Ақпараттық-әдістемелік бөлімде тақырып бойынша мектеп оқушыларының шығармаларды оқуға, нақты білу шеберлігін арттыруға арналған тапсырмалар беріледі. Бағдарлама бойынша қалыптастырушы бағалау және тест тапсырмалары өткізіледі. Оқушылардың оқу нәтижелері көрсетілген критерийлер бойынша бағаланады. Тапсырмалар беріліп, оқушыларға тапсырма бойынша дескрипторлар беріледі. Ал оқушыларға берілетін қалыптастырушы бағалауды мұғалім өз қалауымен жаңартылған білім мазмұнына сәйкес әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жүргізеді.
Жалпы алғанда, бағдарлама Ыбырай Алтынсаринның әңгімелерін әр тақырып бойынша толығымен қамтып, жүйелі түрде қарастыра отырып,оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған. Бағдарламаның негізгі ұстанымы -жеке тұлғаның танымдық қабілетін қалыптастыруға, өзін өзі ұстауға, рухани мүмкіндігін жаңғырту.
Оқумақсаты
Бағалаукритерийі
Дескрипторлар
Мәтін мазмұнын түсінуге,нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру;
Оқушыларды бағалау арқылы мұғалім де, оқушы оқыту өз жұмыстарының табысты және сәтсіз тұстарын бағдарлайды. Қалыптастырушы бағалау оқушылардың іс-әрекетінде жүзеге асады:
топтық, жұптық, жеке жұмыстар кезінде оқушылардың бір-бірімен бірлесе жұмыс жасауын кезіндегі белсенділігі, білімі, тапқырлығы, бірлесе жұмыс жасауы бағаланады;
әңгімені оқылым стратегияларын қолдана отырып оқу барысында табысқа жетуі бағаланады;
оқушыларға шығарманың тәжірибеде қажеттігін талдау барысында қолданылады;
жұмыс барысында, сабақ соңында рефлексия жасауда қажет;
оқушылармен олардың жұмыстарын және сол жасалған жұмыстарды жақсартуды қажет ететін мүмкіндіктерді қарастыру барысында да бағаланады;
топтық, жеке, жұптық жұмыстарға ықпал ету үшін қажет;
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларымен жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалаудың рөлі ерекше ;
оқылым стратегиялармен жұмыс бaрысындағы жазбашa, ауызшa жaуaптарды қанағаттандыру үшін керек;
тәжірибе мен теорияны ұштaстыра алу бағытындағы жұмыстарда бағалау орынды қолданылғаны абзал;