Бағдарламаныңмақсаты: Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің ерекшелігіне тоқтала отырып, тақырыбы мен идеясын ашу, жеке тұлғаны дамытуда ұлт ұстазы шығармаларының еркшелігіне тоқталу. Оқылым дағдысын қалыптастыру арқылы аудиторияға ой тастауға жетелеу. «Ойды ой қозғайды», өз пікірлерін айта білуге баули отырып, оқушының ашылуына жағдай жасау. Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін оқи отырып, ондағы оқиғалардың өмірмен байланысын қарастыру.
Жазушы әңгімелерін оқыту арқылы түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, саралау арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу. Оқушыны кез келген құбылыс немесе оқиғаға қатысты өз пікір жеткізуге қалыптастыру.
Элективті курсты оқу, тыңдау, алынған білім негізінде зерттеу жұмыстарын жүргізу – оқушылардың кітап оқуға ынтасын арттырудың бір жолы. Жеке тұлға болып қалыптасу үшін ойын еркін жеткізуде оқылым дағдысын дамыту маңызды екені анық.
Міндеттері:
оқушылардың өздігінше оқуға құштарлығын арттыру;
жазушы әңгімелерін насихаттай отырып, кітап оқу арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту;
жеке , топтық, жұптық оқу-зерттеу қызметі саласындағы (нақты) зерттеулерге тән әдістерді қолдану;
тапсырмаларды орындау мүмкіндігіне қарай бағалау;
теориялық білімдерін эссе, өлең , хат және т.б. түрінде саралау;
топта, жұпта жұмыс істеу және өзіндік тұжырым жасау;
оқу материалын түсіну, тәжірибеде қолдану және нәтижеге қол жеткізу;
топтық жобалар, жазба жұмыстар және т.б. жүргізу арқылы оқушының жеке танымын қалыптастыру;
Бағдарламаның өзектілігі:
Бағдарлама негізінде жеке тұлғаның шығармаларды оқу қабілетінің дамуына, қазақ халқының ұлы тұлғаларын құрметтеуіне, алған білімді күнделікті қарым-қатынаста, шығармашылық жұмыстарда, өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Оқушыларды креативті ойлауға шақыра отырып, дұрыс сөйлеуге бағыттау, өзіндік ойын еркін жеткізуге қалыптастыру, нақты дәлелдер келтіре алуға баулу, салыстыру және анализ жасау, бірін-бірі бағалау мүмкіндігін қалыптастыру.
Ы.Алтынсариннің әңгімелерінің мазмұнын түсіну;
Шығармаларының негізгі идеясын анықтау;
Қажетті ақпараттарды жинақтау мен зерделеу;
Алған білімдерін шығармашылық жұмыстарда қолдана алу;
Ы.Алтынсариннің әңгімелерінің ерекшеліктерін талдай отырып, оқушылардың оқылым дағдысын дамыту;
Шынайы өмірде қажеттілігін анықтау; оның оқушы үшін орны мен қызметін ашу;
Сыни тұрғыдан ойлауға бағыттайтын құндылықтарды анықтау;
Бағдарлама негізінде алған білімдерінің жаңашылдығына баға беру;
«Мәңгілік Ел» Қазақстан халқының жалпы ұлттық идеясының жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатындағы құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм мен азаматтық танымын қалыптастыру, топта бірлесе жұмыс жасауға оқушыларды дағдыландыру.