Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет11/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God


деп белгілеу қабылданған, 
өйткені ол Құдайын «Яхве» деп атаған, екіншісін 
Е 
деген, өйткені ол өзіне 
ең салмақты «Элохим» атын алуды дұрыс деп тапқан. Б.д.д. сегізінші ғасы
-
рда израилдықтар Ханаанды екі патшалыққа бөледі. 

оңтүстікте, Иудеяда 
өмір сүреді, ал 
Е 
солтүстік патшалық, Израилдан келеді. Бес кітаптың басқа 
екі қайнар көзі - авторларын «Қайталанған заң» 
(D )
мен «Шіркеу қызмет
-
кері» 
(Р)
деп атау қабылданған Израилдың көне тарихының жылнамаларын 
келесі тарауда талдайтын боламыз. 
J
мен 
Е
-нің өздерінің таяушығыстық 
көршілерінің діни көзқарастарын бөліскендеріне оңай көз жеткізуге бола
-
ды. Сонда да олардың баяндауынша, б.д.д. ҮІІІ ғ. басында-ақ израилдықтар 
ерекше дүниетаным қалыптастырады. Мәселен, 

өзінің Құдай баянын «Энум 
Элиш» нұсқасымен салыстырғанда қарапайым суреттеуден бастайды:
...Құдай [Яхве] аспан мен жерді жаратқанда, жер бетінде әлі жоқ 
дала бұтасын, әлі өсіп шықпаған далалық шөпті жаратқанда; Құдай 
[Яхве] жерге жаңбыр жібермей тұрған-ды, жерді өңдейтін адам да бол
-


31
мады; бірақ жерден бу көтерілді және жердегінің барлығын суарды.
Құдай [Яхве] адамды топырақтан жаратты да, оның жүзіне өмір 
демін үрледі, осылай адам тірі жанға айналды
7
.
Бұл мүлде басқа көзқарас. Месопотамия мен Ханаанның пұтқа табы
-
нушылары әлемнің жаратылысына және тарихқа дейінгі кезеңге мән берсе, 
J
әдеттегі тарихи уақытқа ден қояды. Жалпы айтар болсақ, Израилда әлемнің 
жаратылысы барысына деген қызығушылық б.д.д. ҮІ ғ. дейін болмаған, бұл 
кезде 
Р 
деп белгіленген автор «Болмыс Кітабының» бірінші тарауына арқау 
болған таңғаларлық әңгімесін жазады. 
J
, атап айтқанда, Яхве – аспан мен 
жерді жаратқан жалғыз Құдай деп тұжырымдамайды. Ескере кететін тағы 
бір нәрсе, адамилық пен құдайлық арасындағы шекара айқындығы: 
адам 
өзінің Құдайы жаралған заттан емес, топырақтан 
(адамах) 
жаралған. 
Көршілес пұтқа табынушылардан айырмашылығы, 
J
адамзат тарихын 
құдайлардың қасиетті де мәңгі дәуірімен салыстырғанда дүниеге жақын, 
ұсақ және мәнсіз деп есептемейді. Ол тарихқа дейінгі оқиғаларды жинақы 
түрде баяндайды және ақыры Израил халқының тарихына өткенде, мифтік 
дәуірдің аяқталуын (Топан және Бабыл мұнарасы жайлы сюжет) суретте
-
уге асығады. Ол он екінші тарауда күтпеген жерден басталады, кейін Ав
-
раам («баршаның әкесі») деп аталған Аврам деген кісіге Яхве Харрандағы 
(қазіргі Шығыс Түркия) туыстарын тастап, Ханаанға, Жерорта теңізіне баруға 
бұйырады. Бұдан бұрын Аврамның әкесі – пұтқа табынушы Фарраның от
-
басымен Урдан батысқа қоныс аударғаны туралы айтылады. Сол кезде Яхве 
Авраамға оның ерекше міндетін білдіреді: оған болашақта саны аспандағы 
жұлдыздардан асатын және бүкіл Ханаан жерін өз жеріндей билейтін қуат
-
ты халықтың әкесі болу жазылғандығын айтады. 
J-
дің Авраам туралы әңгімесі осы Құдайдың кейінгі бүкіл тарихына ықпал 
етеді. Ежелгі дәуірде құдайлық 
мана
Таяу Шығыста
 
салттар мен мифтерде 
сезілетін болған. Ешкім де Мардук, Ваал немесе Анат діндарлардың жер
-
бетілік күнделікті өміріне араласа бастайды деп болжай алған жоқ, олар өз 
7
Быт
. 2:5–7.


32
әрекеттерін тек ерекше, қасиетті дәуірде жүзеге асыратын. Керісінше, Из
-
раил Құдайы кәдуілгі әлемнің ағымдағы оқиғаларында ықпалды күшке ие 
болып, «осы жерде және тап қазірдің» айқындаушы факторына айналды. 
Алғашқы ашық көрінуінде-ақ Ол Өз еркін былайша білдірді: Авраам туыста
-
рын тастап, Ханаан жеріне кетуі керек. 
Алайда Яхве деген кім? Авраам бас иген Құдай Мұсаның да Құдайы ма, тек 
аты бөлек пе? Қазіргі таңда бұл сұрақ өте маңызды. Бірақ Тәурат, бір таңға
-
ларлығы, бұл мәселеде бұлыңғыр және қарама-қайшы жауаптар береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет