Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет368/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   529
ОТБАСЫ
325
балалары екіжақтылық танытады. Ересек балалар өгей әке-шеше- 
лерін мойындағысы келмейді. Алайда уақыт өте келе тығыз қа- 
рым-қатынас орната бастайды. Өгей шешелер балалардың өмірі- 
не етене араласатындықган өгей әкелерге қарағанда қарсылыққа 
көбірек ұшырайды. Сонымен қатар өгей шешелер баланың мейі- 
рімін жаулап алу үшін зор бәсекелестікке түседі, өйткені олардың 
туған аналары туған әкелеріне қарағанда, балаларымен қатына- 
сын үзбеуге тырысады.
Қазіргі заманғы отбасы
Бақытты отбасылық өмір барлық америкалықтардың басты мақсаты 
болып қалғанымен, соңғы онжылдықтарда оған жету жолдары өз- 
герді. Соңғы кездері адамдар үйлену мен бірге тұрудың, балалы болу 
(некеден тыс болса да) мен болмаудың, жұмыс пен отбасының арасын- 
да таңдау жасау жөнінде көбірек ойланатын болды. Айналып келген- 
де отбасылық өмірін сақтап қала алмай ажырасып жатады.
Некелесу ме, әлде бірге тұру ма?
Бірге тұру дегеніміз - романтикалық/жыныстық серігімен неке 
қидырмай-ақ бірлесіп өмір сүру. Қазір АҚШ-та жұптардың жар- 
тысынан көбі некелескенге дейін бірге өмір сүреді және америка- 
лықтар арасында өмірінің қандай да бір бөлігін азаматтық неке- 
де өткізетіндер бола береді (Kennedy & Bumpass, 2008). Ескеретін 
жайт - жұптардың некелескенге дейін бірге тұруы олардың отба- 
сылық қанағаттануына немесе тұрақтылығына эсер етпейді (Jose, 
O’Leary, & Moyer, 2010).
Бірге өмір сүру әрдайым некелесуге алып келе бермейді. АҚШ- 
та некелесу деңгейінің төмендеу себебі бірге түрып жатқандар 
арасында балалы бола түра үйленгісі келмейтіндердің көбеюінен. 
Отбасы мәселесін зерттейтін әлеуметтанушы Эндрю Черлиннің 
(Andrew Cherlin, 2004) пайымдауынша, біз қазір неке институты- 
ның ыдырауын, некенің қоғам мен адамдар үшін қажетті екен- 
дігін айқындайтын әлеуметтік нормалардың құлдырауын көріп 
отырмыз. Бұл процесс бірге тұратын жұптар заңды құқықтарға 
(бір-бірінің мүлкіне мираскер болу және айырылысқан жағдайда 
жұбайлық қамтамасыз етуді сот арқылы талап ету) ие болғаннан 
кейін қанатын кеңге жайды. Ал кейбіреулердің гомосексуалдық 
некені жақтап (не қарсы шығып) күресуі америкалықтар үшін не- 
кенің әлі де маңызды түсінік екенін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет