Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)


Шөп жинаудың озық технологиясы



бет59/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
2. Шөп жинаудың озық технологиясы. Пішен дайындаудың бірнеше техникалық тәсілдері бар. Пішенді танапта кептіріп дайындау. Орылған және ылғалдылығы 22-24%-ға жеткенше кепкен шөптерді дестеден алып шөмелелейді, және ылғалдылығы 17-18% болғанға дейін кептіреді, содан соң тұрақты сақтайтын орынға тасып алады.
Пішенді сығымдап тайлау (тюктеу). Бұл тәсіл еңбек шығындарын 3-4 есе төмендетеді, жапырақтары мен гүл шоғырларының түсуін азайту есебінен шөп шығынын 2-2,5 есеге қысқартады. Тайланған шөп жинауға оңтайлы, бос пішенді жинағандағыдан 2,5 есе аз орын алады.
Тайланған шөптің ылғалдылығы 20-24% шамасында болуы, сығымдалу тығыздығы 190 кг/м3 – ден аспауы керек. Егер шөпті пайдаланғаннан кейін желдеткішпен белсенді түрде кептіру жоспарланса, онда оны 30-35 % ылғалдылықта тайлай беруге болады.
Пішенде дестеде жатқан жерінен тиісті пішен тайлауыш техникаларымен (ППЛ-ф-1,6, К-454) жинайды және тайлайды. Тайланған шөпті тасып алу үшін трактор тіркемелері мен қорабы биіктетілген машиналарды пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет