МӘДЕНИЕТ
69
Швеция
Франция
Британия
Испания
Германия
АҚШ
Канада
Иордания
Бразилия
Жапония
Қытай
Мексика
Гана
Үндістан
«Біздің мәдениетіміз басқалардан жоғары»
деген пікірмен келісетіндердің үлесі.
2.1-СЫЗБА. Әлемдегі этноцентризм
Этноцентризм, яғни «бір мәдениет басқа
мәдениеттерден жоғары» деген сенім
Еуропаның кей елдеріне қарағанда
Америка Қүрама Штаттарында жиі
кездеседі, бірақбүл көрсеткіш басқа
елдердегіден әлдеқайда төмен.
ДЕРЕККӨЗ: Pew Зерттеу Орталығы (2007.2011).
100
ни әртүрлілік -
бірыңғай тектік қордың емес, мәдени эволюцияның
қорытындысы.
Мәдениеттің кейбір қырлары саналы түрде жасалады. Шекспир
«Гамлетті», Стефани Майер «Ымырт»
кітабын жазуға шешім қабыл-
дады; маркетингтік топтар Geico gecko мен Macintosh Apple белгісін
ойлап тапты. Үкімет пен үй иелері қоғамдық ғимараттар мен үйлерді
жобалауды
сәулетшілерге тапсырады, сондай-ақ өте бай адамдар өз
«ақиқаттарын» тарату үшін баспа империяларын сатып алады. Мәде-
ниеттің басқа салалары, мысалы, тіл, сән, жақсы мен жаман туралы
идеялар әлеуметтік өзара әрекеттесу арқылы бірте-бірте дамиды. Bi-
рак; мәдениеттің осы салалары адам өнімі болып табылады; олардың
ешқайсысы инстинктивті емес. Адамдар мәдениетті үйренеді және
оны қолдана отырып өзгертеді.
Мәдениет тілге тәуелді.
Тіл болмаса, мәдениет «Оттың пайдасы
көп», «Шомылатын бөлмеде электр энергиясын пайдаланбаңыз» де
ген сияқты өмірлік тәжірибені де, «Қүдай бар»
деген сияқты идея-
ларды да үрпақтан-үрпаққа дұрыстап жеткізе алмас еді. Тілдің ар-
қасында
мәдениет өнертабыстарды, ғылыми жаңалықтарды және
қоғамдық ұйымдасудың үлгі-өнегесін
кәдесіне жаратып, әрі қарай
жетілдіру үшін келесі ұрпаққа беріп отырады.
Тілдің арқасында адамзат генетикалық эволюцияның баяу про-
цесіне
тәуелді болып қалмай, заман көшіне ілесіп отырады. Биоло-
гиялық эволюция ағзаны жаңа жағдайларға
толығымен бейімдеуі
үшін жүздеген ғасырлар қажет болуы мүмкін, ал мәдени эволюция
жылдам өзгеріп отыруға мүмкіндік береді.