Бағдарламасы (аптасына 1сағат, барлығы 34 сағат)



бет3/10
Дата19.09.2023
өлшемі47,03 Kb.
#181576
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5-сынып әдеб электив

Күтілетін нәтиже


Оқу бағдарламасы оқушылардың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларының сөйлеу шеберлігін арттыруға, шығармашылығын жетілдіруге, сауаттылығын дұрыс жолға қоюға және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға, ойлау қабілеттерін дамытуға, өзін кез- келген ортада ұстай білуге дағдыландыруға бағытталған.

  1. Оқушылардың өздігінше оқуға құштарлығын арттыру ;

  2. Жазушы әңгімелерін насихаттай отырып, кітап оқу арқылы сөйлеу қабілеттерін дамытады; 3.Жеке ,топтық, жұптық оқу-зерттеу қызметі саласындағы (нақты) зерттеулерге тән әдістерді қолданады;

4. Тапсырмаларды орындау мүмкіндігіне қарай бағалайды; 5.Теориялық білімдерін эссе, өлең , хат және т.б. түрінде саралайды; 6.Топта, жұпта жұмыс істеу және өзіндік тұжырым жасайды;

  1. Оқу материалын түсіну, тәжірибеде қолдану және нәтижеге қол жеткізеді;

  2. Топтық жобалар, жазба жұмыстар және т.б. жүргізу арқылы оқушының жеке танымын қалыптастырады;

  3. Өздігінен қорытынды жасайды және шешім қабылдау дағдылары қалыптасады.

Ұсынылған бағдарлама орта білім беретін мектептің 5- сынып оқушыларына, қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне ұсынылады.
Ы.Алтынсарин шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл болғандықтан оқушылардың оқуына қызығушылық тудырады.Мазмұны шағын болғанымен, аз сөзге көп мағына сыйғызуды мақсат етіп, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдана отырып, әңгіменің тағылымдық мәніне көңіл аудару Ы. Алтынсарин шығармаларының өзіндік ерекшеліктері деуге
болады. Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің негізін салушы. Тәрбие мәселесі өзекті мәселе екені бүгінгі таңда белгілі. Ыбырай әңгімелерінде жасынан отбасы тәрбиесін көрген бала шын мәнінде өмір сүруге бейім болады деген тұжырымдар негізге алынады.Сондықтан элективті курс осы бағытта жұмыс жасауды көздейді.

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі:


(аптасына – 1сағат, барлығы – 34 сағат)

І бөлім. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік рөлі. Барлығы 8 сағат.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет