БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37



бет25/40
Дата27.12.2016
өлшемі6,58 Mb.
#5524
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40

Рамазанова Ағуза Далабайқызы


Маңғыстау облысы БАИ тәрбие беру

проблемалары бөлімінің меңгерушісі

«ТАҒЛЫМ» ТӘРБИЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ


(34 сағатқа арналған)

Алғы сөз

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттігі және қоғамдық қатынас қалыптасу кезеңінде жалпы азаматтық құндылықтарды меңгерген тұлғаны тәрбиелеу мәселесі, оның рухани және адамгершілік бейнесін қалыптастыру, уақыт талабына сай жас ұрпақтың тән мен зердесін жетілдіру мәселесі ерекше мағынаға ие болуда.

Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өскелең ұрпақтың қоғам өміріне, қоғамдық - өндірістік қызметке араласуы, олардың жастайынан әлеуметтік өзгерістерге, шығарамашылыққа, рухани азықтануына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік – рухани үрдіс болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында тұлғаның шығармашылық, рухани және тән мүмкіншілігін дамытуды, салауатты өмір мен әдептің берік негізі қалыптасуы, жеке бастың дамуы үшін зердені дамыту, патриотизмге (ұлтжандылыққа) тәрбиелеу, халық дәстүрлерін сыйлау, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістігіне ортақтасуы қажет екендігі көрсетілген. (ҚР «Білім туралы» Заң, Алматы,1999, 55 – бет )

Оқушыға берілетін тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайтын, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталғаны жөн. Мақсат - қазіргі жас жеткіншек бойына еліне, жеріне, тіліне, тарихына, дініне деген сүйіспеншілікті дарыту. Тәрбие тамыры тереңде, тәрбиені беру жолдары сан алуан. Бұл ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан қозғалыс.

Адам баласы емес, тіпті дұрыс күтім жасасаң қисық ағаш та түп – түзу көрікті болып өседі, ендеше бала тәрбиесі одан да жоғары ақылдылық пен даналықты қажет етеді. Ал теріс бағыттағы тәрбие адам баласына қасірет төндіретіні белгілі.

Қазіргі өркениетті заманда жастар әртүрлі ақпарат құралдарынан ұлттық санаға кері әсер ететін тәрбие мәліметтерін алуда. Олар: анаша, темекі, ішімдік, тонау, кісі өлтіру, жалаңаш жүру т. б. толып жатқан жағымсыз көрінстерге еліктеуде. Соның салдарынан қазіргі жастардың көбі қылмысқа ұрынып, адамгершілік, ар – ождан абыройын аяққа таптауда.

Ата – бабадан қалған мөлдір бұлақтай ұлттық тәрбиемізге дақ түсіру әдетке айналуда. Қазіргі кезеңде жаңа әдіс – тәсілдердің жаңа өмір ағымына сай қажеттілігі туындап отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қойылған міндеттерге негізделе отырып, «БҰҰ – ның бала құқы конвенциясында» жарияланған балалардың негізгі құқықтарын іске асыруда мектептердің тәрбие жүйесін жаңарту жолы белгіленген. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында кешенді тәрбиелеу бағдарламасына сүйене отырып, Қазақстан Республикасы, Білім және ғылым министрлігі бекіткен 2006– 2011 жылдарға арналған тәрбиенің кешенді бағдарламасы ұсынылды. Бағдарлама оқу және мектептен тыс жұмыс түрлерін қамтыған, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, мектепке дейінгі, орта, арнайы және кәсіби білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысының құрылымы мен мазмұнын жетілдіруге бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты:

Жалпы азаматтық құндылықтарды меңгерген, жан – жақты дамыған, экономикалық ойлау қабілеті қалыптасқан, бәсекелесуге дайын, түрлі мамандықтарды меңгеруде, өмірдің қиын мәселелерін шешуде (мектеп – қоғам біртұтас тәрбие жүйесі арқылы) жылдам да бағдарлауға дайын тұлғаны тәрбиелеуге көмектесетін жағдай жасау.



Міндеттері:

  1. Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жүйесінің нормативті - құқықтық негізін жандандыру.

  2. Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жүйесінің тиісті ғылыми - әдістемелік, педагогикалық - ақпараттық жағдайларды, оның ішінде патриоттық тәрбие жүйесін қамтамасыз ету.

  3. Балалар мен оқушы жастардың ұлтаралық және этникалық қарым – қатынасын дамыту.

  4. Балалар мен оқушы жастар арасында әлеуметтік нашақорға қарсы иммунитетті қалыптастыру, дамыту мақсатында есірткіні және басқа зиянды заттарды қолданудың алдын алу жүйесін жетілдіру.

  5. Балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жүйесінің профилактикасы, олардың жағымсыз қылықтарын болдырмауды қамтамасыз ету.

  6. Балалар мен оқушы жастар арасындағы діни экстремизмге қарсы алдын алу, дайындық жұмыс жүйесін жандандыру.

  7. Тәрбиесі аса жауапкершілікті талап ететін балалар мен оқушы жастар арасында педагогика – психологиялық қолдауды қамтамасыз ету.

  8. Отбасы кеңестері және психолог – педагог мамандардың жұмыстарын ұйымдастыруды үйлестіру.

  9. Балалар және оқушы жастардың бос уақытын болмауын қамтамасыз ету.


Ендіру механизмі:

Сынып жетекшілері «Тағлым» тәрбиелік жүйесін аптасына 1 рет өтетін сынып сағатының аясында жоспарлап өткізеді және оның тәрбиелік мақсатында «ҚР 2006– 2011 жылдарға арналған тәрбиенің кешенді бағдарламасының» бес бағытын басшылыққа алады.

1. Саяси – құқықтық тәрбие бағыты

2. Патриоттық тәрбие бағыты (ұлтжандылық)

3. Рухани адамгершілік тәрбие бағыты

4. Есірткіге қарсы күрес бағыты

5. Отбасы тәрбиесі бағыт
«Тағлым» бағдарламасы

(34 сағат)



р/с

Айлары

Мазмұны

Өткізілу формасы

Уақыты

Апталар

1

Қыркүйек

ҚР Конституциясы. Білім күні. Алғашқы қоңырау

Салтанатты кеш

1 – апта

Сынып оқушыларының қызмет, міндеттерін бөліп беру (барлық оқушыны қамту). Оқушылардың күн режимі, жасақтау, үйірме, секция жұмыстарына тарту.

Сынып сағаты

2 –апта

21 қыркүйек – Қазақ тілі – мемлекеттік тіл дәрежесін алған күні. «Ана тілің – арың бұл»

Поэзия

сағаты


3 – апта

27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күні.

«Атамекен» туристік слетін өткізу



Слет


4 – апта

2

Қазан

Мұғалімдер күні мерекесі.

04 - Дүниежүзілік жануарлар құқын қорғау күні.

«Қызыл кітапқа» енген жануарлар.

Қазақстан қорықтары.

Маңғыстау қорықтары.

Төрт түлік малдың түсі, атаулары.

Мысалы, жылқы малының түсі, атаулары. Ат әбзелдері.


Құттықтау сағаты
Сатылай кешенді талдау технологиясы

5 - апта

Кітап – білім бұлағы

Біріккен сабақ

6 - апта

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында

«Табиғат – алтын бесік»



«Қайырымдылық» акциясы

7 – апта

24 қазан – Халықаралық БҰҰ күні.

Қазақстан Республикасы күні. Еркіндігім – Елтаңбам «Қазақстанның болашағы балалар көзімен»,


Сурет көрмесі



8 – апта

3

Қараша

«Мемлекеттік нышандар тарихы» (үйрену сабағы) білесің бе?»

Слайдпен үйрету

9 – апта

«Мемлекеттік нышандар тарихын білесің» бе?

Сайыс

10 – апта

«Мен Қазақстан республикасының азаматымын», «Менің Қазақстаным», «Елтаңбаның патриоттық маңызы» тақырыптарында

шығарма жазу, өлеңдер шығару.

11 – апта

Қазақ батырлары. Маңғыстаулық батырлар.

Дебат

12 – апта

4

Желтоқсан

«Жоқ рахмет» моделі (темекі, насыбай,ішімдік,есірткіге қарсы күрес). «Денсаулық және өмірлік дағдылар» әдістемелік нұсқаулығы бойынша

ойындар,

тренингтер





13 – апта

10 – желтоқсан «Адам құқы күні», БҰҰ – ның бала құқығы конвенциясы. «Менің құқым», «Заңды білу - заман талабы» жалпыға бірдей құқықтық білім беру.

Пікірталас, дебат



14 – апта

16 –желтоқсан «ҚР тәуелсіздігі күні туралы» Заң қабылданған күн,

17 желтоқсан демократиялық жаңару күні,

1991жылы 20 желтоқсан Он бір Тәуелсіз мемлекеттің басшылары ТМД құру туралы келісім шартқа қол қойды. «Тәуелсіздік тұғыры биікте»


«минуттық үнсіздік»

15 –апта

26 желтоқсан – «ҚР азаматтары туралы» Заң қабылданған күн, Қазақстандағы азаматтық қоғам, азаматтық тәрбие беру

Жаңа жыл мерекесі



тренингтер, тест

Кеш


16 – апта

5

Қаңтар

Жергілікті ақын- жазушылармен, сазгер, әншілермен, қолөнер шеберлері

Кездесу


17 – апта

«Еңбек ер атандырады»

Пікірталас

18 - апта

«Төл теңгенің тарихын білесің бе?»

Сайыс сабақ

19 - апта

Қарым – қатынас ережелері, әңгімелесе білу өнері.

Еркін әңгімелесу

20 – апта

6

Ақпан

Суицид дегеніміз не?

Дөңгелек үстел, тренинг

21 – апта

М.Мақатаев шығармалары

Поэзиялық кеш

22 – апта

Маңғыстау батырлары

Дөңгелек үстел

23 – апта

Діни экстремизмді қалай түсінесің?

Ашық әңгіме сабағы

24 – апта

7

Наурыз

1992ж 2 наурыз ҚР БҰҰ кірген күні,

8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні.

БҰҰ Әйелдердің саяси – құқықтары туралы Конвенция.


Түрлі формада



25 –апта

Имандылық тәрбиесін Абайша оқыту

Тәрбие сағаты

26 – апта

Наурыз мейрамы. «Жыл оқушысы»

Байқау

27 – апта

8

Сәуір

1 -сәуір Халықаралық құстар күні.

7 – Бүкіл әлемдік денсаулық күні



Дебат


28 - апта

18 –сәуір тарихи ескерткіштер күні. Маңғыстау мәдени мұралары, көне тарихи ескерткіштер. Ж.Мыңбаев, Қ.Күржіманұлы,

Саяхат сабақ


29 - апта

Ә.Кекілбаев 70 жаста. Өмір жолымен және шығармаларымен таныстыру

Конференция

30 – апта

9

Мамыр

1 мамыр - Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы күні. Халық тәрбиесіндегі ұлт достығының дәріптелуі. Ақтау қаласындағы Т.Шевченко ескерткіші, Форт-Шевченко қаласындағы мұражай туралы. Татулық пен келісім – бауырластықтың белгісі

Шеру,

Саяхат сабақ



31 – апта

7 мамыр - ҚР қорғаныс күштері күні. Әскери – патриоттық «Жас ұлан»

9 мамыр – Жеңіс күні, ардагерлермен кездесу. Ұлы Отан соғысы батырлары туралы



«Аталар ерлігі – балаға мұра»

Сайыс,ойын дөңгелек үстел, кездесу

32 – апта

15 - Бүкіләлемдік «Отбасы күні». Отбасы және мектеп қарым – қатынасы моделі бойынша шара өткізу (Үлгілі отбасы сайысы, отбасындағы ұл мен қыз тәрбиесі бойынша дәрігер мамандарды, үлгілі ата, әжелерді қатыстыра отырып, «Отбасы және мен»

дөңгелек үстел, тренингтеріскер.ойын

33 – апта

Соңғы қоңырау

Салтанатты кеш

34 – апта




Каталог: document library
document library -> Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама
document library -> Оқу жылы бойынша №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының жылдық есебі. Мақсаты
document library -> Новоишим қазақ орта мектебінің аналитикалық талдауы 2011-2012 оқу жылы
document library -> «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм бойынша Ұбт-ға дайындық жұмысының жайы
document library -> Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын- өнер Жүсіпбек Аймауытов Алғы сөз
document library -> Сабақтың түрі: кіріктіру сабағы. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнеролик,суреттер,сергіту сәті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет