БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37


Түйе малына байланысты адам есімдері



бет5/40
Дата27.12.2016
өлшемі6,58 Mb.
#5524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

Түйе малына байланысты адам есімдері


1. Ботакөз – қыз есімі, себебі, түйе баласы – ботаның көзіндей мөлдір, тұнық, сұлу болсын деген ниетпен қойған.




2. Нартай – жігіт есімі, себебі, нардай мықты, батыр болсын деп ырымдаған.


3. Бурабай – жігіт есімі, себебі, бұл да бурадай батыл, күшті болсын дегені.


4. Түйебай – жігіт есімі, себебі, түлік төресі – түйе малы көп, бай болсын дегені.



Ботақан
Ботақаным - бөбегім, Мәпелейін, бағайын,

Шырқайтұғын өлеңім. Мойыныңды тарайын.

Бөбегімдей тәй басқан Жаутаңдаған көзіңе

Сені жақсы көремін…. Жақсы көріп қарайын.

Сен де менен именбе.

Жатырқама, жиренбе.

…Апашым да өзімді

«Ботам» дейді сүйгенде!…

(Ф.Оңғарсынова.)

Бұл өлеңде жас бота – түйе баласы жырланған.







Түйе
Жалпақ табан, күс табан Қандай мықты жүрегі,

Ырысы бар адамның Түздің маңғаз түлегі!

Ойсылқара ұстаған Бір ұрттам су татпастан

Шөлді жайлап қыстаған. Мың шақырым жүреді.

Борап шөлдің тозаңы,

Мойнын алға созады.

Ұзақ жолда Желмая

Пырағыңнан озады.



Қадыр Мырза Әли

Түйе малына байланысты мақал-мәтелдер

1. Түйенің табаны үлкен.

2. Түйе баласы – төре баласы.

3. Түйе – байлық, жылқы – мырзалық.

4. Көтерем деп түйеден безбе, салтанатың емес пе?

5. Нар ботасын қарпып сүйеді.

6. Түйе өлген жерде жүк қалады.

7. Қоныс ақысын түйе қайтарады.

8. Түйенің үлкені көпірден таяқ жер.
Жылқы – қазақтың кәделі, бағалы қазынасы

Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал – жылқы. Оның пірі – Қамбар ата.

Қамбар атаға

Тағы бір тілек тілейін,

Шын бергенін білейін.

Өңкей ала шұбардан,

Жал-құйрығы шұбалған,

Айғырды бер байсалды,

Үйірі толған байталды,

Өңкей мама биемен .

Сауған сайын иіген,

Желіні сүтін тыймасын,

Көнекке саусақ сыймасын.

Ұзара берсін желісі,

Кеңи берсін өрісі.

Қоғалы көлді жайлаған,

Қоғаның басын шайнаған.

Шыңғыртып асау құлынды,

Қыл арқанмен байлаған.

Жылқышы ата баласы

Жылқы бассын үйіңді.


Бұл өлеңде жылқы жасына қарай талданған

.
.

Бұрын ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын ерекше дәріптеп, бағалаған. Айт, ас тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние тігілген.

Тіпті, бас бәйгеге елу бие, ақ отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе, жабулы қара нарға қалы кілем иеленіп, аты озған зор олжаға ие болады.


Халық жылқыны жоғары бағалап, жүрісін де жіктеген:


Жылқының шабысы «Қобыланды батыр» – халық дастанында былай суреттеледі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет