Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)


Агротехниканың ерекшеліктері



бет66/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
3. Агротехниканың ерекшеліктері. Арнайы тұқымдық учаскелерде тұқым өсіру кезінде тұқымның шығымдылығын барынша арттыруға мүмкіндік беретін технологияның келесі элементтерін ерекшелей отырып, шөптерді мал азығына өсірудің жалпы қолданыстағы технологияларын негізге алу қажет:
1. Жақсы ылғалданған учаскеге себу
2. Ең жақсы, арам шөптен тазартылған, әсіресе таза тыңайтылған парларға орналастыру
3. Бұршақ тұқымдас шөптерді тозаңдандырушы жәндіктердің болуын есепке алып орналастыру: жоңышқаны орман алқабының, тың учаскелердің, орман қойнауларының және басқа жанында – жалқы жабайы ұяларға жақын жерлерге, ал жақсырақ тозаңдандыру үшін бір жердегі алаң 10-20 га-дан аспауы тиіс; түйе жоңышқа мен эспарцет – омартаның жанында немесе дақылдың гүлдеу кезеңінде араларды апаруды қарастыру қажет.
4. Себу мерзімін сақтау – қуаңшылық аудандарда - ерте көктемгі мерзімде, астық тұқымдастар сондай-ақ жазғы кешірек мерзімде де себіледі (тамыздың бірінші жартысында)
5. Топырақты мұқият өңдеп, себер алдында міндетті түрде тығыздау.
6. Кең қатарлап себу әдісі – бұршақ тұқымдастар 45-60 см, астық тұқымдастар – 23-46 немесе 35-45 см.
7. Мал азығына себумен салыстырғанда кемітілген егу нормасы.
8. Шөптерді қуаңшылық жағдайда тұқымға сепкенде тек бүркемесіз жүргізу.
9. Тұқым себу тереңдігін мұқият сақтау, бұл шөптерді мал азығына сепкенде қолдануға тиіс, алайда тереңдете егу көбіне өскіндердің сирек өсуіне әкеп соғатындықтан жабайы өсетін өсімдіктердің тұқымын терең отырғызуға болмайды. Ұсақ тұқымдарды ең терең дегенде – 0-0,5 см, ал ірілеулерін – 1-2 см отырғызылады.

Ескертпе: Аса зиянды арам шөптерге жататындар: қылтықты сарықауен, ала вязель, ірішытырмақ


Алабұта тұқымын себу сапасына қойлатын ең төменгі талаптар
13кесте

Мал азығы дақылдарының түрлері

Жіберілетін нормалар (төмен емес)

Негізгі дақыл тұқымынан, пайыз

Шығымдылығы, пайыз

1000 дана тұқымның салмағы, г

Прутняк

60

50

5,4

Күйреуік сорақ

60

50

1,2

10.Арам шөптермен күрес, әсіресе бірінші жылы, оған қоса тиісті гирбицидтерді пайдаланған дұрыс.


11.жинау мерзімі мен бастыру технологиясын сақтау: бұршақтұқымдастарды бөлек жинаған жөн – жоңышқаны бұршақтары 70-75 пайыз қоңырқайланған кезде, эспарцетті – 50-60 пайыз қоңырқайланған, түйежоңышқаны 15-20 пайыз қоңырқайланғанда жинаған дұрыс, бұл тұқымды шашпай жинап алуға мүмкіндік береді. Бұршақтұқымдастарды шашпау үшін ең дұрысы оларды, бастырылатын жерге жеткізу үшін дестелерден телешкелерге жинауды жүзеге асыра отырып, стационарда (асфальт төселген алаңда) бастыру.
Астық тұқымдастарды көбінесе балауызданып піскен кезде, жер отының көп тұрып қалуына және тұқымының шашылып қалуына жол бермей тура комбайнмен жинаған жақсы.
12.Жинағаннан кейін тұқымды мұқият кептіру, қажет болған жағдайда қайта кептіріп, қойма жайларында тиісті жағдайда сақтау.
Көпжылдық шөптерді тұқымға себудің шамамен алғандағы нормалары
14 кесте

Шөптер



Кеңқатарлап себу әдісімен еккен дегі себу нормасы

1 кг мың дана тұқым

Тұқымның орташа салмағы, г

1 га-ға млн дана шығымды тұқым

1 га-ға кг

Жоңышқа

2,5-3,0

5-6

543

1,95

Құмды эспарцет

2,5-3,0

30-38

67-91

11-15

Түйе жоңышқа

3,0-4,0

6-8

525

1,9

Мүйізді лядвинец

5,0-6,0

5-6

1052

0,95

Қызыл беде

2,5-3,5

4-6

585

1,71

Еркекшөп

2,5-3,5

5-7

476-540

1,85-2,10

Тамырсабақсыз бидайық

2,5-3,0

7-8

305

2,85

Қызыл арпабас

3,0-3,5

10-11

286

3,50

Қарабас шалғын

9,5-12,0

4-5

2380

0,42

Су бетеге

4,5-5,0

8-9

540

1,85

Сібір қияғы

2,5-3,0

7-8

323

3,10

Жабайы өсетіндерден алынған мал азығы өсімдіктерін өсірген кезде олардың тұқымдарының келесі биологиялық өсу ерекшеліктерін есепке алған жөн:


1. Жабайы өсетін көпжылдық астық тұқымдастар мен бұршақ тұқымдастардың тұқымдары тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтайды, алайда бұташықтардың тұқымдары (күйреуік сораң, прутняк, қараматау, құмаршық, сексеуіл) 9 ай сақталғаннан кейін өзінің шығымдылығын жояды.
2. Жиналғаннан кейін сақталу мерзімін ұлғайту (7-8 айға дейін) мөлшеріне қарай көптеген өсімдіктер тұқымының шығымдылығы артады.
3. Тұқымның өніп шығуы жеңілдетілген (төмен температураның әсеріне шалдыққан) жабайы өсетін өсімдіктер тұқымдарының шығымдылығы өте жоғары. Балауызданып піскен тұқымдардың өніп шығуын жеңілдету үшін ең қолайлы мерзім – 10-20 тәулік, толық піскен тұқымдар үшін – 30-40 тәулік.
4. Балауызданып піскен кезде жиналған тұрақсыздар (эфемерлердің) тұқымдарының шығымдылығы толық піскеннен кейін жиналған тұқымдармен салыстырғанда жақсырақ.
5. Жабайы өскен мал азығы өсімдіктері тұқымының егістік шығымы дәнді-дақылдардан төмен.
15 кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет