Бағдарламасы 6 Дәрістердің қысқаша мазмұны 8



бет1/8
Дата09.08.2017
өлшемі1,77 Mb.
#23224
  1   2   3   4   5   6   7   8
Мазмұны




бет

Глоссарий

3

Оқу бағдарламасы

6

Дәрістердің қысқаша мазмұны

8

Тәжірибелік сабағына арналған әдістемелік нұсқау

44

Студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстарына әдістемелік нұсқау

59


Студенттердің өзіндік жұмыстарына әдістемелік нұсқау

61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

62

Өзін өзі бақылау үшін тест сұрақтары

64

Қорытыңды бақылауға арналған сұрақтар

68


Глоссарий
Акция – дегеніміз, акционерлік қоғам шығарған АҚ мүшесіне, яғни акция иесіне қоғамды басқаруына құқық беретін және пайдадан дивидент алуға мүмкіндік беретін құнды қағаз. Акцияда көрсетілген ақша сомасы – акцияның номиналдық құнын көрсетеді, ал акцияның сату бағасы акция курсын көрсетеді.

Амортизациялық қор – негізгі қорларды ұлғайтуға арналған қаржылар.

Жалға алу – затты белгілі бір уақытқа ақша төлеу арқылы пайдалану.

Бизнес – нарықтық экономика жағдайында өнім өндіру немесе қызмет көрсету арқылы пайда табу жолындағы экономикалық іс-әрекеттер.

Бизнес жоспар – компанияның нақты мақсатын орындау жолында нақты шараларды жүзеге асыру үшін жұмсалатын шығындар, күтілетін табыс көлемін көрсететін кәсіпорын ісінің бағдарламасы.

Таза табыс – кәсіпорынның пайдасының барлық шығындарын (салық, амортизация және т.б.) алып тастағандағы бөлігі.

Мемлекеттік немесе жергілікті кәсіпорын – меншігіндегі мүлікке иелігі жоқ коммерциялық ұйым.

Борышкер – келісім бойынша кредитордың мерзімінде орындалған, заң бойынша міндетті төлемін төлемеген заңды немесе жеке тұлға.

Тауардың өмірлік циклы – идеяның пайда болуынан бастап, тауардың нарықтан шығарылғанға дейінгі уақыт аралығы.

Жеке меншік – сатуға, сыйлауға, жоюға құқығы бар заңды немесе жеке тұлғаның мүлкі.

Инвестициялар – пайда табу жолында кәсіпорынға жаңа технологиялар енгізу, өндірісті өркендету үшін қаржы салу.

Инжиниринг – коммерциялық негізде әртүрлі инженерлік-консультациялық қызметтер ұсыну.

Инновация – қоғамның дамуына байланысты адамдардаң қажеттігін қанағаттандыру жолында жаңашылдықтар мен жаңа технологияларды енгізу.

Инфрақұрылым - өндірісті, тұрғындарды қамтамасыз ету жолындағы шаруашылық салалар кешені – көлік, байланыс, сауда, ғылым, білім, денсаулық сақтау орындары.

Компания – кәсіпкерлердің пайлық капиталы негізінде құрылған заңды тұлға.

Концерн - әртүрлі салалар бойынша жеке кәсіпорындардың патенттік –лицензиялық келісімдерін, қаржыларын біріктіріп, уақытша құрылған ұйым.

Кәсіпкерлік мәдениеті – кәсіпкерлік сферада әлеуметтік нормалар мен құндылықтар жүйесін сақтай отырып, іргелі қағидалары мен тәртіп үлгілері жиынтығын пайдалану арқылы экономикалық белсенділік формаларын сақтап жұмыс атқару.

Лизинг – қондырғылар мен машиналарды, көлік құралдарын, техниканы жалға беру негізіндегі ұзақ мерзімдік несие түрі.

Лицензия – заңды тұлғаға мемелекеттік органдардың белгілі бір жұмысты орындауға құқық беретін рұқсат қағазы.

Монополист – белгілі бір тауарды өндіруші жалғыз ғана ұйым, бағаны өзі тағайындап, мемлекетке тиімсіз болып табылады.

Салық – жеке немесе заңды тұлғадан, мемлекетке немесе муниципалды құрылымдар үшін алынатын міндетті төлем.

Ұлттық экономика – белгілі бір елге тән қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде құрылған халықаралық ғылыми-техникалық қатынасты дамытуға арналған экономикалық қызметтер.

Банкрот – арбитраж сотының шешімімен ұйым, қарыздары мен міндетті төлемдерін өтей алмауын мойындату.

Сала – кәсіпорындар мен ұйымдардың өндіріс бағыты, технологиясы мен негізгі қорлары, жұмысшылардың кәсіби шеберлігі бойынша жалпы ортақ белгілерінің жиынтығы.

Персонал – ұйымдағы белгілі мамандықтары, кәсіби шеберлігі бойынша іріктелген ұйымның бір бөлігі немесе жалпы жұмысшылар құрамы.

Тәуекел – кәсіпорынның жұмысын орындау барысында мүмкін боларлық қиындықтар.

Туризм – жеке тұлғаға саяхат жасау мүмкіндігін беретін қызмет түрі.

Турагент – бұл лицензия негізінде туроператорлар арқылы тұтынушыларға саяхат жұмыстары бойынша (құжаттарын реттеу, жол жүру билеттері мен қонақүйге алдын – ала тапсырыс беру) толық қызмет көрсететін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.

Туроператор – адамдардың саяхат жасауына барлық мүмкіндіктерді ұйымдастыратын заңды тұлға.

Туристік қызмет – туроператор мен турагенттердің саяхат жұмысы бойынша қажетті барлық іс- әрекеттердің орындалуы.

Туристік индустрия – туристік қызмет көрсету кешені – қонақүйлер, көлік, ойын- сауық, мәдени орындар, сауда және қоғамдық тамақтандыру орындары, гид – аудармашылар және демалысты ұйымдастырушылар.

Туристік инфрақұрылым – туристік қатынастар, жол торабы, байланыс, туристік ресурстар, сауда, тамақтандыру орындарының орналасуы, тұрмыстық қызмет, денсаулық, спорт ғимараттары, басқа да туристік индустрияның дамуын қамтамасыз ететін құралдар.

Туристік нарық – туристер үшін көтерме сауда арқылы туристік қызметтер мен тауарлар ұсыну.

Жарғы – компанияның заңдылығын дәлелдейтін, оның іс - әрекеттерін сипаттайтын, мүшелерінің қарым – қатынасын реттейтін арнайы құжат.

Франчайзинг – ірі және шағын кәсіпкерліктің аралас түрі, әріптестердің екеуіне де тиімді қарым – қатынастар жүйесі.

Кәсіпорынның баға саясаты – пайданы көбейту жолында өнімдерге қолайлы баға белгілеу шаралар жиынтығы.

Экскурсиялық қызмет – азаматтардың бір елде уақытша жүрген кезінде, туристік ресурстарды қолдана отырып, қызмет көрсетуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлғаның іс-әрекеті.

Оқу бағдарламасы
Кіріспе

Қазіргі Қазақстанда кәсіпкерлік кейбір қиындықтарға кездессе де, бұл болған нақты іс. Ол заң жүзінде қорғалады және даму үстінде. Таңдап алған бағыттың өзектілігі түсінікті, себебі кәсіпкерліксіз нарықтық экономика болмайды. Ол бізде бастапқы қалыпта болғанымен, бизнес қоғамдық өндірістің жетекші саласы болатынына күмән жоқ.

Бизнеске деген қызығушылық шынайы, әрі ақталған. Біздің көз алдымызда қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылуда, өзінің жеке ісін ұйымдастыруға ұмтылып жатқан адамдар пайда болуда, олар қазіргі жағдайларға байланысты бір орында тұрмай, қызығушылықтарын танытып, өздерін бос еңбектік қызметте көрсеуде. Бұған қоғамның егемендігі және шаруашылық қызметі көмектесуде.

Монополизмді жеңіп шығу мен бәсекелестікті дамытуға бағытталған нарықтық экономикаға көшу өндіріс құрылымының күрделі өзгеріске баруын талап етеді. Жеке меншіктің әртүрлі нысанында негізделген кәсіпкерліктің дамуынсыз, әлем экономикасы дәлелдегендей бұл шараларды шешу мүмкін емес.

Бүгінде көп адамдар өндірістің, экономиканың, жалпы қоғамның дамуын жылжытатын кәсіпкерлік екенін түсіне бастады. Еліміз кәсіпкерлік арқасында, ал кәсіпкерлер мемлекет қолдауының арқасында гүлденіп жатыр.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуына интенсивті түрде барлық жағдайлар жасалуда, әсіресе кәсіпкерлікті дамытуға жеке меншікті жекешелендіруге байланысты үлкен жұмыстар атқарылуда. Елімізде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауға кең ауқымды шаралар қолдануда.

Курсты оқыту экономикалық теория, экономикалық оқу тарихына, оқу әдістері мен қағидалар негізінде құралады.

Айтылған курс мақсаты – болашақ мамандарға Білім беру мекемелерінде кәсіпкерлік қызметінің саласында теориялық білім және тәжірибелі дағды беру.


Міндеттері:

  • кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру нысандарын, шарттарын, әдістерін және қағидаларын білу;

  • дұрыс қызметті қамтамассыз ететін барлық ресурстардың ең тиімді нұсқаларын жоспарлауды анықтау;

  • кәсіпкердің шаруашылық қызметіне талдау жасау;

  • шаруашылық қызметінің кәсіпкерлік тәуекелін бағалауды анықтау;

  • коммерциялық келісім бойынша ұйымның әдістемелерін қолдану және т.б.


Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Студент пәнді оқып бітірген соң білуге қажет:

- Білім беру мекемелерінде кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктері оның шаруашылық қызметі түрі ретінде;

- кәсіпорынның қылығының экономикалық мотивациясын;

- кәсіпорынның нақты инвестициялауын өткізу нысандары мен ерекшеліктерін.

Студент пәнді оқып бітірген соң істей білу қажет:

- Білім беру мекемелерінде кәсіпкерлік қызметінің экономикалық тиімділігін есептеу тәсілдерін;

- инвестициялық жобалардың техника-экономикалық түсініктемесін және бизнес-жоспарлау тәсілдерін;

- экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы есептерді шешумен байланысты арнайы теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылар кешенін.
Курстың тақырыптық жоспары

Барлығы (кредиттер): 2





Тақырып атауы

Лекция

Тәжірибелік сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

1

Кәсіпкерлік түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушлық нысандары

2

2

2

6

2

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау

2

2

2

6

3

Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру

2

2

2

6

4

Кәсіпкерлік ұйымдарды кадрлық қамтамасыз ету

1

1

1

3

5

Кәсіпкерлердің шаруашылық серікітестіктерімен келісімдік қатынастары

1

1

1

3

6

Кәсіпкерлік мәдениеті

1

1

1

3

7

Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау әдістері

1

1

1

3

8

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер

1

1

1

3

9

Кәсіпкерлік қызметінің инфрақұрылымы

1

1

1

3

10

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі

1

1

1

3

11

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау

1

1

1

3

12

Кәсіпкерлік қызметті тоқтату

1

1

1

3




Барлығы

15

15

15

45


Дәрістердің қысқаша мазмұны

Тақырыптар бойынша дәрістер және дәрістерді оқып үйренудің әдістемелік нұсқаулары
1 тақырып: Кәсіпкерлік түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушлық нысандары
Мақсаты: Кәсіпкерлік іс-әрекеттер объектерін анықтай отырып, кәсіпкерліктің типін (түрін) анықтау. Кәсіпкерліктің заңдылығын, өсу қарқынын, соңғы нәтижесін, ұсынылған жаңалықтарды анықтау.
Сұрақтар:

  1. Кәсіпкерліктің мәні, мақсаты мен міндеттері

  2. Кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен салалары

  3. Кәсіпкерліктің негізгі нысандары

  4. Кәсіпкерлікті жіктеу белгілері

  5. Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері


Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: кәсіпкерлік, кәсіпкер, кәсіпкерлік пайда, жаңашылдық, кәсіпкерлік орта, тәуекелділік, батылдық, ынталалақ, өскелеңдікке ұмтылу, кәсіпкерліктің жалпы экономикалық қызметі, ресурстық қызметі, кәсіпкерліктің ізденіс – шығармашылық қызметі, әлеуметтік қызметі, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық қызметі, толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестік, тұтынушылар кооперативі, одақ (құрылтай).
Батыс елдерінде кәсіпкерлік аса ерекше ізденімпаздықты білдіріп, шаруашылықты жүргізудегі бюрократизмге қарсы іс-әрекеттерді білдіреді, бұл жағдайда барлық жаңа мүмкіндіктерді іздестіру жаңа ойларға сүйену, міндеттерді орындау жолында барлық мүмкіндіктер көзін пайдалану қажет.

Осындай көзқарастардың біздің елімізде де кәсіпкерлікті дамытуда маңызы өте зор.

Америка ғалымы Р.С. Ронстадтық пікірінше кәсіпкерлік байлықты көбейту жолындағы өскелең даму үстіндегі процесс. Соеымен бірге Р. Хизрич және М. Питерс өздерінің «Кәсіпкерлік немесе өз ісін бастап табысқа жету» кітабында кәсіпкерлік іс - әрекеттерді жан – жақты талдап, ауқымы кең анықтама берді: кәсіпкерлік – айтарлықтай күш, уақыт талап ететін қаржылық, рухани жауапкершілік жүктейтін, зор табыс желетін сол арқылы ризашылыққа бөлейтін аса бағалы жаңа іс-әрекеттер.

Кәсіпкерліктің мәнін ең қысқа, нақты анықтама арқылы түсіндірген Р. Хизрич: – «Бұл – белгілі бір құны бар жаңаны, жаңалықты туғызатын іс-әрекет». – деді. Америка ғалымы А. Шапиро кәсіпкер мен кәсіпкерлік ұғымы іс жүзінде жаңалыққа ынталылықты, әлеуметтік – экономикалық механизмді қайта құру процесін, сәтсіздік жағдайдағы жауапкершілікті, тәуекел етуге дайын болу жағдайларын атап көрсетті. Ресейлік ғалым – экономист А.В. Бусыгинның көзқарасының да маңызы зор. оның пікірінше кәсіпкерлік белгілі бір бастамада іскерлік белсенділікті, нақты іскерлік идеягы (ойды) жүзеге асыруға ұмтылыс деп түсіндіреді.

Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы үшін кез келген жаңа істер кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлікті ең алдымен өндіріс факторын жеке азаматтар мен бүкіл қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру жолындағы экономиканың өсу - өркендеу үшін пайдалану деп түсіну қажет. Қазақстанда кәсіпкерліктің негізгі қызметі – сапалы өнім өндіріп (немесе қызмет көрсету), оы қажет етуші тұтынушыларға дейін жеткізіп, соған сай материалдық және моральдық қайтарымын алу.

В.И. Дальдың жазғанындай, кәсіп ету – яғни, бір істі бастау, жаңа іс-әрекетті орындау, үлкен мағынасы бар істі бастап, орындауға кірісу. Өз бизнесін бастау үшін әрбір азамат немесе ұйым міндетті түрде кәсіпкерлік істерді реттеуші азаматтық заңдылықтарды білуі тиіс.

Кәсіпкерлік белгілі бір тауар өндіріп (қызмет көрсетіп), нәтижесінде пайда алу үшін кәсіпкерлердің экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық т.б. қарым – қатынастарының жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге тұтынушылар мен жеткізушілер, банк қызметкерлері, түрлі нарықтық субъектілер, мемлекет пен жергілікті биліктегі адамдармен қаржылық, экономикалық қарым – қатынастар орнату кәсіпкерлік іс-әрекеттердің негізі.

Кәсіпкерлікте нарықтық экономиканың әртүрлі заңдылықтарын, тауар өндірісі мен тауар қатынастарына байланысты экономикалық механизмдерді дамытып отыру қажет. Кәсіпкерлік кәсіпкердің жаңа идеясының пайда болғанынан бастап, нақты іскерлік жоба дайын болғанша жалғасатын күрделі мақсаткерлік тізбекті құрайды.

Кәсіпкерлік – барлық ресурстарды тиімді пайдалано отырып, тұтынушылар үшін аса құнды, олардың қажеттілігінен шығатын жаңа тауар өндіру немесе жаңа жұмыстар орындап, қызмет көрсету арқылы ең жоғары нәтижеге жету.

Кәсіпкерлік іс-әрекет тұрақты, үзіліссіз жалғасып отыруы тиіс, себебі тұтынушылардың талабы үнемі өсіп және өзгеріп отырады.

Өркендеген нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік іс, осы іспен шұғылданатын фирмалар мен компаниялардың, жеке кәсіпкерлер мен күрделі кәсіпкерлік құрылымдардың жиынтығынан құралады. Бұл жағдайда жалпыэкономикалық, ресурстық, ізденістік – шығармашылық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық функциялар орындалуы тиіс. Кейбір ғалымдардың пікірінше, кәсіпкерлік ісінде кәсіпекрлер ассоцияциясын (одағын) құратын саяси қызмет те орындалуы тиіс дегенді айтады.

Типтерге бөлу дегеніміз – кәсіпкерлік іс-әрекеттерді негізгі белгілері бойынша – нақты экономикалық (шаруашылық) істері бойынша ажырата білу.

Кәсіпкерлік іс-әрекеттерді әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: меншіктік түрі бойынша, заңдылық ерекшеліктері бойынша, орналасқан жерінің аумағына қарай, әртүрлі жерлерде орналасқаныны қарай, құрылтайшылардың құрамына байланысты персоналдар саны мен айналым көлемі бойынша, өсу қарқыны мен пайданың деңгейіне қарай, жаңа ұсыныстарды пайдалану дәрежесіне байланысты, т.б.

Меншік түріне тоқталатын болсақ, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік, жеке меншік және мемлекеттік меншік түрінде дамиды.

Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік заңды, заңсыз және жалған кәсіпкерлік болып бөлінеді.

Іс- әрекеттердің аймақтарға бөлінуіне байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық және дүниежүзілік болып бөлінеді.

Құрылтайшылардың құрамына байланысты әйелдер кәсіпкерлігі, жастар кәсіпкерлігі болып бөлінеді.

Өсу қарқыны мен пайданың, табыстың мөлшеріне байланысты кәсіпкерлік ұйымдар – жедел дамушы, даму қарқыны төмен компаниялар, жоғары пайдалы және төмен рентабельді ұйымдар, өте жоғары тәекелді бизнес түрі және төменгі тәуекелді бизнес түрімен шұғылданатын ұйымдар болып бөлінеді.

Өз істерінде жаңа ұсыныстар мен жаңалықтарды, жаңа технологияларды пайдалануына, өндірісте бұрын белгісіз болған мүмкіндіктерді ашуына, инновациялық менеджментті, маркетингті кеңінен қолдануына байланысты кәсіпкерлік – ізденістік, өнімдік, ескі технологияның орнына жаңа ұлғаймалы өндірісті дамытушы деп бөлінеді.

Құрылтайшылар санына байланысты кәсіпкерлік жеке және ұжымдық болып бөлінеді.

Персоналдық санына және жарғылық қордың мөлшеріне байланысты түрі шағын кәсіпкерлік болып саналады.

Егер кәсіпкерлікті ұйымдастыруда қазақсьандық қатысушылардан басқа шетел азаматтары болса, онда ол біріккен кәсіпкерлік деп аталады, сонымен бірге шетел инвестициясымен құрылған кәсіпкерлік түрі де болады.

Ұйымдастыру механизміне байланысты, басқарушылар санына байланысты жай және күрделі кәсіпкерлік ұйымдардың түрлері болады.

Ұйымдастырушылардың жауапкершілігіне байланысты толық жауапкершілікті және субсидиорлық жауапкершіліктегі кәсіпкерліктегі ұйымдар болып бөлінеді.



Кәсіпкерлік іс-әрекеттердің бағытына, нақты нәтижесіне байланысты кәсіпкерліктің мынадай түрлері бар:

  1. Өндірістік кәсіпкерлік тұтынушыларға нақты тауар түрін өндіру немесе қызмет көрсету, өткізу мәселелері бойынша жұмыстарды орындау болып табылады. Өндірістік кәсіпкерлік материалдық сферада жүзеге асатындықтан, мынадай түрлерге бөлінеді:

өнеркәсіптік, құрылыстық, ауылшаруашылық және т.б. сонымен бірге кәсіпкерлік өндіріс салалары бойынша әртүрлі болады, мысалы өнеркәсіптік – машинақұрастыру, станокқұрастыру және т.б.

  1. Коммерциялық – сауда кәсіпкерлігі, мұнда кәсіпкерлер нарықты зерттеп, сұраныс жағдайын баға деңгейін білуі, соның нәтижесінде шығынды азайтып, пайданың көп болуын қарастырады.

  2. Қаржылық – несиелік кәсіпкерлікте құнды қағаздармен жұмыс істеу, ұлттық ақша мен валюта курсының байланысын зерттеп білу қажет. Мұндай кәсіпкерлікпен шұғылданатындар коммерциялық банктер, қаржы – несиелік компаниялар, қор биржасы, валюттік биржалар, басқа да мамандандырылған мекемелер.

  3. Кеңес беру (консалтинг) кәсіпкерлігі әртүрлі бағыттарда кеңес беру, үйрету, оқыту курстар ашу арқылы жүзеге асады. Туристік қызмет кәсіпкерлігі де кеңес беру ісіне қатысты.

Ұжымдық кәсіпкерлік мекеме (фирма) құруда негізделеді немесе заң тілімен айтқанда заңды тұлғаны құрайды. Қ.Р. азаматтық кодексі заңды тұлғалардың төмендегідей ұйымдық – құқықтық түрлерін қарастырады:

  • коммерциялық мекеме; толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын,

  • коммерциялық емес мекеме; қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестік, тұтынушылар кооперативі, одақ (құрылтай).

Табыс табатын іске келетін болсақ онда заңды тұлғаның коммерциялық түрін айтқан жөн. Заңды тұлғаның негізі – шағын кәсіпкерлік нысандары. (ШКН)

  • Толық серіктестікті құру және ашу үшін кем дегенде екі азаматтың қатысуы керек және оның саны заңнамамен шектелмеген. Сондықтан қатысушылар саны құрушылардың өз еркінде және оның саны іскерлікке бөгет болмай, істің оңтайлы жүруіне байланысты болуы керек; Құрылтай құжаты болып мекеменің жарғысы мен құрылтай шарты жатады.

  • Командиттік серіктестік (КС) ; Ону құру және ашу кем дегенде екі азаматтың қатысуы керек, және оның санында заңнамаларда шектеу жоқ, сондықтан қатысушылар (құрылтайшылар) саны құрушылардың өз еркінде. Бірақ толық серіктестікке қарағанда КС айырмашылығы бар ( ол командиттік деп аталғанына қарай немесе сенімділікке негізделген ) КС екі түрлі құрушы болады: толық серіктестіктер және салымшылар. Құру рәсіміне екі құжат керек: Жарғы және құрылтай шарты. Ол құжаттарға толық серіктестіктер мен салымшылар қол қояды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)Ғ құру үшін бір және одан көп құрылтайшылар бола алады және оның саны шектелмейді;

  • ЖШС келесі бір құрылтайшысы бір адамнан тұратыншаруашылық серіктестік құра алмайды;

  • Құрылтай құжаты бір адамнан құрылтайшысы бар серіктестікке жарғы болып табылады , ал екі немесе бірнеше адамнан құрылтайшы құрайтын серіктестікте жарғы және құрылтай шарты болып табылады.

  • Құрылтайшылар серіктестік міндеттеріне тек қана қосқан салымдары шеңберінде ғана жауап береді; серіктестік құрылтайшысының үлесі басқа адамға берілуі құрылтай құжаттарында көрсетілсе ғана жүзеге асады. Ол үлесті бірінші кезекте осы серіктестіктің басқа құрылтайшысы иемденеді. Серіктестіктің ең аз жарғылық қоры 100 ең аз есептік көрсеткішке тең.

Қосымша жауапкершілікті серіктестік (ҚШС), пен ЖШС бірітейлік жақтары көп және олардың құқықтық жағдайы бір заң актісімен анықталады.

Серіктестік құрылтайшылары серіктестіктерінің міндеттемелері бойынша өздері жарғыға қосқан салымдарымен жауапты, немесе ол сома жетпегенде өздерінің дүние мүлкімен есебінен төлейді, сондықтан да ол қосымша жауапкершілікті серіктестік деп аталады.

Есесі жөнінде заңды есе мүшелері анықталмаған, сондықтан есе мөлшерін серіктестік құрылтайшылары құрылтай жарғысында көрсетіледі (мысалы 2-есе жауапкершілік, 3-есе жауапкершілік т.т.)

Құрылтайшылардың біреуі банкроттыққа ұшыраса щның серіктестік алдындағы жауапкершілігін қалған құрылтайшылар өздерінің салымдары пропорциясында жауапталады, және де басқадай жауаптану жағдайы мүмкін, және де олар қрылтай құжаттарында көрсетілуі керек, ал басқа жағдайларда ҚЖС-ке ЖШС ережелері қолданылады.

Өндірістік кооператив (ӨК): бұл азаматтардың бірігіп кәсіппен айналысуы үшін құрылған ерікті ұйым; ӨК мүшелері өз еңбек үлестерімен және мүліктік үлестерін біріктіру арқылы қызмет атқарады; кооператив мүшелері екі адамнанкем болмауы керек , бірақ одан көп санына шектеме жоқ; мүліктік үлесі 3 мың теңгеден кем болмауы шарт, ал жарғы капиталының ең аз мөлшері көрсетілмеген, сондықтан жарғы мөлшерін көрсетпеседе болады, ал жарғы мөлшері кооператив мүшелерінің мүліктік үлесінің жиынтығы боып табылады, кооператив мүшелері оның міндеттемелері үшін қосқан мүліктік үлесі мөлшерінде ғана жауапты, не керек кезінде қосымша барлық дүние мүлкімен жауапты.


  • азамат кооператив өз жеке еңбек үлестерімен біріккендіктен қатарынан басқа кооперативке мүше бола алмайды.

  • Кооперативтің басшылық құрылымы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады, одан басқа басқару тетіктері: басқарма, төраға, бақылау кеңесі болуы мүмкі, кооператив мүшесі мүліктік үлесін басқа адамға беруіне болады, бұл шараны аралық есеп қорынындысы бойынша бекітілген қаржылық есептің негізінде жүзеге асыра алады. Кооператив мүшелері мүшелердің санының көптігіне және ноариалды бекітудің қиындығына байланысты құрылтай шарттын жасамай-ақ , жарғы бойынша оған қосымша ретінде тіркелген мүшелердің тізіміне сәйкес жұмыс істей алады.

Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларында шағын бизнес жүргізу үлгілері анықталғандықтан болашақ кәсіпкер қай тәсілмен жұмыс жасауын өзі таңдайды. Заңды тұлғаларды тіркеудің жеңілдетілген түрлері: кез-келген заңды тұлға мемлекеттік тіркеуінен өткеннен кейін ғана құрылған болып есептеледі. Мұндай тіркеу ҚР құқығын қорғау министірлігінде не оның аумақтық құрылымы, облыстық құқық қорғау басқармасында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тіркеу шаралары заңды тұлғалардың құрылтай мүшелерінің санына, істейтін кәсібіне, мүліктік иелігіне қарамай бәріне бір тәтіппен жүзеге асады. Мемлекеттік тіркеу тәртібі екі түрден тұрады:

а) барлық заңды тұлғаларға бекітілгенжалпы тәртіп бойынша;

б) шағын кәсіпкерлік үшін бекітілген жеңілдетілген мемлекеттік тіркеу. (1-кесте)


1 кесте


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет