Бағдарламасы (аптасына 1сағат, барлығы 34 сағат)


Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына шолу



бет4/10
Дата19.09.2023
өлшемі47,03 Kb.
#181576
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5-сынып әдеб электив

Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына шолу (1сағат).Ы.Алтынсарин туралы мәлімет, шығармашылығына шолу. «Үш минуттық үзіліс» әдісі арқылы оқушыларға жаңа тақырыпты ой елегінен өткізу мақсатында 3 минуттық үзіліс беріледі.Менің ... туралы көзқарасым. Менің ... туралы көзқарасым өзгерді. Мен ... жайлы хабардар болдым. Мені таңғалдырғаны ... .

  • Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік рөлі (1сағат).(Белсенді оқу түрлері: жұптық, топтық) Youtube –тан бейнематериал мен ақпараттық материалдар алып, жұмыс жасату. Жаңа ұғымдарды талдау, әңгімелеу, сипаттау, пайымдау әрекеттері жүзеге асады.

  • «Әке мен бала» әңгімесі(2 сағат). Әңгімені оқу барысында сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылар арасында диалог ұйымдастыру. Әңгіме бойынша сұрақ қойып, жауап дайындап диалогті жетілдіру.

  • «Асыл шөп» әңгімесі(1 сағат).Әңгімеден үзінді тыңдату, оқыту арқылы шығарманы толық оқуға ынтасын ояту. Әңгіменің маңызды тұстарын анықтап сурет, сызба түрінде графикалау. Өз көзқарастарын жүйелі, дәлелді жеткізуге дағдыландыру.

  • «Бақша ағаштары» (2 сағат). Айтылым, оқылым дағдыларын жетілдіру бағытында жұмыс жүргізу. Рөлдерге бөліп, қойылым ұйымдастыру.
  • Тест тапсырмалары (1 сағат). Оқушылардың бөлім бойынша алған білімдерін бекіту.




    II бөлім.Адамгершілік қасиетке тәрбиелейтін әңгімелері. Барлығы 8 сағат.



    1. «Аурудан аянған күштірек» (1 сағат). Айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған. «Инсерт» кестесі бойынша толтырады:




    «V» – «Білемін»

    «-»-«Мен үшін
    түсініксіз»

    «+» - «Мен үшін жаңа
    ақпарат»

    «?»-«Мені
    таңғалдырды»













    Оқушылар кестеде көрсетілген белгілерді таңдап қойып отырады. INSERT – оқығанды түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс болғандықтан ақпараттың толық меңгеру, оқыған мәтінді есте сақтау, идеясын жете түсіну үшін пайдалы.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет