Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)


Ұсақталып туралған бос пішенді желдеткішпен белсенді түрде кептіріп дайындау



бет61/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Ұсақталып туралған бос пішенді желдеткішпен белсенді түрде кептіріп дайындау. Пішенді дайындаудың бұл тәсілі – барынша үдемелі тәсіл, өйткені, барлық жинау процесстері толық механикалындырылған. Бұл жоғары сапалы пішен алуға, еңбек шығындарын қысқартуға және азықтың өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді.
Ұсақталып туралған пішен дайындау технологиясы мынадай.
Шөптерді шөп машиналарының кез келген түрімен және бұршақтұқымдастарды міндетті түрде жанши отырып орады. Содан соң 35-40 % ылғалдылықтағы шөпті өздігінен жүріп жинайтын КСК -100, Е -281 комбайндармен дестеден алып, шетінен ұсақтап турап, бірден тасымалдаушы көлікке тиеді. Өсімдіктерді турағанда ұзындығы 8-15 см бөліктерге бөледі.
Шөптерді 35-40%-дан төмен ылғалдылықта турау тиімсіз. Өйткені жапырақтары мен гүл шоғырларының шығыны молайып, ол кейбір жағдайларда 10-12 %-ға дейін жетеді.
Ұсақтап туралған шөптерді қажетті ылғалдылыққа дейін кептіргенде, алдымен, ауа бөлгіш жүйеге қалыңдығы 5-10 см дей етіп туралмаған шөпті, содан соң үстіне қалыңдығы 1,5 метрдей ұсақтап туралған шөпті жаяды. Бұдан кейінгі технология ұсақталмаған бос пішенді желдеткішпен белсенді түрде кептіріп дайындағандай. Пішен бастырмалар мен пішен жинайтын сарайларда сақталуы тиіс. Мұндай жағдайда пішенді алаңдарда сақтаумен салыстырғанда, сақтау процессі кезінде 1 га шаққанда алынатын азық өлшемі қоректік заттардың шығынын төмендету есебінен 20-30%-ға дейін артады.
Пішен өңдірудің кез келген технологиясын пайдаланғанда мынандай талаптар орындалуы қажет:

  • көпжылдық және біржылдық астық тұқымдас шөптерді масақтанған, бұршақтұқымдастарды шанақтанған – гүлдей бастаған кезде алу керек;

  • шөптерді әсіресе бұршақ тұқымдас екпе дақылдарды жинау кезінде дестеге салған тиімдірек;

  • көпжылдық және біржылдық шөптерді, сондай-ақ табиғи шабындық шөптерін пішенге жинағанда, ору биіктігі жерден 5-7 см болуы тиіс.

Ауа-райы қолайлы болған жағдайда кептіру үшін, бұршақ тұқымдас шөптер мен бұршақ – астық тұқымдастар аралас өскен шөптерді жанши отырып шабу керек.

  • мол өнімді қалың және биік өскен шөптерді айналмалы аспалы шөп машиналармен ору қажет.

  • дестені бірінші рет орылғаннан кейін 1,5-2 сағаттан соң және оның үстінгі қабатының кебу дәрежесіне қарай одан кейін әрбір 2-4 сағаттан соң аударған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет