғаның бойындағы тәрбиенің келеңсіздіктерін жойып, жеке тұлғаны қоғамның нұрлы ақыл, жылы жүректі, ыстық қайратты «Ар ұялар іс қылмас ақылы зерек» (1/3) азаматы етіп қалыптастыру.



Бағдарламаның міндеттері:

Тәрбие теориясы арқылы тәрбие мәдениетінен жеке тұлғаның сауаттылығын арттыру. Жасөспірімдерге «Әдептілік ар-ұят, адамдықтың белгісі» (2/2) екендігін танытып, «Тұрпайы мініз тағы жат, Надандықтың белгісі» (3/2) ағартушылық сауаттылықтанда зор сауатсыздық тәрбиесіздіктен екендігін меңгерту арқылы жеткіншек жастарға сабырлы мінез, салқын қандылықты таныту. Соның салдарымен жеткіншек бозбалаң-бойжеткен жастарға «Әйел жерден шыққан жоқ, еркек оның әкесі, Еркек көктен түскен жоқ, әйел оның анасы» (4/2) екенін таныта отырып, отбасылық тәрбие мен сыйластықтың мәдениетін таныту.



Іске асыру жолдары:

  1. Тәрбие көзін (обьектісін) айқындау.

  2. Тәрбие аспектілері мен субъектілерін айқындау.

Тәрбие объектісі:

Жеке тұлғаның бойындағы тәрбиенің келеңсіздіктері.



Шешу жолдары:

  1. Ұлттық тәрбие

  2. Абай тағылымы

  1. Ұлттық тәрбиеден алынатын аспектілер:

а/ Халықтың: «Баланы бес жасқа дейін патшаңдай сыйла, бестен он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бестен досыңдай сыйлас» қағидасы.

б/ Еңбек тәрбиесіндегі баланың жас ерекшелігі.

  1. Абай тағылымынан алынған аспектілер:

а/ Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы ұстаз, жақсы құрбыдан болады (5/3).

б/ Абай тағылымындағы толық адам – жеке тұлға.

Тәрбие субъектілері:

  1. Жеке тұлғаны қалыптастыратын бірінші субьекті – жақсы ата-ана.

  1. Жеке тұлғаны қалыптастыратын екінші субьекті – жақсы ұстаз.

  1. Жеке тұлғаны қалыптастыратын үшінші субьекті – жақсы құрбы.

Қаржыландыру көздері:

Тәрбие сағатын тағылымтану пәні ретінде алғанда тәрбие сағатына берілетін сынып жетекшісінің апталық 45 минуты толық жетпейді. Тәрбие тағылымын объективті меңгерту үшін қосымша 45 минуттық сағат санымен төлемақысын сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына бөлінген сағаттардан алып, сабақ кестесіне тәрбие тағылымы тағылымтану пәні есебінде қойылады. Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептердің оқу жылына берілген апталық жүктемесіндегі вариативтік сағаттарынан қарастыруға болады. Мамандандырылған мектептерде «Дарын» РҒПО-нан бөлінетін қосымша білім беру сағаттарынанда қарастырған дұрыс.



Күтілетін нәтиже:

Бағдарламаны іске асыру барысында төмнедегідей нәтижелерге қол жеткізу көзделеді.

- Рухани-адамгершілік қасиеті жоғары, азаматтық борышы мен қазақстандық отанға деген патриоттық сезімі биік, эстетикалық талғамы биік; салауатты өмір салтын саналы ұстанатын, еңбекқор, әр ісін «Талаппен бастап, талғаммен аяқтайтын» (6/15), «Ар ұялар іс қылмайтын ақылы зерек» жігерлі де жылы жүректі, нұрлы ақылды, ыстық қайратты жеке тұлғаны қалыптастыру.

Кіріспе

Қазақстанның келешегі бүгінгі нарық заманына сай бәсекелі ел бола алуында. Мұны ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2004 жылғы халыққа жолдаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» жолдауында атап көрсетті.

Елдің келешегі заманның нарық талабына сай бәсекелі білім мен бәсекеге қабілетті экономикалы ел болуымен шектелмейтіні сөзсіз. Сол экономиканы жүзеге асыратын саяси құрылымы берік ел болуы шарт. Қоғамның саяси бәсекелестігі елдің тұтастығын білдіретін мемлекеттің идеологиясы мен конституциялық заңнамасы мықты болуында. Ол үшін біз мемлекеттің ішкі саясатын конституциялық негізде жетілдіре отырып, келешек қоғам өкілдерін дайындайтын қоғамның тал бесігі мектепте тәрбиеленетін жастарды ел идеологиясының негізінде тәрбиелеуіміз керек. Сонда сыртқы радикалдық діни ағым мен саяси терроризм, ішкі сыбайластық пен әлеуметтік қамсыздық, құлдыраушылық, жеке тұлғалы жетесіздік, нашақорлық пен жезөкшелік қоғамның келешегі үшін қауіпті болмас еді. Біз қоғамға қауіпті күшке тайынбай қарсы тұру үшін де қоғамның тал бесігін заманға сай түзеуіміз керек. Ол үшін қазақ мектебінің құрылымы мен мазмұны бүгінгі білім реформаларына сай үндестік табуы керек.

Мағжан Жұмабаев айтқандай «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да – мектептің қандай негізде құралуына барып тірелетінін» (7/5) ескерсек, келешек Қазақстан білімінің сапасымен қоса елдің тағдырын шешетін қоғамның тал бесігі мектеп екендігі айқындала түседі.

М. Жұмабаев ойын одан әрі: «Мектебімізді берік һәм өз жағдаймызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегімізге тайынбай-ақ серттесуге болады. Ондай негізде құра алмасақ, болашағымыз да күңгірт болмақ» (8/5), - деп сабақтай түседі. Яки, қазақ мектебі бүгінгі Қазақстанның саяси-экономикалық дамуы мен идеологиясының негізінде берік қалыптасып, ұлттық рухымызбен үйлесімін таба алатын әлемдік өркениеттің құндылықтарымен қорландырылуы қажет. Бұл қажеттілікті заман ағымыда қажетсініп отыр.

Заманында Әл-Фараби бабамыз айтқандай «Тәрбиесіз білім, сәбиге қару ұстатқанмен бірдей» екендігін адам баласы әлденеше рет дәлелдеп келді. Сананың өсуімен өркениет дін атаулыны тәрбие мен еңбектің, кейін саясаттың арқауына айналдырды. Өркениетте діни ағымдардың алдына шыққан мұсылмандық исламның өзі өмірге кереғарлық танытып отыр. Тек дін емес өркениетке кепіл болып отырған ғылымның дамуы да өмір кереғарлығының құрамды құралының біріне айналып, бірі дамытса, бірі жойқын жойғыш күш көзі болып отыр. Осыны қолға алған кез келген билік өкілеттері өз шама шарқынша, әлемдік деңгейде өз ұстанымына пайдалануда. Осыдан келіп туындайтын бірден-бір жол өркениетке негізделген адамгершілік құндылықтардың қарама-қайшылық танымын танытатын тәрбие көздерін ашу болмақ. Осы мақсаттағы ізденіс жұмыстарынан тәрбие тұжырымдамасы қалыптасты.

Тәрбие тұжырымдамасының ұлттық тәрбие жүйесіне негізделделуінің өзі үлкенді Сырым Датұлы айтқандай ұл өсіп, қыз бой жеткенде Қадыр Мырза Әлі ойлағандай жастық қайратымен үлкеннің кемеңгерлігін ұстанатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Бағдарламаның негізін жүзеге асыру үшін ұлттық тәрбие көзінен бірнеше аспектілер алынып отыр. Соның ішінде жеке тұлғаны қалыптастыру үшін қажетті деп саналатын аспекті: «Баланы бес жасқа дейін патшаңдай сыйла, бестен он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бестен досыңдай сыйлас» қағидасы мен еңбек тәрбиесіндегі баланың жас ерекшелігі және Абай тағылымынан толық адам – жеке тұлға жақсы ата-ана, ұстаз, құрбы-құрдастары арқылы қалыптасатыны беріліп отыр.

Сонымен қатар бұл бағдарлама тәрбие объектісін танытатын тұлғаларға байланысты жобаланған. Яки алдымен жеке тұлғаға тәрбие обьектісін танытатын субъекті – ата-ана болғандықтан бағдарламаның бірінші бөлімі ата-анамен жұмысқа негізделген. Екінші бөлімі жеке тұлғаға тәрбие көзін танытатын балабақшасындағы тәрбиешілер мен мектеп қабырғасындағы тәлімгер, яки сынып жетекшісі жүргізетін тағылымтануға негізделген. Бағдарламаның соңғы үшінші бөлімі жақсы құрбыны ұжымдаса тануға негізделген жастар ұйымының құрылымдық формасымен берілді.

Нәтижесінде ұлттық тәрбие жүйесінің негізі – Ұлы Абай тағылымында екендігін ашып, толық адам болудың жолы салынғанын жеке тұлғаға таныту. Әрине, бағдарламаны жабдықтай отырып, жоғарыда келтірілген мемлекеттік заңнамалармен, бағдарламаларды зерделей келгендегі тоқтам осы болғанымен, мұның өзін қатып қалған қағида санаудан аулақпыз. Өйткені жеке тұлғаның аты – жеке тұлға. Тұлға бітімі - тәрбиенің басты негізі, бірақ тәрбие көзі емес. Сондықтан тәрбие атауы өміршең болып қала береді. Дегенмен, тәрбие теориясының жүйесі адам санасының оянып қалыптасуымен теориялық тұрғыда жүйеленуі тиіс. Міне, осы тұрғыдан келгенде Абай тағылымына сүйене отырып, тәрбие тану саласын үш сатылы етіп қарастырып келеміз.
І. Жеке тұлғаны қалыптастыратын алғашқы субъекті – жақсы ата-ана

Бүгінде мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс жаңаша көзқарастағы жүйелі жұмысты қажет етеді. Әсіресе, ауылдық жердегі ата-аналар отбасында балаға дұрыс тәлім-тәрбие бергенімен көбіне баласы сабақ үлгерсе болдымен жүріп, мектеппен қарым-қатынасын үзіп отыр. Енді бірі, баласына дені дұрыс білім бере алмай, шарасыздық танытып отыр. Көзі ашық ата-анадан басқасы білім күшіне сене алмай, заман ағымының жетегінде, «ақшасы бар келешек тағдырын шеше аладымен» жүр. Осы орайда, халық тағылымынан Абайдың: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады», (9/3), - деген келелі ойы еріксіз еске оралады. Сондықтан, мектеп пен ата-ананың байланысын жолға қою үшін мектеп қабырғасында этнопедагогикалық тәрбие жұмысын ата-аналардан бастап жүргізген дұрыс. Өйткені, бала тәрбиесінде ата-ананың ықпалы басты орында тұр.



«Баланың басты ұстазы – ата-анасы» (10/3) демекші, Абай тағылымын басшылыққа ала отырып, бала тәрбиесін этнопедагогикалық негізде жүргізу үшін ата-анаға жан-жақты көмек көрсету шаралары қолға алынуы керек. Соның бірі, сынып оқушыларының ата-аналар жиналысын белгілі бір тәрбие тақырыбында жүргізу болып табылады. Тәрбие тақырыбы – оқушы бойынан танылған тәрбиенің өзекті мәселесіне құрылып, отбасында сол мәселені бала бойынан қалай көріп, байқаудың жолдарын көрсетуге негізделгені дұрыс.

Мектеп қабырғасында ата-анаға этнопедагогикалық көмектің тағы бір түрі – «Ата-анаға кеңес» бұрышын ұйымдастыру болып табылады. Сыныптағы ата-аналарға этнопедагогикалық кеңес бұрышында көтеріліп отырған тәрбие мәселесінің шешімі халық тағылымында қалай беріліп, не айтылып, қандай ой тұжырымдалғаны көрсетіледі. Сонымен қатар, халқымыздың ұлы ойшылдары айтқан ой-толғаныстары мен пікір-ұсыныстарын, нақыл сөздерін де шығарып отыру тиімді. Біз ата-анаға кеңес бұрышы арқылы оқушыға да кемелді тәлім-тәрбие беріп отырамыз. Өйткені, оқушы сыныптағы «Ата-анаға кеңес» бұрышынан өзіне қатысты тәлім-тәрбиеден қажетті ақыл-кеңестер алып, келешек бала тәрбиесіне қажетті тәрбие әдістемесімен таныс болады.

Бала тәрбиесіндегі ата-анаға қажетті көмектің бірі – танымдық тағылым газетін ұйымдастыру. Тоқсанға бір шығарылатын (ай сайын шығарып тұруға да болады) танымдық тағылым газетін ұйымдастырудағы мақсат балаға үйден сауатты да саналы психологиялық тәлім-тәрбие мен білім беруге негізделген. Газет арқылы оқушының сабаққа ынтасын арттырып, өз бетімен дайындалу дағдыларын қалыптастыруға болады. Сондай-ақ, тәрбиелі отбасындағы мектеп шәкірттерінің өнегесін насихаттау да назардан тыс қалмағаны абзал. Мұның өзі мұғалім, оқушы мен ата-ананың тәрбие проблемасына жаңаша көзқараспен қарай отырып, қоғамдық деңгейде жұмыла кірісіп, тәрбие мәдениетін жоғары деңгейге көтеретіні сөзсіз.

Бүгінгі қоғамда көптеген ата-аналар комитеттері мен комиссиялары, қоғамдық ұйымдары жұмыс істеуде. Мұндай игілікті істер мектеп қабырғасында да атқарылып келеді. Бірақ, мұның өзі көбіне мектеп басшыларының қатаң талаптары мен қадағалауларының арқасында іске асып келе жатқаны жасырын емес. Сондықтан, мектеп оқушыларының ата-аналар алқасын ұйымдастыру жұмыстарына да жаңаша бағыт-бағдар керек. Ата-аналар алқасы мектеп пен ауыл тұрғындарын байланыстыратын, мектептегі мәдени шаралар мен мектепішілік сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарына ата-аналарды тартатын қоғамдық белсенді топ болуы тиіс. Оған ауылдық жерде педагогикалық кеңес беретін педагог зейнеткерлер тартылуы керек. Мүмкін болған жағдайда ЖОО-нан қажетіне қарай, көтерілген педагогика-психологиялық мәселелердің ауқымына қарай тиісті мамандар шақырылып, не электронды почтамен немесе дистанциондық оқыту жүйесімен тиесілі ақыл-кеңес, сабақ берілуі қажет.

Қорыта келгенде, мектеп қабырғасында ата-анаға этнопедагогикалық көмек көрсетудің жолдары:


    • Ата-анаға кеңес бұрышын ұйымдастыру.

    • Ата-аналар алқасының жұмысын жетілдіру.

    • Танымдық тағылым газетін жабдықтау шаралары арқылы іске асырылады.

Бағдарламаның бірінші бөлімінде беріліп отырған үш тақырып келешекте осы бөлімнің негізгі тарауларына айналуы да ықтимал. Өйткені, тәрбиенің бұл саласы әлі де болса зерделеуді қажет етеді.

    1. Баланы бес жасқа дейін патшаңдай сыйла

Жеке тұлғаның ой-санасының оянуымен сәбилік сананың қалыптасуындағы келешегін тануды зерделеу көзделеді.

    1. Он бес жасқа дейін құлыныңдай жұмса

Айтқанды екі етпейтін естілікке баулып, әр ісін «Талаппен бастап, талғаммен аяқтауға» дағдыландыру.

    1. Он бес жастан құрбыдай сыйлас

«Он үште отау иесі» (11/4) болар тұлғаның ой-санасымен мінез-құлқының, ар-ожданының қалыптасуын қадағалай отырып, кемшілік объектісін бағдарлау.
ІІ. Жеке тұлғаны қалыптастыратын екінші субъекті – жақсы ұстаз

Күні бүгінге дейін мектеп қабырғасындағы тәрбие сағаттары оқушы тұлғаларға тәрбие объектілерін объективті танытатын сабақтың бірі болып келгені рас. Бірақ, тәрбие сабағы тәрбие сағаты болғандықтан сынып жетекшісі тәрбие сағатын толық сабақ ретінде пайдалана алмай келеді. Өйткені, сынып жетекшісі белгіленген сағат санын тәрбие көзін танытумен қатар, тәрбие үрдісін ұйымдастырудың да негізі деп санайды. Өкінішке орай соңғысы басым түскенімен, негізгі уақыт көлемін алып отыратыны да заңды. Нәтижесінде тәрбиенің объектілерін ашпайды. Тәрбие сағаттарының мұндай сабақ үрдісіндегі тәрбиенің объектісі болып оқушының тәртіп бұзғандағы әрекеттері қаралады. Сәйкесінше субъекті объектіге айналып, тәртіпсіздікпен бірге объективті проблемалық мәселеге шығып келеді. Тәрбиелеушілер тәртіп бұзған оқушының тәртіпсіздігін бетке ала отырып қалған оқушыларды тәрбилейді.

Біз Ы.Алтынсариннің «Егер оқушы бірдемені түсінбесе олардың өзіне сілтемей, түсіндіре алмағаныңды өзіңнен көруің керек» (12/10), - деген ұлағатты сөзінің тек пәндік сабақты меңгертуде емес, сонымен бірге тәрбие тағылымын танытуға да негізделгенін сезіне бермейміз. Сондықтан оқушы тұлғаға тәрбие көзін таныту үшін тәрбие сағатын сабақ түрінде бағдарлы жоспармен арнаулы оқу-құрал жабдықтарымен таныту қажет.

Тәрбие сағатына бөлінген 45 минуттың 20-25 минутына дайындалған тәрбие тақырыптары тәрбие көздерін толық та, даралап та, жалпылай да ашпайды. Жалпылама әңгімелеу үрдісімен бірнеше тәрбие көздерін түсіндіре шолып шығады. Қалған уақыт тәрбие жұмысын ұйымдастырумен ұласады. Ал, ашық тәрбие сағаттарында тақырыпқа сай оқылған материалдар қайталанып, айтылған, жатталған әдеби материалдар, мақал-мәтел, нақыл сөз, өлең-жырлар, шығарма үзінділері қайталанып, көріністер қойылады. Бірақ, тәрбие көздері көпшілік жағдайда ашылмай қалып жатады. Әрине, көркемделген әдеби-монтажды тәрбие сағаттарының тәрбиелік мәні зор болғанымен нақты тәрбие объективті ашылмайды. Міне, осы үрдісті жойып, тәрбие көзін танытып, отбасылық тәрбие мәдениетімен заңды теориялық сабақтастықты ашу тәрбие тағылымын танытатын оқу құралының басты мақсатымен міндетіне жүктелуі тиіс.

Бағдарламаның көтеріп отырған тәрбие аспектілері Қазақстандық патриотизм, азаматтық, рухани-адамгершілік, эстетикалық, еңбек, салауатты өмір салты мен экологиялық, өзін-өзі тану мен валиологиялық тәрбиеге негіз болатын тәрбие көздерін меңгерту болып табылады. Оқушы тұлғаға тәрбие көздерін танытудың қажеттілігі баланың жас ерекшелік психологиясына байланысты. Қазақ халқы балаға туысынан тұлға санап, беске дейін патшасындай сыйлап, еркелете отырып, дүние танымын оята тәрбиелеген. Кейін он беске дейін құлыңдай жұмсау арқылы еңбекке, өмір сүруге тәрбиелесе, он бесінен әрі құрдасындай сыйлау арқылы ақыл-ой санасымен санасуды көздеген. Сәйкесінше, мектеп қабырғасындағы оқушы тұлғаға ата-ана тарапынан айтылар тәрбиелік ақыл-кеңестің қайталануы жасөспірімдер үшін құр уағыз айтумен пара-пар түсіп отырады. Сондықтан мектеп қабырғасында білім алатын жастарға жас ерекшелігіне сай тәрбие аспектілерінің объектілерін қанатты сөз, нақыл, мақал-мәтелдерден таптыру арқылы ата-ана тәрбиесін ғылыми-педагогикалық тұрғыда ашып берумен тәрбие көзін таныту жалпы білім беру жүйесіндегі негізгі мектеп (5-9 сыныптарда) саласында тиімді. Ал, жоғарғы (10-11) сыныптарда тағылымтануды сана, сананың оянуы, ақыл-ойдың қалыптасыумен естің есею үрдісінің мінез-құлықтағы көрінісін танытумен ұштасқаны абзал. Тағылымтанудың бұл екі саласына дейін бастауыш мектепте (1-4 сыныптарда) өзін-өзі тану курсына негізделген жалпы танымдылықпен әдептілік - әдемілік, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілікті таныту абзал. Дегенмен біз қарастырып отырған тәрбие бағдарламасының тұжырымдамасында бастауыш мектептің тағылымтану курсы зерделену үстінде. Сондай-ақ, жоғарғы сынып, бағдарлы оқыту сыныптарына негізделген тағылымтану курсының бағдарламасыда зерделенуде.
І. Мектеп қабырғасында баланың патша жасын сыйлау

Еңбек тәрбиесі бойынша бал дәурен балалық шақ пен қозы бағар жастағы баланың ой-санасын «Естігенді есте сақта» қағидасы негізінде қалыптастыру.
ІІ . «Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінетіндігіне» дағдыландыру

Жеке тұлғаға тәрбие келеңсіздіктерін танытумен қатар ар-ұят, намыс, жігер сынды сапаларды танытатын теориялық танымдылықтың іс-әрекетін зерделеуге негіздеу.

Қоғамда белең алып отырған жеткіншек жастардың жіктесе шатасуы, түрлі діни ағымдардың ықпалымен жүріп өз өмірлеріне өздерінің қайшы келуі, қоғамдағы әлеуметтік қиындықтарға төтеп бере алмауы, тәрбие көздерінің тәрбиелік мәндерін жете зерделей алмауынан туындайтын үрдістер. Тәрбие обьектілерін жетік меңгерген тұлға жігерсіз болмайды. Жетекке де жүрмейді. Өмірде өз орнын тауып, қоғамға да еш кедергі болмай, өз пайдасын тигізеді.



Тағылымтану бағдарламасының тақырыптарына тәрбие объектілерін ашатын қанатты сөз, нақыл мен мақал-мәтелдер алынып отыр. Ал, тәрбие тараулары ашылып отырған тәрбие объектісіне қарай топтастырылған. Нәтижесінде әр сыныптың тәрбие тағылымында тәрбиенің бес тарауы беріледі.

5-9 сыныптар аралығында әр тараудың оқытылатын сағат саны:

  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие – 40 сағат.

  • Рухани-адамгершілік тәрбие – 53 сағат.

  • Эстетикалық тәрбие – 46 сағат.

  • Салауатты өмір салт тәрбиесі – 9 сағат.

  • Экологиялық және еңбек тәрбиесі – 23 сағат.

  • Барлық тағылымтану курсына – 170 сағат.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие тарауында қаралатын тәрбие көздеріне адамның жаман-жақсылығы, мақтану мен мақтаншақтық, намыс, адамдық, ерлік, батырлық, татулық, азаттық, қарапайымдылық, сыпайылық, мазасыздық, пысық, мансап, ағайынгершілік, жолдастық, ұжымшылдық; өмірден ағат басып адасу, қызғаныш, көре алмаушылық, қиянат, зорлық, жағадан алу, бүлік, өсек-өтірік, еріншектік; абайлап сөлеу, тілге сақ болу немесе сөйлеу мен ойлау мәдениетінің көздерін ашу сияқты тәрбие объектілері қаралады.

Рухани-адамгершілік тәрбие тарауыда табандылық, қайрат, ақыл, мақсат, ерен еңбек, әдіс, бір сөзділік, мәрттік, әділдік, шындық, халық, мүдде, іздеу, табу, ғалым; асылдың тегі, тәрбие, зілділік, тайқу, ашу, ардақты, асыл, абзал, опық, өкіну, жетілу, зияндылық, татулық, өкпе-наз, араздық, достық, жамандау, ес, сезіну, сөз тасу, залым, дос, надандық, адам болу, адамгершілік; тіл шеберлігі, көркемсөз сияқты тәрбие объектілері танылады.

Эстетикалық тәрбие тарауында саналылық, санасыздық, ой, ойлы, ақыл-парасат, көңіл сарайы, ой салу, ақыл, ар ұяларлық іс, ұят, ойлау, талантты, көкірегі ояу, надандық, әдептілік; сабырлы, сабырлылық, шыдамдылық, дегбірсіздік, сабырсыздық, озбырлық, тапқырлық, алғырлық, құдірет, паңдану, күйбеңдеу, жабырқау, көңіл қалу, қамығу, шатынау, еліру, жанжал, уайым, ез, езбенділік, ғайып, айып, мейірім, мейірімсіздік, жалыну, тарылу, ұқыптылық, жинақтылық, достық, әділдік, өкініш, арсыздық, қанағаттылық, нысап, нысапсыз, ұрысу, сөгу; тіл өткірлігі, құлақ құрышы, әнсымақ, сөздің қор болуы, тіл алмау, айтылғанды екі ету; қазық, азық, қарыз, алақан жаю, ұрлық, қулық, арамдық, байлық, жұт, құр қалу, орын табу; құмарлық, шаттық, ойнау, ойнап-күлу, әсемпаздық, өнерпаздық, арқалану, дүние кірпіш, кетік, қалану; қылық, әке-бала, ата, жат мінез, тұрпайы мінез, борыш, қарыз тәрізді тәрбие объектілер ашылады.

Салауатты өмір салт тәрбиесінде дерт, сырқат, өлім; береке, маза, берекесі кету, мазасы болмау, бейберекет, маскүнемдік; бұзық, бұзақылық тәрізді тәрбие объектілеріне қамтылдады.

Экологиялық және еңбек тәрбиесінде шығын, пайда, қымбат; сақал сату, еңбек сату, зиянды әрекет, амал, бос жату, білек сыбану, бел шешу, еңбек ету, еліктеу, бос жүру, еру, пайдасыз кәсіп, адал іс, әдет, адал еңбек, талпыну, қанағат, салдар-салақ, еріншек, мал табу, ала жақ, бере жақ, амал, тіршілік жасау, білім, еңбек, жеті өлшеп бір кесу; бақ, дәулет, береке, ұйымшылдық, ынтымақ, ел бірлігі, төзімділік, бірлік, алауыздық; адалдық, атаққұмарлық, әділеттілік, сенім; еріну, тілену, тойыну, ғылымның пайдасы, ауыртпалылық, кіріптарлық, көңіл тот, жылыс, ұрыс, қаракет сияқты тәрбие объектілерін қарастырады.
5-сынып. Тағылымтану

34 сағат


Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие (4 сағат)

  • Жаман адам мақтанса (1 сағат). Орынсыз мақтанатын бөспелерге сықақ ретінде қолданылатын қанатты сөз. Тәрбие көзі: Жаман адам, жақсы адам, жағадан алу, мақтану, мақтаншақтық. Тағылымы: Жалақорлық, жалған сөйлеуден арылу.

  • Не болса ол болсын (1 сағат). Өз ойын ашық айтуды танытатын нақыл. Тағылымы: Артын ойламай ашығын айтамын дегенде ойын ойлы жеткізуге негізделген.

  • Не тапсаң да өз тіліңнен табасың (1 сағат). Адам өз тілінен жазады, сондықтан абайлап сөйле, тіліңе сақ бол дегенде қолданылатын Әшербай ақынның жырында кездесетін қанатты сөз. Тәрбие көзі: Абайлап сөйлеу, тілге сақ болу. Тағылымы: Тіл мәдениетіне тәрбиелеу. Орынды сөйлей білуге машықтандыру.

  • Өлмейтұғын артына сөз қалдырған (1 сағат) Артына өшпес із, мұра қалдырған ардагерлерге арнайы айтылатын қанатты жолдар. Тағылымы: Мәдени мұра қалдырған ардагерлер өмірі мен өсиетін, игі істерін сыйлау, жалғастыру.


Рухани-адамгершілік тәрбиесі (10 сағат)

  • Ағайын жат болады, алыс болса (1 сағат) Тіл табыса алмайтын ағайыннан гөрі жаныңды ұғар жат адаммен жақсы сыйлас деген мағынаны білдіретін нақыл сөз. Тәрбие көздері: Ағайын, жат, дұшпан, дос, табалау, шалыс басу.

  • Ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше үйрен (1 сағат). Қанша өмір сүрсең, сонша үйрен деген шығыс нақылы негізінде туған қанатты сөз. Тағылым: Өмірден өмір сүруді үйрену.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет