92
3 -ТА РАУ
I
Бүл бала маймыл - психолог
I
Гарри Харлоудыңзерттеулері
үшін әлеуметтік қарым-қатынастан
аластатылып, жеке-жеке торларда
жабылған маймылдардыңбірі.
Нәтижесінде, олар жүптасуды немесе
өздерінің балаларын тәрбиелеуді
үйрене алмаған. Бұл тәжірибелер
нәтижесінде тіпті туа біткен мінез-
қүлықты да өзара әрекетке түсу
арқылы дамыту керек деген болжам
жасалған.
Әлеуметтену - мәдениетке және
қоғамға араласу үшін қажетті
ережелерді, тәжірибелерді және
құндылықтарды үйрену процесі.
Рөлдер - кез келген адамның
белгілі бір әлеуметтікжағдайда
көрсететін мінез-қүлқы мен ойлау
тәсілдері.
Әлеуметтену деген не?
Соңғы екі тарауда әлеуметтік өмірдің «жалпы сипаттамасын»-қоғамдар
мен мәдениеттерді қарастырдық. Бірақ әлеуметтанушыларды осы жал
пы сипаттамаға адамдардың қалай сәйкес келетіні қызықтырады. Бұл
тарауда адамдар өз мәдениеті мен қогамында табысқа жету үшін қажет-
ті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды қалай үйренетінін
қарастырамыз. Бұл процесс әлеуметтену деп аталады.
Әлеуметтенудің басты сипаты әлеуметтік рөлдерді үйрену болып
табылады. Рөлдерге белгілі бір әлеуметгік
жағдайдағы кез келген
адамнан күтілетін мінез-құлық пен ойлау тәсілдері жатады. Аналар,
мұғалімдер, студенттер мен ғашықтар - бәрі де өз рөлдерін атқарады.
Әрбір ұстаным тиісті қимылдарға, айтатын нәрселерге және басқа
адамдармен өзара әрекетке түсу жолдарына қатысты белгілі бір сенім-
дерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: