БАҒдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұны бағдарламаның паспорты 3 АҒымдағы жағдайды талдау 10


Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру



бет3/18
Дата28.01.2018
өлшемі3,44 Mb.
#34804
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру.

Шығарылатын құрылыс материалдардың негізгі номенклатурасы – ұлутас, табиғи құм, шағыл, қиыршық тас, яғни, облыста шығарылатын құрылыс материалдардың номенклатурасы негізінен кең таралған пайдалы қазбаларды шығару арқылы алынатын өнімнен тұрады.

Азаматтық құрылысқа қажетті басқа материалдардың көпшілігі облыстан тыс жерден әкелінеді.

Облыстың құрылыс материалдарын шығаратын негізгі кәсіпорындары: «Маңғыстау жол құрылысы материалдары комбинаты» АҚ («МЖҚМК» АҚ), «Теміртас-1» ЖШС, «Өндірістік кәсіпорындар басқармасы» ЖШС («ӨКБ» ЖШС), «Строй – Деталь» ЖШС, «Түпқараған» ЖШС, «Еврострой-А» ЖШС, «Мырзабек-АЛТЫН ТАС групп» ЖШС, «Карьертау» ЖШС, «Каспий Цемент» ЖШС.

Соңғы жылдары құрылыс материалдардың өндірісі белгілі бір дәрежеде әртараптандырылған. «Түпқараған» ЖШС өндірісті ұлғайту жобасының бірінші және екінші кезектері іске асырылды – қуаттылығы тәулігіне 100 текше метр және өндірістің неміс технологиясы пайдаланыла отырып, бетон торабы пайдалануға енгізілді, осындай неміс жабдығы «Еврострой и А» ЖШС-де іске қосылды, «Юран» ЖШС электродтарды шығару цехы құрылды, шыны-пластик және шыны-талшық құбырларды шығаратын зауыттар пайдалануға берілді. Облыста табиғи қабырға материалы – ұлутас жеткілікті мөлшерде бар болуына қарамастан, «ӨКБ» ЖШС біздің облыс үшін жаңа құрылыс материалы – көбікті бетонды шығаратын, қуаттылығы айына 1,6 мың текше метр болатын өндіріс құрды.

Бұдан басқа, облыста шамамен 38 компания шыны-пластик терезелер мен есіктерді шығарумен айналысады, батыс елдердің технологиясы пайдаланылады.

Сондай-ақ, лак-бояу бұйымдарын, бітемелер шығаратын шағын өндірістер әрекет етеді, аумақта саны 20-дан астам өндірісте бетон және темір бетон бұйымдары шығарылады.

Өңірді индустриялық-инновациялық дамыту шеңберінде құрылыс материалдарын, бұйымдарды және конструкцияларды шығаруға бейімделген төрт жоба іске асырылды, олар:

1) жобалық қуаттылығы жылына 400 мың метр және инвестициялар көлемі 10,2 млн. АҚШ доллары болатын «Шыны-талшықты құбырлар өндіретін зауыт». «АШТЗ» ЖШС өндірісінің Қазақстанда аналогы жоқ. Шыны-талшықты құбырлардың ноу-хауы Future Pipe Industries B.V. атты белгілі француз компаниясына тиесілі, жабдық оның Plastrecs атты еншілес фирмасымен шығарылған. «АШТЗ» ЖШС-де қолданылатын технология тікелей күн сәулесіне қарсы ингибиторларды пайдаланудың арқасында құбырларды күн сәулесінің әсерінен қорғауға мүмкіндік береді. Шығарылатын құбырлар көптеген салаларда жер үсті, жер асты және су асты құбырлары ретінде пайдаланыла алады. Зауыттың өнімі сапасы жағынан ISO 9001 сәйкес келеді және негізінен мұнай мен газ секторына бейімделген, бұл импорт алмастыру проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Құбырлардың қолданылатын мерзімі кемінде – 25 жыл;

2) жобалық қуаттылығы жылына 2,0 млн. текше метр шағыл тас және инвестициялар көлемі 6,4 млн. АҚШ доллары болатын «Кеннен басқа материалдар өндірісін кеңейту» («Мырзабек Алтынтас Групп» ЖШС). Шығарылатын өнім автомобиль жолдарын, теміржол қатынас жолдарын салу және реконструкциялау кезінде, сондай-ақ Каспий теңізінің жағалаулық линияларын бекіту және жасанды аралдарды құру үшін қолданылады;

3) жобалық қуаттылығы жылына 40 мың текше метр тауарлық бетон және инвестициялар көлемі 1,0 млн. АҚШ доллары болатын «Құрылыс өнеркәсібінің базасын дамыту». Жобаның іске асырылуы Форт-Шевченко қаласының құрылыс объектілерін тауарлық бетонмен және бетон бұйымдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

4) «Шетпе ауылында цемент зауытын салу» «Каспий Цемент» ЖШС. Жобаның сметалық құны – 40 000 млн. теңге. Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 800, пайдалану кезеңінде – 300 адам. Жобалық қуаттылығы: жылына 1 млн. тонна цемент шығару. Шығарылатын өнім: 300-800 маркалы цемент.

Жобаны іске асыруға «Heidelbery Cement» неміс компаниясы қатысып отыр. Объект 2014 жылғы маусымда пайдалануға берілді. Зауыт өнімі экспортқа бағдарланған.

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісіндегі өндіру көлемі 2013 жылы 12,4 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 132,2% құрады. 93332 тонна (101,7%) тақтайшалар, тақталар, кірпіштер және цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған ұқсас бұйымдар, 100 914 тонна (149,8%) бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялар, 361 159 тонна (98,3%) тауарлық бетон, 8766 мың тонна (195,3%) құрылыс ерітінділері шығарылды. 2013 жылы барлығы 9937,1 млрд. теңгеге басқа металл емес минералды өнім өндірілді (2012 ылы – 8201 млн. теңге, 2011 жылы – 8215 млн. теңге).

Ағаштан бұйымдар жасаумен өз ағаш цехы бар және терезе мен есік блоктарын, құрылыс кезінде қажетті басқа ағаш бұйымдарын шығаратын «Каскор-СМУ» АҚ, сондай-ақ шағын ағаш өңдеу өндірісі бар бірқатар жеке кәсіпкерлер айналысады.

Ағаш бұйымдар өндіру көлемі 2013 жылда 26,4 млн. теңгені құрады, бұл – осы саладағы 2012 жылдағы өндіру деңгейінен 28,4%-ға төмен. 5,3 мың шаршы метр терезелер мен олардың жақтаулары, әйнектелген есіктер мен олардың жақтаулары, ағаш табалдырықтар шығарылды.

2014 жылдың 10 айында өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісіндегі өндіру көлемі – 13,2 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 132,9% құрады.

Жеңіл өнеркәсіп. Өңдеу секторының өнімін өндіру көлеміндегі тоқыма өнеркәсібінің үлесі болмашы ғана, ол 2013 жылдың қорытындысында 0,1%, өңдеу секторының құрылымында 2,4% құрайды. Өңірде салада тұтынылатын тиісті шикізат жоқ. Оны өңірден тыс жерден әкелу шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетсіздігіне әкеледі. Өнім ішкі рыногқа жеткізіледі.

Облыстың жеңіл өнеркәсібі арнайы қорғауыш аяқ киім, күштік құрылымдар, мұнай-газ саласының кәсіпорындары үшін арнайы қорғауыш киім шығаратын «Жамал-ай» АҚ және «Жанарыс» ЖШС сияқты орта кәсіпорындардан тұрады.

Өндірісті қолдау мақсатында екі кәсіпорын да өз өнімін шығаруды мұнай-газ секторына қайта қайта бейімдеді, сондықтан халық тұтынатын өнім өндіру үлесі мен оның номенклатурасының көлемі аз ғана.

Сондай-ақ, «Жамал-ай» АҚ кәсіпорны аяқ-киім өндірумен айналысады. 2006 жылы фабрика аяқ-киім өндірісі үшін табанның тікелей көтерілуі бойынша жаңа желіні сатып алу және құрастыру жұмыстары туралы ҚХР өндірушілерімен келісімшартқа қол қойды. Бұл жабдық аяқ-киімді жасау бойынша ең жаңа технология болып табылады. Жаңа желі үшін жабдық орнатылып, өндіріс жүзеге асырылуда.

Кәсіпорын 2007 жылы Түркиядан әкелінген шикізат пен материалдардан жасалған 10 түрдегі әйелдер мен ерлер мокасиндерінің өндірісін енгізді.

«Жамал-ай» АҚ тігін өнеркәсібі кәсіпорнында компьютермен басқарылатын келесі жоғары технологиялық жабдықтар бар: Германияда жасалған F8 XXX fortron модельдегі кесте тігу автоматы, PLT 1250 модельдегі үтіктейтін пресс (Италия), PG 22-135 модельдегі табан құюға арналған машина (Италия), 4PR9 модельдегі аяқ-киімнің үш бөлігін тартып байлауға арнаған машина (Италия), CERIM модельдегі аяқ-киімнің өкше бөлігін тартып байлауға арнаған машина (Италия), IIS 520/2 модельдегі материалдар мен былғарыны бөлшектеп кесуге арналған пресс (Италия), PFFAF модельдегі жиек шетін кесетін, қайрайтын тігін машинасы (Германия), Juki бес жіпті оверлок тігін машинасы (Жапония).

Кәсіпорында 2012-2013 жылдары бекітудің құю тәсілімен офицерлердің қонышсыз бәтеңкесін даярлаудың жаңа технологиясы енгізілді (машинаны жинақтау Қытайда жүзеге асырылады, ақы төлеу – лизинг арқылы бөліктеп төлеу), 2014 жылы жеткізу және аяқтау жоспарлануда. Баламалы резеңке ұлтанды аяқ киім (аязға төзімді, ыстыққа төзімді, майға-бензинге төзімді, қышқылға төзімді, антистатикалық) өндірісі игеріліп, дайындама учаскесін кеңейту, тігін жабдығын сатып алу 30%-ға жүзеге асырылды.

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіру көлемі 2013 жылы – 2,2 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 93,4% құрады (2012 жылы – 126,3%, 2011 жылы – 83,8%).

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіру көлемі 2014 жылдың 10 айында – 2,27 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 118,9% құрады. Саланың негізгі кәсіпорындары «Жамал-ай» ЖШС-дегі өндіру көлемі 9 айда 631 млн. теңгені (2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде – 531 млн. теңге), «Жанарыс» ЖШС-дегі өндіру көлемі 1327 млн. теңгені (2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде – 952,3 млн. теңге) құрады.

Химия өнеркәсібі. Химия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 2013 жылы 15,7 млрд. теңгені немесе 2012 жылдың деңгейіне 116,6% құрды (2012 жылы – 13,1 млрд. теңге, 2011 жылы – 15,1 млрд. теңге). Минералды тыңайтқыштарды экспорттау көлемі 11,2 млн. АҚШ доллар сомасына 37,4 мың тоннаны құрады (2012 жылы – 18,0 мың тонна, 2011 жылы – 72,4 мың тонна).

Химия өнеркәсібінің өнімдерін шығару азотты минералды тыңайтқыштар өндіретін «ҚазАзот» ЖШС кәсіпорнынан тұрады. Тауарды өткізу рыногы – 80% ішкі рынок (ҚР ауыл шаруашылғы тауарларын өндірушілері, өнеркәсіптік кәсіпорындар), 20% экспортқа (ЕО, ТМД, Азия елдері) шығарылады.

«ҚазАзот» ЖШС 2012 жылы ҮИИДМБ аясында сұйық аммиак, әлсіз азот қышқылы және аммиак селитрасы өндірістерінде қайта құру және жаңарту жұмыстарын аяқтады. Кәсіпорынның басты мақсаты – табиғи және сапалық ескірген деп есептелген бірқатар жабдықты ауыстырғаннан кейін жобалық қуаттылыққа шығу және амииак селитрасы өндірісін жаңғырту.

ҮИИДМБ-ны жүзеге асыра отырып, кәсіпорын ескірген жабдықты мейлінше өнімді, энергияның жұмсалуы мейлінше төмен, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология талаптарына сай келетін жабдыққа ауыстырумен байланысты бірқатар іс-шаралар өткізді.

Реконструкциялау мен жаңғырту нәтижесінде сұйық аммиак өндірісі – тәулігіне 400 тоннаның орнына 600 тоннаға, аммиакты селитра өндірісі – тәулігіне 700 тоннаның орнына 1000 тоннаға жеткізіліп, өнімнің өзіндік құны 25%-ға төмендеді.

Өндірісті қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шараны орындау кезінде Данияның, Германияның, Чехияның және Ресейдің химиялық машина жасау өнеркәсібінің әлемдік лидерлері шақырылды.

Сондай-ақ, әлемдік тәжірибеде алғаш рет жылдамдықты гранулятор барабандарында аммиак селитрасын грануляциялаудың технологиялық желісі енгізілді.

2012 жылдың өзінде 5,6 млрд. теңгеден астам сомаға инвестициялар салынды, бұл сұйық аммиак сияқты өнім шығару қуаттылығын жылына 200 мың тоннаға, ал аммиак селитрасын жылына 330 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Химия өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 2014 жылдың 10 айында 1,5 есеге артып, 18,0 млрд. теңгені құрады. Негізгі кәсіпорын «ҚазАзот» ЖШС-нің өндіру көлемі 10 айда 11220,6 млн. теңгені құрады (2013 жылдың қаңтар-қазанында – 8061,0 млн. теңге).

Мұнай химиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Жарлығына сәйкес, жобалық қуаттылығы 420 мың жол битумы болатын Ақтау пластикалық массалар зауытының негізінде жол битумдерінің өндірісін салу жобасы 2013 жылғы желтоқсанда іске асырылды.

Жоба мақсаты – ауыр Қаражанбас мұнайын терең қайта өңдеу және Қазақстанның климаттық жағдайларына сәйкес келетін жол битумын өндіру.

«Кazakhstan Petrochemiсal Industries» АҚ «CITIC Group» қытай бірлестігімен (Бас мердігер) бірге, Жобаны басқару және іске асыру мақсатында 2009 жылдың қазан айында бірлескен кәсіпорын – «CASPI BITUM» БК ЖШС-ін (50% CITIC, 50% «KPI» АҚ) құрды.

Қаражанбас мұнайын қайта өңдеудің жоспарланатын көлемі жылына 1 млн. тоннаны құрайды. Мемлекет басшысының қатысуымен 2013 жылғы 20 желтоқсанда Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларының таныстырылымына арналған телекөпір болып өтті. Оның аясында ел экономикасының дамуында ерекше маңызы бар объектілер пайдалануға берілді. 20 желтоқсанда пайдалануға берілген жобалардың қатарында «Ақтау пластикалық массалар зауытындағы жол битумдарының өндірісі» (Ақтау битум зауыты) де бар. Зауыт жыл сайын шамамен 400 мың тонна тотыққан және 120 мың тонна түрлендірілген жол битумдарын шығармақ.

Ақтау битум зауытында жол битумын екі түрлі – Биг-беги (1000 кг.) және пластикалық капшықтарға (40 кг.) бір жолғы көліктік тараға өлшеп орау жөніндегі инновациялық технология алғаш рет көздестірілді. Өлшеніп оралған салқын битумды қолдану материалдың бастапқы физикалық-химиялық көрсеткіштерін сақтауға, әрі үлкен көлемдегі битум қоймаларында битумды еріген күйде сақтауға арналған шығыстарды қысқарту есебінен асфальт-бетон зауыттарында үнемдеуге мүмкіндік береді.

Өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағы мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндіру көлемінің үлесі 2013 жылдың қорытындысында – 12,1%, өндіру көлемі – 10,7 млрд. теңгені (2012 жылы – 6,2 млрд. теңге, 2011 жылы 5,3 млрд. теңге), НКИ – 146,6% (2012 жылы – 104%, 2011 жылы – 99,9%) құрады.

2014 жылдың 10 айындағы үлес – 19,3%, өндіру көлемі – 17,3 млрд. теңге, НКИ – 290%.

Фармацевтика өнеркәсібі. Бүгінге өңірдің фармацевтика өнеркәсібі халық үшін рецепттер бойынша және облыс ауруханалары үшін облыстық ауруханааралық дәріхананың дәрілік заттарын өндіруден тұрады. Шикізат қазақстандық жеткізушілерден алынады.

Осы өндіріс 2013 жылы 115 млн. теңге (2012 жылы – 161 млн. теңге, 2011 жылы 84 млн. теңге), 2014 жылдың 10 айында 47,9 млн. теңге сомасына фармацевтикалық препараттар шығарып, НКИ 55,1% құрады..

Саланы дамыту мақсатында «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында «Медикал Фарм «Ча-Кур» ЖШС-нің өндірістік қуаттылығы жылына 20 млн. дана 50-500 мл көлемдегі инфузиялық дәрілік формалар болатын «Сұйық дәрілік формаларды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару бойынша фармацевтикалық кешен» инвестициялық жобасы іске асырылуда. Жоба құны – 1800 млн. теңге. Құрылатын жұмыс орындарының саны – 300 адам.

Қытайлық мамандар мен жұмысшылар үшін жаңа визалар ресімдеу қажеттілігіне байланысты, объектіні пайдалануға беру 2015 жылға ауыстырылды (ҚР заңнамасы бойынша визалар 2 ай мерзімге беріледі, ал фармацевтикалық кешеннің жабдығын жинақтаудың ұзақтығы 3 айды құрайды).



Өнеркәсіп бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

геоэкономикалық жағдай, өндіру және мұнай химиясын дамыту үшін көмірсутегі шикізатының бай қорларының болуы;

соңғы жылдары Маңғыстау облысындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі;

металлургияны, машина жасауды, құрылыс материалдарының өндірісін дамыту үшін бай минералдық-шикізат негізінің болуы.



Әлсіз тұстары:

көмірсутегі шикізатына белгіленетін бағалардың әлемдік конъюктурасына өңір экономикасы дамуының аса тәуелділігі;

өнеркәсіптің жалпы үлесіндегі тау-кен өндіру өнеркәсібі үлесінің, дәлірек айтқанда отын-энергетикалық пайдалы қазбалар өндірудің үлкен үлесі (шамамен 93%);

өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі – машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісі кәсіпорындарының теңіз мұнай кен орындарын, оның ішінде Қашаған ірі кен орнын игеруді іске асыру мерзімдеріне тәуелділігі.



Қатерлер:

әлем экономикасына кірігуге байланысты өңір экономикасының бәсекеге қабілеттігінің төмендеуі;

облыстың мұнай-газ ресурстарының түгесілуі;

өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларын дамытуға шикізат базасының жетіспеушілігі.



Мүмкіндіктер:

«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, даму институттары, «Ақтау теңіз порты» АЭА ішкі рыногтың нарықтық тауашаларына орнығу үшін индустриялық-инновациялық саясатты іске асыруға жәрдемдесуі қажет;

отандық тауарлар өндірушілерді сыртқы экономикалық тұрғыдан қолдау (кедендік жеңілдіктер);

экономиканың дамуының кластерлік моделі және шағын бизнес субъектілерінің кластерлік құрылымдардағы белсенді рөлі (дәлірек айтқанда 2015-2019 жылдарға арналған ИИД МБ аясында мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу, мұнай химия, мұнай-газ машинасын жасау бойынша кластер және Маңғыстау облысын қоса алғанда үш облыстың аумағында сервис құру жоспарлануда).



2.2.1.2. Инновациялар және инвестициялар.

Маңғыстау облысы инновациялық дамуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуетке ие: индустриялық-өнеркәсіптік өңір, бай минералдық-шикізат қоры.

Облыста соңғы жылдары инвестициялық белсенділіктің өсуі байқалады. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2011-2013 жылдарда 1,2 есе: 369,6 млрд. теңгеден 440 млрд. теңгеге дейін өсті. Негізгі капиталға инвестициялардың НКИ 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 105,7% құрады (2012 жылы – 2011 жылға 101,5%).

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2014 жылдың қаңтар-қазанында 416 млрд. теңгені құрады, бұл – нақты бағалар индексін есепке алғанда 2013 жылдың осындай кезеңінен 15%-ға артық.

Негізгі капиталға инвестициялар бойынша облыстың үлесі 7,3% құрайды (2013 жылы – республика бойынша 5 орын). Алайда халықтың жан басына шаққандағы инвестициялар көлемі бойынша (2013 жылда 750,6 мың теңге) облыс республика өңірлерінің арасында екінші орында тұр (Қазақстан Республикасы бойынша орташа алғанда – 353,1 мың теңге).

Инвестиция құрылымының негізгі көлемін өнеркәсіп (70,2%), оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі (61,9%), өңдеу өнеркәсібі (5,8%), көлік және қоймалау (17,8%), құрылыс (1,6%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (5,2%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (1,6%), өзгелері (3,6%) алады.

Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражаты болып табылады. Инвестициялардың жалпы көдеміндегі аталған инвестиция көзінің үлес салмағы 2012 жылғы 62,7%-дан 2013 жылы 55,7%-ға дейін төмендеді. Бюджет қаражаты есебінен берілетін инвестициялардың үлесі 2009 жылғы 9,5%-дан 2013 жылы 9,5%-ға дейін өсті. Қаралып отырған кезеңде шетелдік инвестициялар үлесі 12,1%-дан 16,3%-ға дейін ұлғайды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 1021 кәсіпорнындағы инновациялық қызметке статистикалық байқау жүргізілді. Есепті кезеңде 11 шаруашылық етуші субъектінің технологиялық инновациясы бар болды. Кәсіпорындардың инновациялық саладағы белсенділік деңгейінің өсуі бойынша 2013 жылы орташа республикалық көрсеткіш 5,7% болғанда, облыста 2,4% болды (2010-2011 жылдары – 1,1%, 2012 жылы – 1,6%. Төмен көрсеткіштің себебі кәсіпорындардың статистика органдарына инновациялық есептілікті тапсырмауы болып табылады. Инновациялық өнім көлемі 2013 жылы 1395,4 млн. теңгені құрады (2010 жылы – 233,2 млн. теңге, 2011 жылы – 618,6 млн. теңге, 2012 жылы – 3609,0 млн. теңге).



Өңірдің ииновациялық қызметін көтеру жөніндегі шаралар.

Халықтың инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында, ағымдағы жылғы 21 маусымда Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен» Техникалық дамыту жөніндегі ұлттық орталық» АҚ өкілдерімен бірге, жыл сайынғы Республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар «NIF$50K» байқауы өткізілді.

Байқау «Нұр Отан» ХДП МОФ-ның, жергілікті атқарушы органдар басшыларының, ғылыми және жоғары оқу орындарының ғылым қайраткерлерінің, аудандар мен қалалар әкімдіктер өкілдерінің, сондай-ақ инновациялық жобалардың жергілікті бастамашалырының қатысуымен өтті.

Өткізіліп жатқан байқауды қолдау және ол туралы халықтың хабардар ету мақсатында, жергілікті спортшылардың қатысуымен «Ақтау» қонақүйінен «Нұр Отан» ХДП МОФ-ның ғимаратына дейін Байқаудың логотиптері бар жалаушалармен веломарафон өткізілді, сондай-ақ «Жұлдыздар десанты» акциясының аясында шоу-бизнестің жергілікті өкілдерінің қатысуымен шағын концерт ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша обыстың атынан инновациялық жобалардың жергілікті бастамашыларынан 20 өтінім берілді.

Сонымен бірге «Алгоритм», «Алатау АТП» технопарктері өкілдерінің қатысуымен бірге облыстың инновациялық белсенді кәсіпорындарымен семинар кеңес өткізіліп тұрады. Семинарың мақсаты инноваторларға идеяларын іске асыруда қолдау көрсету бойынша сервистік және инфрақұрылымдық қызметтер кешені болып табылады, оның барысында инновациялық жобалардың бастамашыларына сервистік қолдау құралдарының кешенді жинағын: бухгалтерлік және заңгерлік сүйемелдеуді, жобаны жалпы және әкімшілік сүйемелдеуді, бизнес жоспар мен техникалық құжаттаманы әзірлеуді, инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді, өндірісті игеру үдерісінде параметрлерін айқындау үшін өнімдерге сынақтар мен апробациясы жүргізуді, патент алуға жәрдемдесуді және инновациялық жобаны жүзеге асыруға қажетті өзге қажетті қызметтерді болжайды.

Жергілікті атқарушы органдардың инновацияларды дамытудағы негізгі міндеттерінің бірі ретінде өңдеу салаларының дамуын, дайын өнімді жоғары қосылған құнмен сыртқы нарыққа экспорттауды, инновациялық кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілетті мамандықтарын қалыптастыру көрсетілетін болады.

Осының барлығы Маңғыстау облысындағы инновациялық үдеріс жағдайына оң әсер етеді.



Индустрияландыру картасы. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ) іске асыру мақсатында, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 2775 қаулысына сәйкес, құрамына мемлекеттік органдардың, компаниялардың, банктердің, облыстың ірі кәсіпорындарының, т.б. өкілдері кірген Үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды.

2010-2013 жылдардағы кезеңде сметалық құны 160,3 млрд. теңге болатын 23 жоба аяқталды. Шамамен 2000 жұмыс орны құрылды. 57,4 млрд. теңге сомаға өнім шығарылды.

2013 жылдың 12 айында 24,3 млрд. теңгеден асатын сомаға өнім шығарылды. Пайдалануға берілген жобалардың ішінде 12 жоба 70 пайызға және одан жоғары, 9 жоба 50 пайызға және одан төмен жүктелген.

2003 жылдан бастап, облыста «Ақтау теңіз порты» АЭА жұмыс істейді. Президенттің жарлығымен АЭА әрекет ету мерзімі 2028 жылға дейін ұзартылып, ауданы 2 мың гектарға дейін кеңейтілді. АЭА «Ақтау теңіз порты» Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында, Ақтау теңіз портының маңында орналасқан.

Құрылған сәттен бастап, «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағына шамамен 24 млрд. теңге тартылды. Бүгінге АЭА аумағында 53 жобасы бар 48 қатысушы жұмыс істейді, олар тұрақты жұмыс орнымен шамамен 1000 адамды қамтамасыз етуде.

Индустрияландыру картасының аясында 2010-2013 жылдары 160,3 млрд. теңге сомасына барлығы 23 жоба іске асырылды. Шамамен 2 мың жұмыс орны құрылды. 57,4 млрд. теңге сомасына өнім шығарылды.

Пайдалану берілген 23 жобаның ішінен:

- 12 жоба жобалық қуаттылыққа шықты;

- 9 жоба 50 және одан төмен пайызға жүктелді;

- 2 жоба тоқтап тұр ( «Каспий Электроникс» ЖШС, «Сарыташ Тау-Құм» ЖШС).

50 және одан төмен пайызға жүктелген жобалардың ішіндегі 2 жоба Қашаған кен орнын игерудің 2 фазасына бағдарланған; 2 жоба бойынша уақытша қаржылық мәселелер болды, бүгінге олар бойынша іске қосу алдындағы жұмыстар жүргізілуде; қалған жобалар бойынша жүктеуді қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі іс-шаралар жоспарын әзірледі, проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі кеңестер тұрақты өткізіліп, оларды жобалық қуаттылыққа шығару бойынша барлық қажетті шаралар алынуда.

Тоқтап тұрған екі жоба бойынша сотта іс қаралуда.

2014 жылы сметалық құны 105,4 млрд. теңге болатын және жаңадан 869 тұрақты жұмыс орны құрылатын 14 жобаны пайдалануға беру жоспарланған болатын.

Іс жүзінде 57 млрд. теңге сомасына және 815 тұрақты жұмыс орны құрылған 10 жоба іске асырылып, пайдалануға берілді. Олар:

1. Маңғыстау облысының Шетпе ауылындағы «Каспий Цемент» ЖШС-нің цемент зауыты;

2. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Қаламқас кен орнындағы 2х45 МВт газ-турбиналық электр станциясы;

3. Жетібай ауылының маңындағы «Жанарыс» ЖШС-нің киім тігетін және химиялық тазартатын цехы;

4. «Үй құрылысы комбинатын салу» «ДИС» ЖШС;

5. «Индустриялық құрылыс комбинаты» «КИС-Ақтау» ЖШС;

6. «Ірі түйірлі, ұсақ түйірлі асфальт-бетон, шағылтасты мастикалық асфальт-бетон және қара қиыршықтас дайындайтын зауыт» «Каспий Тас Жол» ЖШС;

7. «Аңсаған Петролеум» ЖШС-нің мұнай дайындау қондырғысы мен тапсыру пунтін іске қосу;

8. ««Каспио Пласт» ЖШС-нің полиэтиленнен жасалған төменгі қысымды құбырлар өндірісі»;

9. ««Бозашы Оперейтинг ЛТД» КФ-ның бес жылдымалы гелиомерлік қондырғысын пайдалануға беру;

10. «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС-нің жүнді қайта өңдейтін цехы.

4 жобаны пайдалануға беру мерзімдері 2015 жылға ауыстырылды. Барлығы 2015 жылы сметалық құны 52,5 млрд. теңге болатын, жаңадан 295 жұмыс орны құрылатын 7 жобаны аяқтау көздестірілген.

Бүгінге АЭА аумағында 5 кәсіпорын жұмыс істейді, шамамен 29 млрд. теңге тартылды. 223 млрд. теңгеге өнім шығарылды. Шамамен 19 млрд. теңге салықтар мен бюджетке өзге де міндетті төлемдер төленді. 1,1 мың жұмыс орны құрылды.

2014 жылғы желтоқсанда тағы да 4 жоба іске қосылды, олар: «КИС-Ақтау» индустриялық құрылыс комбинаты, жол-құрылыс материалдарын шығаратын «КаспийТасжол» зауыты, «Каспиопласт» ЖШС-нің төмен қысымды құбырлар өндірісі және «KazTrub-Industries» ЖШС-нің құбырлар мен пластмасса бұйымдар өндірісі.

2015 жылы 8 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.

АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын көтеру мақсатында, аумағын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге №3 және №1 кіші аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. № 1 (қосымша учаске), № 2 және №4 кіші аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.

Экономика салаларын, облыстың инфрақұрылымын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-мен іске асырылуда. «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің алдағы жылдарға арналған басым бағыттары айқындалды, олар: облыстың ауыл шаруашылығын дамыту; «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғырту және реконструкциялау; облыста көліктік-логистикалық орталықтар салу; жаңартылатын энергия көздерін дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет