Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)


Шөп ұны және шөп кесіндісі



бет56/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
2. Шөп ұны және шөп кесіндісі. Шөп ұны мен шөп кесіндісін дайындау бұл жалғыз технологиялық әдіс көк шөпті консервілеуде өте жоғары сапалы мал азығын дайындауда, мұнда азықтың құндылығының азаю мөлшері 4-6 %-дан аспайды. Пішен дайындағанда жақсы ауа райында құрғақ заттың өзі 25% азаяды, ал азық өлшемі 30%-ға дейін төмендейді.
Дайындау технологиясы. Негізгі шикізат – ол жоңышқаның, беденің және осы екеуінің қоспасы көк шөбі шанақтанған фазасында шауып алынған. Бұл уақытта 1 кг құрғақ затында жоғарыда аталған шөптердің құрамында 22%-ға дейін протеин, 300 мг-ға дейін каротин болады.
Шөп ұнын дайындау технологиясы:

  1. көк балаусаны орып, кептіргішке жеткізу;

  2. 30 мм- ден аспайтындай ұзындықта ұсақтап турау қажет;

  3. шөп кептіргішке салып, кептіреді. Барабандардағы газдардың қызуы 500-700 0 және шығар жердегі қызу 115 0 мөлшерінде болу керек.

  4. шөп ұнының ылғалдылығы 10-14 % болуы тиіс. Қажет болғанда шөп ұнын арнаулы агрегаттармен түйіршіктейді грануляторлар ОГМ -0,8 және ОГМ – 1,5.

Жоғарғы қызулы кептіргіш агрегаттарды арнайы кептіріп тураған көк шөп кесіндісін дайындау үшін де қолдану тиімді.
Айырмашылығы – мұнда кептірілген шикізатты ұсақтау процессі жоқ және дайын азықтың ылғалдылығы 17 % мөлшерде болады. Кептіріліп туралған шөптің салмағы аз (1 м3 -100-120 кг) болады. Сондықтан, оны сығымдап, әртүрлі етіп тақталап қатыру престер: ОКС-2, ОПК-2, ПБШ-2 брикеттеу әдісі де қолданылды.
Туралып тақталанған шөптің 1 м3 –нің салмағы 100-600 кг аралығында болады. Шашыраңқы азыққа, тақта түрінде сақтау ондағы каротиннің мейілінше жоғары деңгейде қалуын қамтамасыз етеді.
Түйіршік және қатырлақ тақта азықтар құрамы жағынан біртектес болады, оңайлықпен ыдырай қоймайды, тасымалдау және үлестіру кезінде тозаңданып ұшпайды, сақтағанда көп орын алмайды, азық үлестіруді автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Қолдан кептірілген көк және ірі азықтардан түйіршік, сондай-ақ қатырлақ тақта азықтар жасау үшін өздері кептіріп, одан әрі түйіршіктеп және сығымдап қатыратын жоғарғы температуралы барабанды кептіргіштердің барлық түрлері пайдаланылады АВМ- 0,65, АВМ-1,5, М-804/1,5, СБ-1,5.
Сығымдағышқа түсетін негізгі шикізаттың қолайлы ылғалдылығы 14-16 %. Күйіс малына арналған түіршік және қатырлақ тақта азықтардың тығыздығы 600-900 кг/м3-ден, ірі қараға арналған түйіршіктердің диаметрі 12-20 мм – ден, ал қойларға 5-7 мм – ден аспауы керек.
Жазғы кезеңде түйіршік және қатырлақ тақта қоспаларды барлық мал түрлері үшін бірден бір қосымша азық ретінде пайдалануға болады.
1 кг құрғақ толыққұнды аралас азықтардың құрамында кем дегенде 0,60 азық өлшемі, 4,5-6,0 г – Са, 3-4 г – Р, 30-40 мг каротин болуы тиіс. Азық өлшеміне кем дегенде 100 г қорытылатын протеиннен келуі керек.
Шөп ұнынын дайындаудың екі әдісі бар. Біріншісі, кептірмей шауып алу шөпті, екіншісі, шабылған шөпті дестеде кептіріп барып жинайды.
Бірінші әдіс бойынша шөпті шауып, ұсақтап бірден тасымалдау транспортына тиеу мынандай агрегаттармен КИК -1,4, КУФ-1,8, Е-280, КС-1,8, КСК-100 т.б.
Шөпті ұсақтау ұн үшін – 3 см дейін, кесінді үшін 10 см дейін. Соңғы уақытта шөп ұнын дайындауда көбінесе екінші әдіс көптеп қолданылады. Шөпті 2-3 сағаттай кептіріп барып жинау. Осы уақытта шөптің ылғалдылығы 10-22 %-ға дейін төмендейді. Кептіргіштің өнімділігі артады әрі жанармай үнемделіп, шөп ұнының өзіндік құны аз болады.
Шөпті кептіруді 4 сағаттан асырмау керек, әрі ылғалдылығы 70%-дан кем болмауы керек.
Шөп кесіндісін дайындау әдісі бірдей тек брикет дайындайды.
өзінің құрамына, қоректілігіне байланысты шөп ұны 5 класқа бөлінеді. Сыртқы түрі - біртектес масса түсі – жасыл, иісі – шөпке тән иісі. Сонымен қатар, шөп ұнындағы каротин, клетчатка, протеин және ылғалдылығын анықтайды.
10 кесте





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет