БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37


«Ұжым және ұжымшылдық» әңгімесі (диспуты)



бет21/40
Дата27.12.2016
өлшемі6,58 Mb.
#5524
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40

«Ұжым және ұжымшылдық» әңгімесі (диспуты)


Талқыланатын сұрақтар:

  1. Ұжым және ұжымшылдық дегенді қалай түсінуге болады?

  2. Ұжым қалай жасақталады, ұжымшылдыққа қалай тәрбиелейді?

  3. Біздің оқу тобымыз ұжым болып қалыптасқан ба?

  4. Мен-ұжымға, ұжым - маған және мен - өзіме.

Ұжым - төмендегідей белгілерімен сипатталатын адамдар тобы: қоғамдық құнды мақсатымен, оны жүзеге асыру белсенділігімен, ұйымшылдығымен және өздігінен басқарылатындығымен, тұлғааралық дұрыс қарым -қатынасымен (адамгершілік - психологиялық жарастығымен). Жетілген ұйым көтеріңкі мақсатымен, оны жүзеге асырудағы белсенді күресімен, оның мүшелерінің ұйымшылдығы мен бітісе қайнап бірігуінің жоғары деңгейімен, олардың бір біріне силастықты және талапты қарым-қатынасымен, идеялығымен, қалыптасқан қоғамдық пікірімен ерекшелінеді.

Ұжымшылдық - өз іс-әрекетіңді қоғамның, ұжымның іс-әрекетімен біріктіре білумен байқалатын идеялық - адамгершіліктік қасиет. Ұжымшылдығы жоғары дамыған адам ұжымның мүшесіне, басқа адамға жақсылық, қуанышына қуанып, сәтсіздігіне күйініп, ортақтасады, ұжымның атына кір келтірмеуге тырысып, ортақ іске жұмыла кіріседі, оған қоғамдық борыш пен өз жора - жолдастары, ұжым үшін жауапкершілік сезім тән. Қарама - қарсы қасиетке жекешелену, оңашалану жатады. Ондай адам өзінің іс-әрекетінің негізіне, мінез-құлқына тек жеке қара басының ісін қойып, басқалардың тілегімен, ұжымның ісімен есептесіп, санаспайды, өз қамын ғана жейді, кейде өз мақсатына жету үшін ортақ іске, басқа адамдарга зиянын тигізеді.

Ұжым қалыптасып, дамуы үшін ортақ мақсат қойып, оны әрқашан көтермелеп отыру қажет. Ұжым мүшелерінің белсенділігін дамытып, іскерлігін жоғарылатып, жұмыста жоғары нәтижеге жетуге, тәртіпті нығайтуға, ұйымшылдық пен жауапкершілікті қолдау керек.Ұжымды дамытудағы басты рөлде басқару органы, әсіресе жетекші, оның ұжымшылдық сапасы, адамдармен жұмыс істеуге тілегі мен біліктілігі, талап қойғыштығы мен түсінісе силасуы, жеке басының үлгісі. Ұжымның қалыптасуы мен ұжымшылдықтың тәрбиеленуі көбінесе оның әрбір мүшесінен, оның жауапкершілігінен, өте жақсы өзара силастықтан, ортақ іс пен жолдастардың қамқорлығынан, пікірлестігінен туындайды. Ұжымның ісіне белсендірек, әрі саналы қатысу жеке адамды ұжымшылдыққа тәрбиелей алады.

Өз оқу тобын талдап көріп, онда ұжымдықтың белгісінің барлығын, даму деңгейін білуге тырысу қажет. Ерекше тоқталатын мәселеге оқу тобы алдындағы қойылган мақсатты, оқушылардың белсенділігін, ұйымшылдығы мен тәртібін, бір-біріне талабы мен силастығын, оқу тобының ішіндегі моральдық-психологиялық ахуалды жатқызуга болады. Оқушылардың оқу үлгерімі, еңбектегі табысы, оқу тобында өткізілген қоғамдық жұмыстың тиімділігін, басқарушы орган мен өздігінен басқарылудың іске асуын, оқушылар ұжымын ұйымдастырудағы кемшіліктерді атап, оларды болдырмаудың шараларын қарастыру аса маңызды болмақ.

Оқу тобының түгелдей және әр адамның өмірдегі өзін өзі тәрбиелену жәйінда нақты деректерге тоқталып, Абай тағылымына жүгінеміз.

Сүрінбей-қабынбай, өкінбей, опық жемей, «әттең» демей тірлік етуің үшін өзіңді өзің бақ, бейпіл мінезден, берекесіз сөзден без, өз басыңның түзулікпен жүруіне қам жаса:

Уайым - ер қорғаны, есі барлық;

Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен,

Түбінде тартқызбай ма ол бір зорлық?

Кісіні кілең өзгелер - үлкендер, ұстаздар, орта ғана тәрбиелемейді, кісі өзін- өзі тәрбиелеуге тиіс. Тамаша талант тағылымы осыған саяды.

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

Азапқа салма езбеден.

Атаның балаға, үлкеннің кішіге көрсетер тағылымы нағыз дидактика. Билердің нақылдары, ақсақалдардың батасы - бәрі ізгілікке, жақсылыққа, имандылыққа үндейтін, өз басыңды өзің түзу алып жүр дейтін қасиетті қағида.

Жас жігіт өзіне өзі күлген күні кісі болады, деген екен бір данышпан. Абайдан бұрын өткен ақылман айтқан ба, кейін туған адамның сөзі ме-ол арасын білмейміз. Ақынның «Ойға түстім, толғандым» атты өлеңін қайталап оқып, саралаған кезде жаңағы нақыл сөз ойға оралады. Оған себеп автор өз туындысында лирикалық кейіпкер атынан сөйлеп, өз бойындағы міндерін бұталап, бүкпей ортаға ашып салады. Кейіпкер былай дейді:

Бойымдағы мінімді санасам, таудағы тастан аз емес.

Жүрегіме үңілсем, иненің жасуындай таза нүктесі табылмады. Ішкі кірімді ашып тастайын десем, ол құрғырың құдықтағы саз емес. Бәрі де өзімнен болған нәрсе алланың араласуынан емес. Осыншама ақмақ болғаным: көрінгенге қызықтым. Шыншыл, ақиқатшыл жүрегімнің әділ тілін алмаппын. Ақылға ұйымаппын. Оның есесіне айла-шарғыға, амал-қулыққа батпақтай батыппын....

Теңдессіз педагог ақын: «Өз мініңді ертерек таны, тезірек құтыл, жамандықтан арылсаң, жыға білсең, жақсылыққа қанығарсың»,-дейді.

Махаббатпен жаратқан адамзатты

Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.

Абай: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінде: «Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер»,-дейді. Ендеше, Абай аңсаған азамат алланың ақ жолынан ауытқымауы - уәзипа.

Алланың жолына кесе көлденең келетін жамандықтар - пайдақұмарлық, мақтан қуғыштық, әуесқойлық, көрсе қызарлық...

Алла мінсіз, әуелден пайғамбар хақ,

Мүмин болсаң, үйреніп сен де ұқсап бақ. .

"Адам бір боқ, көтерген боқтың қабы"...атты өлеңінде ақылды адам жадында ұстап, жаттайтын ұлағат тағы бар:

Адамды сүй, алланың хикметін сез,

Не қызық бар өмірде онан басқа?!

Жүректің көзі ашылса,

Халықтың түсер сәулесі.

Іштегі кірді қашырса,

Адамның хикмет кеудесі.

Ендеше, қол байлар жағымсыз ниеттерден арыл-ішіңдегі кірден аршыл, қайратыңды қасиетті іске бағышта, ақиқатқа қызмет ет, жақсылықты ойласаң, жүрегіңнің қайнар көзін аш!-дейді Абай. Басқа бейнеде де қабылдауға болады: жүрек соқырлығынан арыл-сонда көңіл көрегендігіне жетесің. Қысқасы, құдайдың өзі берген бойыңда құдірет-күшің мол, соны адамзат игілігі үшін сарқа пайдалан. Василий Шукшин айтпақшы: "Кемеңгер атанғанша өзіңді өзің зорлап бақ".

Осының бәрі өрен жастың қаршадайынан қайрат-жігерін аямай дұрыс жұмсап, өнімді еңбек ете білуі парыз!-дегенге әкеліп саяды.

Ақыл-кеңес іске айналғанда ғана ақық-асылмен бірдей бағаланады!

Адам әр таң атқан сайын алдына қарап,-ертеңгісін ойламаса, ел де іргелі жылжымай қалатындай сезінесің...Аяғының астындағысын ғана қамдаған, ертеңді ойлай алмағандар алысқа бармайды,-деп әсте қайталап ескерткендей болады ақын.

Саналы тәртіп – заман жауапкершілігі





  1. Ерік еркіндігі, тәртіп және қоғамдық борыш.

  1. Жауапкершілік пен тәртіп қалай жасақталады?

  1. Сынып оқушыларының тәртібі және өз міндеттерін орындауы.

Моральдық жауапкершілік моральдық бостандықтан жеке қарастырылмайды. Тек еркін жүріс-тұрыс қана жауапты қылық болуы мүмкін. Сондықтан, әуелі еркін қимылдаудың мағынасын ашып алайық.

Қоғам болғаннан кейін оның дамуы үшін жеке тұлғаның мемлекетке, қоғамдық іс-әрекетке, адамдарға, өзіне белгілі бір тұрғыдан қарап, өз міндетін орындауға тырысатыны белгілі. Біздің қоғамның адамына қойылатын талап моральдық нормалармен анықталған.Сол сияқты міндеттер кез келген қоғамдық ұйымдардың жарғысында жазылады. Қоғамдағы адамдардың нормалары, ережелері және қағидалары қоғамдық қажеттіліктен туындайды.Осыдан барып өзін қоғамда еркін ұстаушы адам оның өзінің міндеті мен қоғамдық талабына жауапкершілікті сезінуі керек.

Жеке тұлғаның әрбір іс-әрекетіне, қылығына нақты нұсқау жоқ және болуы да мүмкін емес. Жеке тұлға қандай жағдайда қай шешімді қабылдайтынын өзі шешеді, яғни оның моральдық таңдау құқы бар. Бірақ, ондай еркіндік өзінің қоғамдық борышына, мінез-құлық нормасына, ережесіне жауапсыздықты, атүсті қарауды білдірмесе керек. Ендеше, оқушының еркін қимылдауы - ең алдымен өз міндетін еркімен, арлылықпен орындау, қоғамдық борыш соны талап етеді.

Тәртіп - қоғам мен ұжымның, адамдардың ебіне қарай іскерлік және жастарды тәрбиелеу өмірінің маңызды шарты, тәртіпсіздік ұғымына қарама- қайшылық ұғым беретін белгілі бір реттілік.

Оқу орындарындағы тәртіп мақсат қана емес, сонымен бірге тәрбиелеу құралы, қажетті шара мен оның нәтижесі. Оның негізі талаптылықта. Ол жеке тұлғаға деген терең силастықпен астарласып жатуга тиіс. Тәртіпке тәрбиелеуге қоғамдық көзқарасты, оң нәтижелі үлгілерді, мадақтау мен жазалауды, ойлап істелінген жұмыс сипаты мен жетекшінің беделі, оқушылармен сөйлескен кездегі сөз мәнері мен қисынын тауып сөйлеудің мәні зор. Тәртіптілікті қалыптастыру үшін маңызды мәселелерге еңбек пен демалыс режимі, өзін өзі тәрбиелеу, өзін тексеру - есеп беру.өзіне қойылған талапты орындау жатады. Тәртіпті адам ендеше, барлық жағдайда да қоғамдық талаппен есептесіп, дұрыс іс-қимыл жасайды, өз міндетін еркімен әрі жауапты орындайды, жауапсыздық пен берекесіздікке белсенді күрес жүргізеді.


«Достықтық төлеуі – достық» диспуты

Адамзат тірлігінің әдемі сән-көркі, қызғылықты шағы, ұмытылмас үрдісі-адал достық, айнымас достық.

Дос алады, бермесең, бұлт берем деп,

Жауыңа қосылуға серт берем деп.

Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,

Не қылып оңайлықпен ырқ берем деп.

Шіркіннің достығына болайық! Сатқындың пен достық қашан қауышып еді?! Өз досын сатқан өз басын да сатар. Опасыздық өзгені емес, опасыздың өзін де орға жығады. Абай ақын өзі көріп таныған оңбаған доссымақ бейнесін оқырмандар алдына тартқанда адалдарды арамзадан бездірмекті ойлайды.

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,

Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.

Күншіліксіз тату бол шын көңілмен,

Қиянатшы болмақты естен кеткіз.

Бейне қорқып, жаның шошып тұрғандай бірің-бірің құрмет көрсет, қадыр тұт, сыйла, жүрегіңді дос алдына дастарқандай жай...

Досыңа достық қарыз іс,

Дұшпаныңа әділ бол.

Па, шіркін ұлылық-ақ. Екі-ақ жолмен адами екі қасиетті алдыңа тартып, «ұғын да ұстан» депті. Ағылшындар айтпақшы: «Достықтың төлеуі-достық». Досыңнан аярың болмауы керек. Өзіңе жақсылық, игілік атаулыны қалай тілесең, досыңа да соны тіле...Дос басына іс туссе, жаныңды да аяма. Қысқасы, өзің дос бола білмесең, басқадан да жанқиярлық, қалтқысыздық, опалылық күтуге құқың жоқ.

Ал дұшпаныңа деген көзқарас басқаша: өзін ит етінен жек көріп жаратпауың мүмкін, сөйте тұра дұшпаныңның қоғамдағы орнын, еңбегін, халық алдындағы беделін дұрыс бағала, күндеме, көпе-көрнеу көзге ілмей, үндемей өтсең, көлденең жұрт өзіңе баға береді, «ақиқатты айналып өтетін алаяқ екен» деп сөз етеді, көзіңше де бетіңе басады.Сенің әділдігіңө көзі жеткен қырбайың өзіңмен тіл табысып, дос болып кетпесе де қысастығынан тыйылатындай болсын. Жолыңнан жығылма, - сонда жауың амалсыздан мойындайды, сыйлайды. Абай тағылымы осыған жетектейді:

Аямай жанын, дос ерер;

Жолдастықты ақтаса...

Аксиомалық ақиқат қана. Ал осының ғибраты қандай қымбат?! Опасыз, жалған дос өлген-тірілгеніңе қарамайды, бас пайдасына тиімсіз жерде жырылып шыға келеді, сені айдалаға тастап кетеді, сапарыңа серік болып шыға алмайды; Ендеше, жолдастыққа, уәдеге берік, аяншақ емес, аяр емес адалды тап!

Дос-асықтың болмайды бөтендігі,

Қосылған босаспайды жүрек жігі.

Біздің доспыз, асықпыз дегеніміз-

Жалғандықтан жасалған көңіл жүгі.

Өмірде жасаудың өзгеше ләззаты бар: ол достық сезіміне бөлену, рақаттана кенелу екенін Абай көп өлеңінде көңіл желпінте суреттейді.

Жүректердің жігі қыл өтпестей жымдасқан достарды бөлек-бөлек жандар деп қарамай тұтас бір тұлға деп қарау абзал. Екі дос шын достасса-бір-ақ адам: Екі жүрек-бір-ақ жан... олардың арманы да ортақ, қуанышы да ортақ, қайғы-мұңы да қабырғасына бірге батады...

Осы «Өкінішті көп өмір өтіп кеткен» атты өлеңінде Абай «достық - қуат-құдыреттің бірі» дейді. Бір-біріңе мұңыңды ақтарсаң, көңіл кірі шайылады. Ендеше достыққа керегі-татулық, жарастық, сыйластық, ұғынысу.

Абай еңбектерін ақтарсаң игі ойлар туындайды, егер ұлы ақын ұсынған үлгі-өнегені ұстанса ешбір кісі опық жемес еді, өмірден өкінбей, қорлық көрмей, қиналмай өтер еді. Себебі-Абай мұрат тұтқан азамат-нағыз адам! Сәулелі поэзия соған бізді сендіреді.

Бір тәуір дос,

Тым-ақ керек,

Ойы мен тілі бөлінбес.

Ақын пәтуалық парызын қайталап айтып, замандастардан сөзге берік болуды талап етеді. Бүгінгіміздің де судырағы мен суайтынан, сыпылдағы мен сырғымасынан ығыр болып-ақ жүрміз ғой...

Одақтық, тыныштық достық қой

Оның қадірін кім білер?!

Жалғыздықтан жаман жоқ....

Осының бәрі де "Адамның күні адаммен" дегенге саяды. Жападан жалғыз состиып, жан баласына илікпей, осқырына қарап, өз бетімен күнін кешкен күйкілер, басына іс түскенде, алдынан ауыртпалық кесе-көлденең кезіккенде, дағдарып дал болғанын өз көзімізбен көріп жүрміз...

«Есің барда есті дос тап, сыйлас» - ақынның ұсынар ғибраты осы!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет