392
13-ТАРАУ
Жумыссыздар - жүмысы жоқ,
жұмыс істей алатын және
жүмысты белсенді турде іздеп
жүрген адамдар.
бақылаудан жасырынуға мәжбүр болатын бөлігі. Оған жөзекшелік,
Gucci-дің жасанды
сөмкелерін тігіп сату, есірткі мен темекі контра-
бандасы сияқты заңсыз әрекеттер жатады. Сонымен бірге оған жү-
мысшылар немесе жұмыс берушілер мемлекеттік талаптарға сай
болғанда заңды деп танылатын жұмыс түрлерін де
жатқызуға бо-
лады. Мысалы, жергілікті азаматтар қандай да бір лицензиясыз
мердігер бола алады. Ал құжатсыз иммигранттар қүрылыс нысанда-
рында визасыз жұмыс істейді, ал заңды иммигранттар мемлекеттік
қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейтін тігін цехтарында ең-
бек ете береді.
Астыртын жұмыстар кәсіби және
кәсіби емес салаларда пайда
болуы мүмкін. Айталық, Ресейден келген дәрігер лицензиясы бол-
маса да, АҚШ-тағы өзге иммигранттарға қызметін ұсына алады.
Сол сияқты Мексикадан келген аспиранттың визасы табыс табуға
тыйым салғанымен, компьютер бағдарламалаушысы
ретінде жұ-
мыс істеуі мүмкін.
Көбіне сенімсіз, бір күндік саналатын астыртын кәсіпорын-
дар - сөйте тұра маңызды жүмыс берушілер болып саналады. Бұл
қызмет көрсету мен жүмыс орындары жетіспейтін кедейлерге де,
мемлекетке жұмыс істеп жүргенін білдіргісі келмейтін адамдарға
да - айталық, заңсыз иммигранттарға, мемлекеттен алып отырған
жәрдемақыларынан айырылғысы келмейтін мүгедектерге, жұмыс
талаптарына сай келмейтін жасөспірімдерге және тағы басқалары-
на пайдалы.
Жұмыссыздың және жұмыспен толық
қамтылмау
Мүлде жүмыссыз болғаннан - нашар болса да, астыртын жүмыстың
болғаны жақсы. 2007 жылдың желтоқсанынан 2010
жылдың ақпа-
нына дейінгі аралықта АҚШ-та 8,8 миллион адам жұмыссыз қалды
(Goodman and Mance, 2011). Қазіргі уақытта, үкіметтің бағамдауынша,
америкалықтардың 9 пайызы, яғни 14 миллионга жуығы -
Достарыңызбен бөлісу: