Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)


Бұршақтұқымдас дақылдар: жоңышқа



бет65/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Бұршақтұқымдас дақылдар: жоңышқа – Ертіс, Красноводопадский, Семиреченская местная, Ташкенттік 1, Оралдық көкшіл, Қарағанды, Шортандылық 2, Қарабалықтық 18, Көкше, Марусинчкая 425, клевер – Белоцеркоский 3306, Зыряновский местный, Эспарцет – Алма-Атылық, Алма-Атылық 2, бодан 15, Солтүстікқазақстандық двуукосный (Закавказский двуукосный), Песчаный 1251, Песчаный улучшеный; ақ түйежоңышқа – Медет, Сретенский1б, Шавекен; сары түйежоңышқа – Альшевкий, Колдыбанский, Омский скороспыклый, Сарбас.
Алабұталар тұқымдасы: изен – Алма-Атинский песчаный 1, кейреух Айдарлинский 1.
Селекциялық немесе жергілікті табиғи жағдайда жабайы өсетін шөптердің тұқымдарынан алынған өсімдіктер (жероты) басқа аймақтардан енгізілген тұқымдардан гөрі бұл жағдайларға жақсы бейімделгіштігімен (қысқа төзімділігі, аязға төзімділігі, қуаңшылыққа төзімділігі) ерекшеленеді және көбірек өнім береді.
Шөптердің тұқымдарына қойылатын талаптар. Тұқым өсіру мақсатында тұқымдық учаскелерге себілетін тұқымдар 1 класс тұқымдарына қойылатын талаптарға сай келуі тиіс, бірақ 2 кластан төмен болмауы тиіс. Азықтық шөптердің себу материалдарын әзірлеу жағдайының сараптамасынан осы мәселеге зор назар аударылған жылдардың өзінде сапа талаптарына сәйкес көпжылдық шөптердің тұқымдарын себу жыл сайын 50-60 пайыздан аспағанын көреміз. Сапасыздықтың негізгі себебі –жалпы ластығының жоғарылығы, соның ішінде арам шөптердің өте көп араласуы.
Сапасыз тұқымдар салыстырмалы түрде шығымдылығы бойынша көп болмайды, яғни сапалы шөп тұқымдарын алудың негізгі жолдары: біріншіден – шөп тұқымдары арам шөптен таза болуы тиіс, оны тиісті агротехникалық әдістерді қолдану арқылы тазартады, екіншіден – тұқымды тазартуды сәйкес талаптарға сай жүргізу қажет.
Аудандандырылған сорт тұқымдарымен дақылдарды себуге баса назар аударылмайды, себуден бөлінетін учаскелерден алынған тұқым өнімімен салыстырғанда шөп тұқымдарының жоғары да кепілді өнімін алуға мүмкіндік беретін арнайы тұқымдық учаскелер мүлде қалдырылмайды деуге болады.
Сондықтан әр дақылға арнап, агротехниканың алдыңғы қатарлы әдістерін қолдана отырып арнайы тұқымдық учаскелер қалдыру, тұқымдық учаскелерде будандарды қолдануды есепке ала отырып арам шөптермен күрес шараларының жүйесін жүзеге асыру, көпжылдық шөп жер отын тек екінші-үшінші жылы ғана қолдану, тұқымды уақтылы тазарту мен кептіруді жүргізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет