Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет62/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Әдебиеттер тізімі.
1. Н.А. Кузьмин, Н.Н Новиков Кормопроизводство: Москва «КолосС», 2004г.
2. С.Н. Надежкин Практикум по кормопроизводству с основами тестового контроля знаний:, Москва «Мир», 2005г.


15 Дәріс. Тақырыбы: Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығы
Сұрақтар:

  1. Шөптердің тұқымын өсірудің маңызы

  2. Жайылымдық-шалғындық өсімдіктер тұқымын өсіру жүйесі

  3. Көпжылдық өсімдіктердің тұқымын өндірудің

қарқынды технологиясы
1. Шөптердің тұқымын өсірудің маңызы
Республикада мал азығы дақылдарының, әсіресе көпжылдық шөптердің тұқым базасын құрмайыншы, табиғи мал азығы жерлерін ауыл шаруашылығына пайдалануды игеру мен тарту мүмкін емес. Ғылыми мекемелер зерттеулерінің нәтижесі, жергілікті жағдайға бейімделген көпжылдық шөп сорттарының болуы, сонымен қатар көптеген шаруашылықтардың өндірістік тәжірибесі мал азығы дақылдарының тұқымын қажетті ассортиментте өсіру мүмкін екеніне куә болады.
Тұқым өсірудің міндеті міндетті түрде сорттың тазалығын, оған қоса биологиялық және өнімділік сапаларын сақтай отырып сорттық тұқымдарды жаппай көбейту болып табылады. Қазақстанда көпжылдық және бір жылдық шөптердің аудандастырылған сорттары бар. Олар селекциялық және жергілікті болып бөлінеді. Олар жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделген, сырттан әкелінген сорттарға қарағанда өнімділігі молдырақ, төзімдірек әрі ұзақ мерзімге жарамды. Селекциялық сорттар көбіне жергілікті сорттарға қарағанда шығымдырақ.
Жайылымдық және пішендік өсімдіктер тұқымының қажеттілігі өте зор. Ғалымдардың есебі бойынша республикада жыл сайын 300 мың га-ға жуық табиғи мал азықтық жерлерді шалғындандыру және қайта шалғындандыру қажет. Оған қоса танаптық астықты-екпе шөпті ауыспалы егіс, қалалар мен жұмысшы поселкелерді көгалдандыру бойынша шаралар үшін көп тұқым қажет. Сондықтан шөптердің және басқа мал азықтық өсімдіктердің тұқымдарымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тұқым өсіру жүйесі бар.
Жайылымдық-пішендік өсімдіктер тұқымын өсіру жүйесі астық тұқымдас дақылдардікі сияқты. Осы жүйеге сәйкес таңдаулы тұқымдарды өсіру мен алғашқы тұқым өсіру немесе алғашқы қалыптастыру, оларды көбейту үшін мамандандырылған тұқым өсіруші шаруашылықтарда өткізетін, тәжірибелі шаруашылықтарда, ғылыми-зерттеу мекемелерінде жүргізіледі. Сорт жаңарту 5-6 жылда бір рет жүргізіледі. Мамандандырылған тұқым шаруашылықтары тұқымдық себулерге егіс егу үшін оларды қоршаған шаруашылыққа бірінші және екінші қалыптастыру тұқымдарын өсіреді. Мал жемдік себулерге үшінші және кейінгі қалыптастырылған тұқымдар пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет