Құрсабаев Мұхамедрахим Қыдырбайұлы
Көкшектау облыстық
«АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
"Атамекен" бағдарламасы - әр халықтың сан ғасырлар бойы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде қалыптасқан озық тәжірибелерге негізделген - адамгершілік, парасаттылық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бүгінгі жас өркеннің сана-сезіміне тәлім-тәрбиелік әдістер арқылы жүзеге асыруға бағытталған ғылыми-тәлімнамалық тұжырымдама.
Негізгі міндеттер мен мақсаттар
Өз Отаны мен туған жеріне пайда келтіретін, Елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын, білімді, парасатты, жан-жақты дамыған, өз мемлекетінің Рәміздері мен Ата Заңын, Президентін, басқа заңдары мен халықтар достығын құрметтейтін, өз халқының тарихы мен мәдениетін, тілін дінін, ділін, салт-дәстүрлерін қастерлейтін, бойында патриоттық сезімі бар тұлғаларды тәрбиелеу ісіне ғылыми-әдістемелік тұтқа болу. Қазақстан Үкіметінің білім мен тәрбие саласындағы күрделі іс-шараларына ұйытқы болу, қолдау көрсету.
Әлемдік озық тәжірибелерге негізделген білім беру жүйесінің қалыптасуына ат салысу. Халық педагогикасының озық үлгілері мен өркениетті идеяларын насихаттау және нәтижелеу.
Бағдарлама 1985 жылдан бері мектептегі бұрынғы пионе-комсомол ұйымдарының тәрбие жұмыстарына халықтық педагогика идеяларын енгізу мақсатында бірқатар оқушылар мен ұстаздардың бастамасы негізінде бастау алды. Аталмыш үрдіске, тұжырымдама авторының - ауыл мектебінде тәлімгер-мұғалім, бертін келе Халықаралық "Артек" лагеріндегі практикалық тәжірибелері арқау болған "Атамекен" атты Республикалық оқушылар операциясы (Қазақстан мектебі, № 5, 1991, 38-41 бет) ұйытқы болды. Кейін бұл бастама республика және одан тысқары жерлерде қолдау тауып, бүгінге дейін нәтижелі жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама көптеген ғылыми мақалаларда, диссертациялық эерттеулерде, дипломдық жұмыстарда, бірқатар тезистерде көрніс тауып, практика негізінде көптеген мектептердегі тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда.
Негізгі бағыттар
САЛТ-ДӘСТҮР .Халық тұрмысындағы бесікке салу, тұсау кесу, құдаласу дәстүрлері. Тоқым қағар һәм бата-тілек. Сәлем салты һәм көшпенділер этикасы. Қаза салты. Қоғам һәм отбасы ғұрыптары. Халықтық һәм діни мейрам-жоралар. Жаңа заман дәстүрлері . «Ата Салты» іс-шарасы.
ШАҺАР-.Көне шығыс һәм Орта Азия құрлықтарында орналасқан көне қалалар. Шаһарлар архитектурасы, құрылысы әлеуметтік маңызы. Көне тұрғындардың географиялық орны және топономикасы. Қала-шаһарлардың топономикалық атаулары. Мемлекеттер Астаналары һәм саяси жағдайлары. «Астана» ойын-сайысы.
ЖІБЕК ЖОЛЫ. Жер планетасының шығысы һәм батысының дәнекері - Ұлы Жібек жолының мыңғасырлық тарихнамасы. Ежелгі сауда-керуен жолдары һәм тарихы маңызы бар жер-су атаулары. Этнотопономикалық шығыс картографиясы. Қиелі жерлер мен ата-бабалар жұрттарына этножорық. Халықаралық “Атажұрт” керуені.
СӨНБЕС ЖҰЛДЫЗДАР. Ұлы Дала төсіндегі адамзат өркениетінде айырықша із қалдырған алып тұлғалардың ғұмырнамалары. Шығыс ғұламалары һәм данышпан-абыздары. Баһадүрлер, Қағандар һәм жыраулар дәстүрлері. Қазақ батырлары һәм шешендері. Өнер, мемлекет, қоғам, ғылым һәм білім қайраткерлері. “Сөнбес жұлдыздар” атты ойын-сайыс.
ТОЛҒАУ.Далалық ауызша тарихнама. Ел арасындағы данышпандық, жыраулық һәм салгерлік дәстүр. Ел ауызынан. Қазақ халқының айтыс өнері. Ұлттық қисыннама, тұспалдау һәм зерделеу. Жоқтау һәм зарнама. Батырлар жыры. Этнофольклористика һәм елтану. “Қорқыт-нама” іс-шарасы.
АСЫЛ МҰРА. Ұлттық болмысыздың жұмбақ дүниесімен ұштасқан этнокөріністер: мазар, мүрде, зират, құлыптас, таңбалы тастар. Көне обалар мен мүсіндер құпиясы. Тас таңбалар мен жазулар. «Қозы Баян» этножорығы.
ДОМБЫРА – ДАСТАН . Жаратылыстың биотикалық һәм абиотикалық құдыретін жалғастырушы дәнекер киелі домбыра һәм қобыз һақындағы этномузыкалық аспаптар тарихнамасы. Ән мен күйдің құпия әсем дыбысы. Саз бен әуен өлшемі һәм таралу жиіліктерінің ареалы. Қазақ күйінің эфсанналары Әлем этностарының музыкалық мұралары. «Тәнір күбірі» этномузыкалық саз кеші.
НАУРЫЗ. Жаратылыстану тарихнамасында ерекше орны бар шығыс халықтарының жаңа жылды тойлау мерекесі. Күн мен түннің теңелу өрісіндегі Наурыз рәсімі. Табиғи өліара фәлсафасы. Тасаттық, құрбандық шалу рәсімдері. Көктеу, жайлау, күздеу һәм қыстау дәстурлері. Халықтық мереке – думандар мен әлем этностарының мейрамдары. «Наурыз - нама» ойын – сайысы.
ЗЕРГЕР. Кең жаһан жәмиғатының құпия көрінісі сәндік – қолданбалы халық өнері. Киіз үй һәм шанырақ белгілерінің ғарышнамалық құпиясы. Жиһаздар мен әшекей – бұйымдар. Көшпенді бабаларымыздың аң бейнелі һәм полихромдық өнерлері. Көрмелер ұйымдастыру. «Алтын Адам» іс – шарасы.
ТӨРТ ТҮЛІК. Ұлы Дала перзенттерінің ерекше салты: төрт түлік малды күтіп – баптау дәстурлері. Мал атауласының Пірлері: Ойсыл қара, Қамбар ата, Шопан ата, Сексек ата танымдық-мифологиялық құндылықтар. Мал шаруашылығы жөніндегі халық білімі. «Төрт түлік» іс – шарасы.
КӨКПАР. Ұлттық ойындардың тарихнамасы. Тұрмыс-салт, танымдық, әскери – спорттық, есеп – қисап, қозғалыс ойындары. Көкпар, ақ сүйек, алтыбақан, асық, аламан бәйге, теңге алу, бүркіт салу, қазақша күрес және басқа ойындар. Әлем халықтарының ойындары. Халықаралық «Алтын Сақа» ойын – сайысы.
ДУЛЫҒА. Ел қорғаны болған батырлар мен баһадүрлердің ақ сауаттары һәм қару – жарақтары. Ұлттық киім – кешектер мен ер – тұрман әбзелдердің .этнотарихнамасы. «Қырық батыр һәм Манас» атты іс – шаралар.
ҚАСИЕТ. Жаратқан Ие һәм киелі рухтардың - ғарыш жиеліктерімен ұштасқан адамзат перзенттерінің ғажайып биоэнергетикалық қуаты. Қазақ және басқа халықтардың көріпкелдік һәм болжамнамалық қасиеттері. Емші, тәуіп, бақсы-балгерлердің ем-домдық дәстүрлері. Құмалақ ашу, дұға салу. Тіл-көз һәм қарғыс қасиеттері. Ұшықтау. Чакра һәм астралдық қуат дүниесі. «Авиценна» ем-дом шарасы.
АС . Ата-бабаларымыздың салтанатты ас беру рәсімі. Дастархан мәзірі һәм этикеті. Қонақ күту дәстүрі мен сөз беру. Табақ тарату және оның түрлері. Сәлемдесу, көрісу һәм қоштасу салты. Мал еті және оны мүшелеу өнері. Сусын һәм шарап. Қазақстан және әлем халықтарының ұлттық тағамдары. «Ас» іс-шарасы
БАБАЛАР ӨСИЕТІ. Ата-бабалар Аманаты. Өсиет һәм бата-тілек. Мақал-мәтелдер мен көсемсөздер. Ырым-сырым һәм тыйьм сөздер. Ақыл-нақыл һәм шешендік сөздер. Сыннама һәм ғибрат. Ұлттық сөздік қор ойлау һәм сөйлеу мәдениеті. «Балалар» Өсиеті Іс-шарасы.
ЗЕРДЕ. Адамзат өркениеті мен мұсылман Ренессансының өкілдері. Ұлы Дала ғұламаларының ғылыми жетістіктері. Ғылыми жаңалықтар һәм ғақлиятты ойлар әфсаналары. Мұсылман һәм Тұран Ренессансы. Орта ғасырлардағы арифметикалық, жаһаннамалық, медициналық һәм фәлсафалық ғылыми жаңалықтар. «Зерде» іс-шарасы.
ҚҰСБЕГІ. Ұлы Дала перзенттерінің тамаша дәстүрлері: аңшылық, құсбегілік һәм саятшылық өнер. Казақ халқының қыран құс - Бүркітті баулау дәстүрі. Табиғат пен адам байланысындағы антропогендік көріністер. Номадтар турмысындағы жүйірік ат, қүмай тазмы һәм қыран бүркіт үйлесімдігінің этнокөріністері. «Бүркітші» ойын-сайысы.
ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ. Қазақ қызы мен жігітінің сегіз қырлы бір сырлы һэм оң қолынан өнер тамған этноерекшеліктері. Тәккәпарлық - пен кісілік. Ұлтжандылық қасиет һәм сенім мен намыс эфсанналары . Беріктік дәстүрі мен неке салты Мәнгілік махаббат фәлсафасы.Ғашықтық сезім һәм жыныстық тәрбие. Гигиеналық һәм тазалық дәстүр, «Қыз сыны» һәм «Жігіт султаны» іс-шаралары.
ЗАМАН-АЙ. Жалпыпланетарлық глобальды экология қасыреттері Антропогендік ықпалдар тафихнамасы. Жертану һәм мухит экожүйесі. Атмосфералық һәм ноосфералық қабаттар. Эндогендік, экзогендік, тектоникалық һәм техногендік күштер мен факторлар. Адамның экологиялық мәдениеті мен психологиясы. Катастрофалар мен зұлматтар. Зооэкологиялық, неоэкологиялық, ихтиоэкологиялық, антропоэкологиялық, палеоэкологиялық, фитоэкологиялық, биоәкологиялың, аугэкологиялық, техноэкологиялық, гилроэкологиялық һәм геоэкологиялық ауқымды проблемалар, Этноэкологиялық білім мен тәрбие негіздері. Арал-Балқаш экологиялықіс-шарасы.
АЛЫСТАҒЫ БАУЬРЛАР. Шет елдердегі. қазақ диаспоралары. Миграция, эммиграция, демография, депортация, этноцид, геноцид, резервация мәселелері. Халықтық дипломатия, Дүниежүзі қазақтарының Қурылтайы. "Алыстағы бауырлар" іс-шарасы,
ДОСТЫҚ. Қазақ-түркі тарихнамасы һақында зерттеулер жүргізген араб, парсы, қытай, орыс һәм европалық ғылымдардың ғұмырнамасы. Қазақстан халықтары және ТМД мемлекеттеріндегі әтностар арасындағы достық байланыс. Бейбітпілік үшін күрес, Бірлікті, татулықты һәм ынтымақтастықты көксеуге бағытталған іс-шаралар. Халықтар достығын нығайту. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. "Достық" іс-шарасы.
АРДАГЕР. Ежелгі дәуірден жаңа заман тарихына дейінгі үлтазаттық соғыстарға: грек,қытай, рим, парсы, орыс, моңғол, ойрат,қалмақ, шүршіт, таңғұт, араб, өзбек, түрікпен, казачество, нөміс,француз, фашистер мем ваххабистерге карсы соғысқан ардагер ата-бабаларымиздың ғумырнамасы. Отаршылыққа қарсы және І9І2, 1916, 1932,1941, 1979 және 1986 жылғы Өқиғаларға қатысқан ардагерлер мөн Қаһармандар, "Ардагер" іс-шарасы.
ОЮ-ӨРНЕК. Ұлттық таным мүхитының қайшылық қағидасымен ұштасқан ою-өрнектің ғарыштық, эооморфтық, геометриялық, ихтиологиялық танымдық – фәлсафалық түрлерімен танысу. Ою-өрнектің киізде,текеметте, алашада, кілемде, көрпеде орналасу көрністері. Көрмелер ұйымдастыру. "Ою-Өрнек" іс-шарасы.
БЕЙНЕЛЕР СЫРЫ. Тылсым дүниемен байланысқан көне: руналық, мифологиялық, тотемдік, геральдикалық, петроглифтік, иероглифтік таңбалар мен кескіндер сыры. Еліміздегі киелі жерлер: Арпаөзендегі, Тамғалыдағы, Тәңірқазғандағы, Ботайдағы, Берелдегі, Бесшатырдағы, Таскескендегі үңгір бейнелері мен сызба-шимайлары. «Ескінің көзі» атты этножорық.
АТА-АНА. Ұлттық таным һәм тәлімнің қайнар бастауы ата бабаларымыздың ұрпақ тәрбиесі жөніндегі мыңғасырлық тәжірибелері мен рухани – мәдени мұралары. Туыс, ағайын, отбасы, әке-шеше, бауыр-қарындас, балдыз-бажа дәстүрлері һәм жұрт салттары. Ата салты һәм ана шапағаты. «Ата-ана» іс-шарасы.
ШАРИҒАТ-ҚҰРАН. Мыңдаған ғасырлар бойы адамзат перзентіне Аллаһ тағаланың шапағат - нұрьн шашып келген қасиетті Құран шариғаттарының тәлімдік-танымдық әфсанналары. Мұсылман пайғамбарлары мен ғұламаларының ғұмырнамасы. Діни - танымдық һәм мұсылмандық дәстүрлер. Киелі Рухтар әлемі. Ораза, рамазан, Қыдыр түні, садақа беру рәсімдері: Сенім мен парыз. Қажылық фәлсафасы һәм намаз тағылымы. «Мұсылман Әлемі» іс-шарасы.
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҺӘМ СӘБИ. Қатал тағдырдың мәңгілік құрбандары: мүгедек, кемтар, зағип жандарға, қарттар мен жетім балаларға қол ұшын беру. Қолдан келгенше жақсылық жасау. Балалар мен қарттар үйіне сапар шегу. Бүкілқазақстандық "Қайырымдылық" және «Ауыл» операциясын ұйымдастыру .
САУДА - ЭКОНОМИКА.Тәуелсіз Қазақ Елінің мәдениетін өркендетуде жаңа инфоқұрылымдық жуйеге негізделген менеджмент, маркетинг, аудиторлық және қаржы-банк мамандықтарын игеру мәселесі. Әлемдік һәм еуроазиялық экономикалық кеңістік пен интеграция. Жалпыадамзаттық экономикалық даму Стратегиясы. Интернет жүйесін пайдалану. Ауыл экономикасының даму стратегиясы. «Сауда» іс-шарасы.
ҒҰМЫР ҺӘМ ҒАЛАМ. Аспаннама һәм жаратылыстану негіздері. Планеталар һәм жұлдыздар шеруі. Уақыт пен кеністік, Адамтану әфсаналары. Нүктелер, толқындар һәм ғарыш денелері, Қатты, сұйық, ыстық - суық құбылыстар фәлсафасы. Ғылыми - зерттеу жұмыстары.
АНА ТІЛІ. Көнетүркі, соғды, сақ-гұн һәм Орхон-Енисей руналық жазбалары. Есік және Пазырық қорғандарындағы протоэтнолингвистикалық мұралар. Тоныкөк, Мойыншор, Күлтеген тас -.сына жазба ескерткіштері. Көнетүркі иеороглифтері. «Ұмай Ана» іс-шарасы.
ТҰРАН КҮНТІЗБЕГІ. Халықтық астрология. Көне болжамгер даналар, жұлдызшылар мен көріпкелдер. Жьл кайыру әфсаналары. Мүшел жас кағидасы. Ай, апта, сағат һәм өлшем қағидалары. Сары – Арқадағы «Мұртты обалар» - Ұлы Дала обсерваториясы . Этножұлдыз жорамал. Тұран этноастралогиялық картасының сүлбесін жасау. «Тұран Күнтізбегі» іс-шаралары.
ЖАҚСЫЛЫҚ ҺӘМ ЖАМАНДЫҚ. Ұлы Жаратылыстың қайшылық нысандарынан жасанды – табиғи тұрғыда реттелген болмыс һәм болмас ұғымдары . Антропогендік кезеңдер мен тәжірибелер жиегінде қалыптасып келген адамзат перзентінің қарама – қайшылық: жақсы – жаман , мейірімділік – қатығез, парасатты – қанішер, ақылсыз – ақымақтық: және басқа әрекеттерінің әфсанналары Салыстырмалы зерделеу һәм пайымдау . Адамтану негіздері .
ЖАС ҚЫРАН. Еуразия даласын мыңдаған ғасырлар мекендеген көпшенді – номадтардың ұрыс – соғыс һәм ел қорғау дәстурлері .Ата бабаларымыздың әскери өнері. Әскери тактика һәм стратегия. Ұлттық әскери Доктрина . Әскери – жауынгерлік тәртіп, білім һәм тәрбие негіздері .Соғыснама саясатының шежіресі Мыңбасы ,түменбасы жүзбасы һәм елубасы онбасы әскери саптары мен жауынгерлік дәстүрлері. «Мың бала» әскери жауынгерлік ойын – сайысы .
ӘЛЕМ ДІНДЕРІ ТАРИХНАМАСЫ. Дүниежүзі адамзат пезенттерінің ең асыл рухани - мәдени мұралары Әлем Діндер: Ислам , Христиан , Будда және басқа діни конфессиялар мен қауымдастықтардың тарихнамасы Әлемдік діндердің көсемдері, данышпан – пайғамбарлары һәм ғұмалары және олардың фәлсафалық – теологиялық, діни-гносеологиялық әфсаналары . Әлемдік Діндер ықпалы, тәрбиесі, мәдениет және қоғамдағы рөлі. «Әлем Діндер тарихнамасы» атты оқулық жазу, тұжырымдамалар түзеу.
АТАМЕКЕН ҚОҒАМЫ ҺӘМ МЕДРЕСЕСІ. Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар ұйымын құру. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты бірлестік-топтар құру. Тәрбие жұмысының орталығы «Атамекен Ордасын» ашу. «Атамекен» Бағдарламасын балалар, оқушылар және жастар ұйымдарының тәрбие жұмыстарына пайдаланудың жолдарын көрсету .Аса дарынды оқушылардың басын біріктіріп арнайы оқу орны - Атамекен Медресесін ашу. Арнайы оқулықтар жазу. Қазақстан оқушылар Ассамблеясын құру. Республикалық «Жұлдыз», «Балдәурен» мектеп оқушылары лидерлерін дайындайтын оқу-сауықтыру кешені. «Болашақ», «Жұлдыз», «Мың бала» оқушылар ұйымдары. «Менің елім - Қазақстан» ойын-сайысын өткізу. Барша ұрпаққа ортақ Ант беру рәсімі.
ТӘҢІР-НАМА. Ата-бабаларымыздың тарихында аса маңызды діни-фәлсафалық, рухани-мәдени рөл атқарған исламға дейінгі дәуірде қалыптасқан Тәңірлік діннің адамгершілік әфсанналары. Тәңір дінінен қалған отпен аластау, әруақка сыйыну, ала жіпті аттамау және басқа діни дәстүрлер. Тәңір мен Ислам дінінің ұқсасқан тұстары. Хан Тәңірі шыңына тәу ету рәсімі. «Хан Тәңірі» іс - шарасы.
ҚАЗАҚ ЕЛІ. Тәуелсіз Қазақ Елінің жаңа геосаясаты һәм менталитеті. Мемлекеттік һәм ұлттық идеология және генофонд, Әлемдіқ макроэкономикалық кеңістікке ену барысындағы жаңа Қазақстан келбеті. Президент Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Стратегиялық Идеясы. Ата Заң һәм ҚР Заңдары, Президент Жарлықтары мен Үкімет Қаулылары. Қазақтану мәселелері. Дипломатиялық қарым-қатынас. Халық һәм Ауыл Академиясы. Қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар. Саясаттану һәм әлеуметтану негтздері. Орыс һәм қытай саясаттары және оларды зерттеу. Ұлттық Ғарыш Агенттігі. Ұлттық қауіпсіздік, ішкі және сырткы саясат. Жастар мәселесі. Сайлау заңы.
ТҰРАН ҺӘМ ТҮРКІСТАН. Ата тегі, тарихы мен мәдениеті бір түріктілдес этностардың бүгінгі тағдыры һәм болашағы. Әлемдегі отызға жуық түркітектес халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастық. Түркі даналары және олардың ғұмырнамасы. Ұлы Тұран империясының тарихы мен мәдениеті. Тарихи оқиғалар күнтізбегі. Түркі халықтарының әдебиеті, өнері, медицинасы, тәлім-тәрбиесі һақында оқулықтар шығару. Көнетүркі руналық жазбаларды қастерлеу. «Тұран Әлемі» атты ауқымды іс-шаралар.
НЕОПЕДАГОГИКА ҺӘМ НЕОПСИХОЛОГИЯ. Әлемдік жаһандану үрдісіндегі жаңаша білімтану проблемалары. Техногенез дәуіріндегі жас ұрпақтың (хомоэлектроникус, постхомо, хомоинформатикус, хомотехникус т.б.) танымдық-интеллектуалдық ерекшеліктері. Жаңа дәуір талабына сай неопедагогикалық һәм неопсихологиялық қағидаларды зерделеу.
Достарыңызбен бөлісу: |