Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет37/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное

Әдебиеттер тізімі:
1. Н.А. Кузьмин, Н.Н Новиков Кормопроизводство: Москва «КолосС», 2004г.
2. С.Н. Надежкин Практикум по кормопроизводству с основами тестового контроля знаний:, Москва «Мир», 2005г
10 Дәріс. Тақырыбы: Сүрлемдік дақылдар
Сұрақтар:

  1. Сүрлемдік дақылдардың мал азық қорын жасаудағы маңызы.

  2. Жоғары сапалы сүрлем жасаудың шарттары.

  3. Көпжылдық сүрлемдік дақылдар.

1. Сүрлемдік дақылдардың мал азық қорын жасаудағы маңызы. Дұрыс сүрлем салуды ұйымдастыру, химиялық препараттарды қолдану, мал азығының өзіндік құнын төмендетуге, әрі малдарды азықтандыруды жақсартуға, рационның белок, каротин, витаминдермен тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді. Сүрлемді малдарды азықтандыруда кеңінен қолдану басқада жем-шөптермен қатар ол олардың өнімдерін 25-30%-ға көбейтіп, ол өзіндік құнын 15-20%-ға төмендетуге қол жеткізеді.
Сүрлемді жаңа орылған көк шөптен немесе өсімдіктердің кептірілген шөбінен дайындайды. Сүрлемнің сапасына, сүрлеу кезінде қоректік заттардың шығын болу-болмауына, сондай-ақ азықтың өзіндік құнына айтарлықтай әсер ететін негізгі ықпалдарға:

  1. бірінші негізгі шикізаттың ылғалдылығы;

  2. өсімдіктің өсіп –жетілу кезеңі;

  3. сүрленетін дақылдарды жинау мерзімдері;

  4. оны ору биіктігі;

  5. ұсақталып туралу дәрежесі;

  6. жинау және тасымалдау кезіндегі көк шөп шығыны;

  7. механикалық жинау құралдары;

  8. сүрлемді орлардан техникамен ойып алу және тасымалдау;

  9. сақтау орындарының түрлері;

  10. сақтау орындарын толтыру ұзақтығы;

  11. бір күнде салынған және тығыздалған қабатының қалыңдығы;

  12. сүрленетін көк шөптің сақтау орнына салынған бойдағы жалпы көлемінің салмағы;

  13. сүрлемге салынған шөпті жабу тәсілдері жатады.

Сүрлем қысқы маусымда қажетті каротиннің бірден-бір көз табылады. Мәселен 1 кг жақсы жүгері сүрлемінде 20-30 мг каротин болады. Сүрленген азық сиырды D витаминімен де қамтамасыз ете алады.
Сүрлем күйіс малы үшін негізгі азықтың бірі. Бір сиыр тәулігіне орта есеппен 18-25 кг сүрлем жейді. Жоғары сапалы сүрлемнің қоректі заттары қортылуы жағынан пішеннен асып түседі, көк балауса өсімдіктердің қортылғыштығына жақын.
Жаңа шабылған немесе дегдітілген өсімдіктердің көк балаусасынан бактериялардың әрекеті арқылы пайда болған органикалық қышқылдармен немесе химиялық қоспалармен консервіленіп жасаған азықты сүрлем дейді.
Жақсы сүрлем жасау үшін сүрленіп жатқан шөпті тез арада РН – 4,2-ге дейін ашыту қажет, ал бұл өсімдіктердің нақтылы қанттың ең аз мөлшеріндегі ара қатынасы кемінде бір өлшемге тең болғанда ғана байқалады. Қанттың ең аз мөлшері дегеніміз буфер сыйымдылығындағы бар шикізатты РН-4,2-ге дейін ашыта алатын және қажетті мөлшерде сүт қышқылын түзуге кететін қант мөлшері.
Осыған орай сүрленетін барлық мал азығындық өсімдіктер мынадай үш топқа:
Оңай сүрленетін, қиын сүрленетін және сүрленуге келмейтін болып бөлінеді. Бірінші топқа сүт қышқылын құрайтын қант мөлшері қалыпты жағдайдан 1,6-1,7 есе көп өсімдіктер, екінші топқа қант мөлшері сүт қышқылын жасауға әрең жететін өсімдіктер, үшінші топқа қанттылығы сүт қышқылын жасауға мүлде жетпейтін өсімдіктер жатады.
Оңай сүрленетін өсімдіктер тобына астық тұқымдас дақылдар: жүгері, сарго, судан, күнбағыс, бақша дақылдары асбұршақ, пелюшка жатады.
Сүрленуі қиын топқа: беде, шанақтана бастаған түйежоңышқа,бұршақ тұқымдас мал жайылым шөбі, негізінен әртүрлі шөптер жатады.
Сүрленбейтін өсімдіктерге: жоңышқаны, эспарцетті, ноғатықты, сояны, бақша дақылдары мен картоп жапырақтарын жатқызуға болады.
Негізгі сүрлемдік дақылдар қатарына жүгері, күнбағыс, дәнді және дәнді бұршақты шөптер қоспасы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет