Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет54/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Әдебиеттер тізімі:
1.Н.А. Кузьмин, Н.Н Новиков Кормопроизводство: Москва «КолосС», 2004г.
2.С.Н. Надежкин Практикум по кормопроизводству с основами тестового контроля знаний:, Москва «Мир», 2005г


13 Дәріс. Тақырыбы: Мал азығын дайындау, есеп жүргізу және сақтау
Сұрақтар:

  1. Пішендеме дайындау тәсілі

  2. Шөп ұны және шөп кесіндісін дайындау

1. Пішендеме - сенаж. Пішендеме ылғалдылығы 45-55 %- дай, кептірілген шөптен сүрлеп дайындаған азық. Оны іс жүзінде пішен мен сүрлемге пайдаланылатын көп жылдық және біржылдық өсімдіктердің түрлерінен дайындауға болады.
Оны дайындауға бұршақтұқымдас шөптер мен бұршақ-астықтұқымдас аралас шөптердің көк балаусасын пайдалану тиімді.
Егер сүрлем дайындауда органикалық қышқылдар оның ішінде сүт қышқылы жиналып ашыса, пішендеме – сүрлену басқа түрлі болады. Мұнда басты мәселе физиологиялық құрғақшылықты пайдаланады. Өсімдіктің клеткаларының суды ұстап тұру күші, микроорганизмдердің сору күшінен артық болуында. Мысалы, біріншісінде 55-60 атмосфер болса, екіншісінде 50 атмосферден аспайды.
Пішендеме дайындау осы тәсілді пайдаланып жүргізіледі.
Бірінші шарт:
Көптеген зерттеулер нәтижесінде, пішендеме дайындайтын шикі заттың қолайлы ылғалдылығының 45-55 % аспауы керектігі белгілі болды. Оның ішінде бұршақтұқымдастар үшін қолайлысы 45-55 %, ал астықтұқымдастар үшін 40-55 %болып есептеледі.
Осы тәсілмен алынған мал азығы қоректілігі жағынан көк шөптен кем түспейді. 1 кг пішендемеде 0,35-0,4 азық өлшемі 50-65 % қорытылатын протеин 40 мг каротин болады. Қышқылдылығы оның РН – 4,6-5,5.
Пішендеменің сапасы мен жұғымдылығын көтеру үшін тек қолайлы ылғалдылықты ғана сақтап қою жеткіліксіз. Соған орай шөптерді қолайлы өсу кезеңінде жинап алу қажет. Бұл міне 2-ші шарт. Мәселен, көпжылдық бұршақтұқымдас шөптерді оруды шанақтану кезінде (бутонизация) бірақ гүлдей бастаған кезінен кешіктірмей, біржылдық бұршақтұқымдастарды төменгі 2-3-ші белдеулерінде бұршақтары пайда бола бастаған кезеңнен кешіктірмей, астықтұқымдастарды түтікшелену (трубкования) кезеңінің аяғында, бірақ масақтана басталу кезеңінен кешіктірмей жүргізу керек.
Бұршақтұқымдас шөптер мен астықтұқымдас және астықбұршақтұқымдас аралас шөптер үшін масақтана бастаған кезі.
Үшінші шарт ол пішендеме дайындауда өсімдік шикізатының туралу дәрежесі маңызды технологиялық тәсіл болып табылады.
Көптеген зерттеулер нәтижесінде, пішендеме дайындауға қажетті негізгі шикізаттың туралу дәрежесі 2-3 см болу керектілігі анықталды.
Өсімдік сабақтары мен жапырақтарының кебу дәрежесі бірдей емес. Шөптерді егістікте қатты құрғап кету қаупіне ұрындырмай дестеде кептіру орынды. Кепкен шөптегі құрғақ зат мөлшері 40-45 %-ға жуықтағанда, дестелерді жинап ала бастау керек.
Бұл шикізатты турау, тиеу және сақтайтын орынға тасымалдау кезінде оның ылғалдылығының 3-5 % дай шығыны болатындығымен байланысты. Пішендеме салу үшін ұзынша олардың тереңдетілген, жартылай тереңдетілген және жер бетіне жасалған сияқты барлық түрлерін де пайдалануға болады.
Алайда бірінші кезекте, пішендеме салатын орын сыйымдылығының 500-1000 тоннадан аспауы тиіс екенін есте сақтағана жөн.
Ұзынша оларда жоғары сапалы пішендеме алу үшін оны толтыру мерзімін барынша қысқартып салынған шикізатты ұқыптап нығыздау, оны пленкамен жабу жұмыстарын тез ұйымдастыру қажет. Пішендеме шикізатын тегістеп жайғанда және таптап нығыздағанда К-700 сияқты дөңгелекті, не С-100, Т-130, Т-150 т.б. тектес шынжыр табанды тракторларды пайдалану керек. Пішендеме шикізатын таптап нығыздау мерзімінің ұзақтығы тәулігіне 16-18 сағаттан кем болмауы тиіс.
Ұзынша оларды 3-4 күн аралығында толтырып болу керек. 3-4 күн мерзім ішінде толтырып біткенде, пішендеме шикізаттың t0 – 22 - ден - 30-330 – қа дейін ал пленкамен жапқаннан кейін 37-390 дейін көтеріледі.
Егер ұзынша орды толтыру 6 күнге созылса, пленкамен жаба бастаған шикізат t0-40-420 көтеріледі. Екіншісіне қарағанда бірінші жағдайда каротин 43 %, ал протеин 7,5 %-ға көп болады.
Пішендеме t0-ның әрбір 50 С-қа көтерілуі протеиннің қорытылу деңгейін 9 %-ға төмендетеді. Ұзынша олардағы бір күн ішінде салынған пішендеме шикізаты қабатының қалындығы 0,8 мұнараларда 5-6 м кем болмауы тиіс. Бұл талаптарды мүлтіксіз орындау пішендеме t0-ның көтерілуін тежеуге мүмкіндік береді.
Пішендеме шикізатының қабаты 0,8-1,0 м болғанда ұзынша ордағы t0-370 аспайды, ал қабатының қалыңдығы 0,4 м болса 46-500- қа дейін көтеріледі.
Температурасы 320-510 С-ға дейін көтерілсе пішендеме құрамындағы қант 30 %-ға азаяды. Азықтың t0-сы көтерілген сайын, барлық қоректік заттардың қорытылу деңгейі күрт төмендей береді. Басқа заттарға қарағанда протеин мен белок жылу әсеріне көбірек ұшырайды.
Ұзынша оларды толтырып болғаннан кейін, пішендеме шикізатын аздап кептіріп (1,5-2сағ) ұсақтап туралған шөппен 30-50 см қалыңдықта жұқалап қана бастыру және қосымша нығыздалған соң дереу синтетикалық пленкамен жабу керек. Жабуды кешіктіру шикізаттың шіруі мен көгеруі, сондай-ақ шикізаттың қызып кету салдарынан болатын мал азығындағы қоректік заттар шығынының көбеюіне әкеп соғады.
Кеміргіштерден қорғау үшін, пленканың үстіне түгелдей әк ұлпасын сеуіп тастайды. Содан соң, пленканың үстін құрғақ топырақпен немесе қарашірікпен 5-10 см қалыңдықта бастырады. Сондай- ақ пішендеме шикізатын сабанмен, қамыс қалқандарымен немесе 20-25 см қалыңдықтағы ағаш үгіндісімен де жабуға болады.
Кептірілген шөптерден дайындалған пішендеменің сапасын сақтап қалудың маңызы тәсілі – оны салынған орнынан дұрыс алу. Пішендемені алғанда мынандай шарттар орындалуы тиіс. Оларды жапқан пленканы бір жолғы азықтандыруға жететіндей пішендеме алынатын көлемде ғана ашу қажет. Оны ордың бүкіл ені мен биіктігі бойына, шетінен ғана 0,5-1 м қалыңдықта, күнделікті, біртіндеп қалған азықтың тұтастығымен нығыздығы бұзылмайтындай етіп өте ұқыптылықпен алу қажет.
Пішендеме дайындау кезеңі көбінесе жауын жауатын кезеңмен тұспатұс келетіндіктен және ол аз кептірілген, 60-65%-дан астам ылғалдылықтағы шөптерден дайындалатындықтан, аңызда кептіргенде де, сақтау процессі кезінде де қоректік заттар шығыны көп болады.
Сондықтан дестеге салынғаннан кейін жауын астында қалған өсімдіктерден пішендеме дайындауды оған бактериялық ашытқылар қолдану немесе химиялық сақтауыштармен өңдеу жолымен жүзеге асыру керек. Ашытқылау шірітетін және майлы-қышқыл микроорганизмдердің дамуын тежейді, пішендеменің дәмдік сапасын жақсартады, қоректік заттардың сақталуына көмектеседі, желіну және қорытылу деңгейін арттырады.
Пішендемеге салынатын шикізаттың 100 тоннасына 100 л суға ерітілген 1,5 кг ашытқы керек.
Пішендеме дайындау үшін – беде - жоңышқа – бұршақ тұқымдас өсімдіктер, ал астықтұқымдас өсімдіктерден – арпабас, көген тамырсыз бидайық, еркек шөп пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет