Көп атомды спирттер, олардың құрылысы мен қасиеттері.
Көп атомды спирттердің өкілдері-этиленгликоль және глицерин. Құрамында екі гидроксил тобы бар екі атомды спирттер гликоль немесе диол деп аталады, үш гидроксил тобы бар үш атомды спирттер глицерин немесе триол деп аталады
Көп атомды спирттер-тәтті дәмі бар түссіз сироп тәрізді сұйықтықтар, суда жақсы органикалық еріткіштерде нашар ериді, жоғары қайнау температурасына ие.
Этиленглюколь
Этиленгликоль СН2ОН-СН2ОН-қарапайым екі атомды спирт , алғаш рет 1859 жылы Вюрц синтездеп алған.Этиленгликоль - бір атомды спирттерге қарағанда күшті қышқылдық қасиет көрсетеді. Жәнеде сулы ерітінділерде ауыр металл иондары бар күрделі спирттер түзеді. Көп атомды спирттердің қасиеттері көп жағдайда бір атомды спирттердің қасиеттеріне ұқсас.
Алыну жолдары
1. Этиленгликольды этиленді калий перманганатының ерітіндісінде күкірт қышқылының қатысында тотықтырып алады.
C H2=CH2 KMnO4,H2SO4 СН2 - СН2
│ │
ОН ОН
2. Дигалогенделген көмірсутектерді сілтінің сулы ерітіндісімен өңдеген кезде гликолдарды да алуға болады:
CH2Cl—CH2Cl+2NaOH= СН2 - СН2 +2NaCl
│ │
ОН ОН
Достарыңызбен бөлісу: |