Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет10/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

мана
ға
 
жанасуына 
септігін тигізетін.
 
Мәдениет уақытша, әлжуаз жетістік саналды, бейберекет
-
сіздік пен өлім күштері оны кез келген уақытта жоя алатын. Мейрамның 
төртінші күні кешкісін абыздар мен жыршылар құдайлардың бейберекет
-
сіздікті жеңіп шығуы жырланатын қасиетті «Энума элиш» эпосын оқу үшін 
ең киелі орынға жиналатын. Аңыз жердегі өмірдің пайда болуының нақты 
баяны емес, ұлы құпияны рәміздік түсіндірудің саналы әрекеті және оның 
құдіретті күшінің еркіндікке шығуы болып саналатын. Әлемнің жаратылуын 
егжей-тегжейлі сипаттау мүлде мүмкін емес, өйткені бұл ғажайып құбылы
-
сты ешкім көрген жоқ. Оны көзге елестетудің жалғыз ыңғайлы тәсілі – ми
-
фтер мен рәміздер ғана болатын. «Энума элиш» эпосымен қысқаша таны
-
сып шығу – араға жүзжылдықтар салып – біздің Жаратушы Құдайды дүниеге 
келтірген руханилықтың мәнін сәл де болса түсінуімізге мүмкіндік береді. 
Жаратылыстың тәураттық және құрандық баяндары әртүрлі болғанымен, 
ұмытылған бабылдық мифтер із-түзсіз жойылған жоқ және де олар кейінгі 
дәуірде монотеизм бетпердесін киіп, құдайтану тарихына қайта енді. 
Біраздасын көзіміз анық жететіндей, аңыз яхудилік және исламдық ми
-
стицизмде өте маңызды сюжет болып саналатын құдайлардың өз жара
-
тылысынан бастау алады. «Энума элиш» эпосында айтылғандай, алғашқы
-
да құдайлар жұп-жұбымен онсыз да құдіретті субстанциядан – кейіпсіз су 
қоймалжыңынан пайда болған. Бабылдық мифте (кейін Тәуратта да) жоқтан 
жаратылу деген мүлде кездеспейді; жалпы ежелгі әлемге мұндай ой мүл
-
де бөтен еді. Құдайлар мен адамдардан бұрын әлдебір қасиетті материал, 
бастапқы шикізат болған. Алғашқы субстанцияны бейнелеуге әрекеттенген 
бабылдықтар оны Месопотамияның батпақты далаларына ұқсатуға шешім 
қабылдаған болу керек, ол жерде адамның қолынан шыққан нәзік дүни
-
елерді селдің шайып кету қаупі үнемі төніп тұрған. Сол себептен «Энума 
элиш» эпосында бейберекетсіздік бұрқырап қайнап жатқан қойыртпақ 
емес, не шет-шегі, не кескін-келбеті, не атауы жоқ біртектес қоймалжың 
түрінде көрінді: 


24
... біртұтас сулары алып жататын.
Қамыс лашықтар әлі болмаған,
Қамыс қопасы әлі көзге шалынбаған.
Құдайлардан әлі ешкім болмаған,
Ештеңенің аты аталып, тағдыры белгіленбеген,
Қойнауларда құдайлар пайда болғанда...
3
Осы алғашқы сұйық қоймалжыңнан үш Құдай жаратылды: Абзу (тәтті 
өзен суларына теңелетін), оның жұбайы Тиамат (тұзды теңіз) және Мум
-
му, Бейберекетсіздік Құрсағы. Алайда бұл Құдайлар, былайша айтқанда, 
алғашқы сынама үлгілер болды да, жетілдіруді қажетсінді. Абзу мен Тиамат 
есімдерін «шыңырау», «бос қуыс», «түпсіз тұңғиық» деп аударуға болады. 
Олар әлі алғашқы бейберекетсіздіктің кескінсіз қалпынан арыла қоймаған 
еді және айқын болмыс ретінде анықталмаған болатын.
Кейін олардан құдайлар тізбегі туындады – бұл «эманация» үдерісі кей
-
іннен біздің «Құдайтану баяны» үшін өте маңызды болады. Жаңа құдайлар 
бір-бірінен жұбымен пайда болды және құдайлық эволюция барысында 
әрқайсысы айқынырақ кейіпке ене бастады. Алғашқы болып Лахму және 
Лахаму туды (олардың есімдері «балшықты» білдірді, яғни су әлі де топы
-
рақпен араласқан). Содан соң аспан мен теңіз көкжиегін бейнелейтін Ан
-
шар мен Кишар жаратылды. Олардың артынан Ан («аспан») мен Эйя («жер») 
пайда болды. Осымен іс біткен тәрізді көрінеді: енді Құдайлар әлемінің 
нақты бөлінісі – аспаны, мұхиты мен құрлығы бар еді. Бірақ әлемнің жа
-
ратылысы енді басталды. Өйткені бейберекетсіздік пен қаскөй күштерді 
тек азапты да тынымсыз әрекет арқылы ауыздықтауға болатын. Жасы кіші 
және жігерлі Құдайлар өз ата-аналарына қарсы тұрды, бірақ тіпті Абзу мен 
Муммуды жеңген Эйяның өзі шайқас барысында жексұрын құбыжықтарды 
топ-тобымен жасап шығарған Тиаматты тізе бүктіре алмайды. Бағына қарай, 
3
Келесі
басылым
негізінде
сөзбе
-
сөз
аударылды

В

Афанасьева

Цит

по
изд
.: 
Я
открою
тебе
сокровенное
слово

Литература
Вавилонии
и
Ассирии
. – 
М
.: 
Художественная
литература
, 1981. – 
С
. 32.


25
Эйяның көркем ұлы, күн құдайы, бүкіл құдайлар патшалығының ең кемел 
жаратылысы Мардук бар еді. Құдайлардың ұлы жиынында Мардук кейін 
жоғары билеуші болу шартымен Тиаматты өлтіруге келісімін береді. Ұрыс 
ұзақ, қорқынышты және қиын болса да, ақырында ол алғашқы әйел құдай
-
ды өлтіреді. Бұл мифте жаратушылық әрекет тепе-тең емес жағдайдағы ке
-
скілескен күрес түрінде берілетін. 
Ақыр соңында, денесін май басқан өлі Тиаматтың үстіне төнген Мардук 
жаңа әлем жаратуды ойлайды. Ол денені екіге бөліп, әуелі аспан күмбез
-
ін, сосын адам әлемін жаратты, кейін барлық нәрсені тиісті орнына қоятын 
міндетті заңдарды жасап берді. Үйлесімділік орнады, бірақ күрес мұнымен 
аяқталған жоқ. Тәртіпті жыл өткен сайын ылғи да бір ерекше ғұрыппен қал
-
пына келтіру керек болды. Құдайлар жаңа жердің кіндігі – Бабылда бас 
қосып, сол арада аспан рәсімдерін орындау үшін ғибадатхана тұрғыза
-
ды. Осылайша Мардук құрметіне зиккурат – «шексіз аспанды бейнелейтін 
жердегі ғибадатхана» салынады. Құрылыс аяқталған кезде Мардук заңғар 
шыңдағы тағына жайғасып, құдайлар «Міне, сіздің ендігі мекеніңіз - Бабыл!» 
десті. Кейін қасиетті рәсім өткізілді: «Барлық ережелер мен қағидалар бел
-
гіленді, барлық құдайлардың жер мен аспандағы орындары бекітілді!»
4

Мұндай заңдар мен рәсімдерге бағыну барлығына міндеттеледі – жаратқан 
әлемін сақтап қалу үшін тіпті құдайлар да оларға бағынады. Бұл миф ба
-
былдықтардың түсінігіндегі өркениеттіліктің терең мазмұнын көрсетеді. 
Олар зиккуратты ата-бабаларының тұрғызғанын жақсы біледі. Бірақ «Энума 
элиш» эпосында баяндалған оқиға шығармашылық жемістерінің құдайлық 
құдіретпен астасқанда ғана мәңгі болатындығы сенімін күшейтеді. Жаңа 
жылда орындалатын рәсімдер адам пайда болғанға дейін бар еді: олар 
құдайлардың өзі бағынуға тиіс заттар табиғатына телініп қойған-тұғын. 
Миф, сонымен бірге, Бабылдың қасиетті мекен, әлем кіндігі және құдайлар 
қонысы екендігіне сенімді де білдіреді. Мұндай түсінік ертедегі діндердің 
барлығына дерлік тән деуімізге болады. Адам баласы онда тұрғанда өзінің 
ұлы құдіретке, болмыс пен жаратылыстың қайнар көзіне мейлінше жақын
-
4 Ibid., 
с
. 44, 46.


26
дығын сезінетін қасиетті қала идеясы кейін біздің Құдайдың барлық үш 
монотеистік дінінде де қолданылған.
Мардук адамдарды есіне кездейсоқ және кеш түсіріп, ең соңынан жа
-
ратқан. Ол Кингуды (Тиаматтың Абзу қаза тапқан соң жаратып алған ақы
-
мақтау жұбайын осылай атайды) ұстап алып, өлтіріп, оның құдіретті қа
-
нымен араластырылған күлден бірінші адамды илеп шығарды. Құдайлар 
мұның бәрін таңдана және масаттана бақылады. Адам жаратылысын түсін
-
діретін осы мифте астарлы мысқыл жатыр: адамдар кемелдіктің шыңы емес, 
ақымақ та жалқау құдайлардың ұрпағы екен. Сюжетте сондай-ақ мынадай 
маңызды ой бар: алғашқы адам құдайлық субстанциядан жаралған, яғни аз 
да болса жоғары бастамаға ие. Ол уақытта адамдар мен құдайлар арасын 
терең шыңырау бөліп тұрмаған еді. Табиғат әлемі, адам мен құдайлардың 
өзі ортақ болмысқа ие болды және біртұтас құдайлық субстанциядан туын
-
дады. Пұтқа табынушылық дүниетаным біртұтас болды. Құдайлар адамдар
-
дан олардың көзіне көрінбейтін онтологиялық аймаққа ұзай қоймаған еді; 
құдайлық бастау мәні жағынан әлі адамилықтан ажырамаған болатын. Дәл 
осы себептен жоғарыдан келетін ерекше уахилерге немесе құдайлар бекітіп 
берген жердегі заңдарға деген мұқтаждық сезілмеді. Құдайлар да, адамдар 
да бірыңғай күрделі жағдайда болды, айырмашылығы – құдайлар күштірек 
еді және ұзағырақ өмір сүретін. 
Ғаламды тұтас қабылдау тек Таяу Шығысқа ғана емес, барлық ежелгі 
әлемге тән болды. Б.д.д. ҮІ ғасырда Пиндар сондай сенімнің гректік нұсқа
-
сын Олимпиялық ойындарға арнаған өлеңдерінде білдірді:
Адамдар қауымы бар,
Құдайлар қауымы бар,
Тынысымыз бір анадан берілген,
Бірақ күш-қуатымыз әрқилы:
Адам – түк те емес,
Ал мыс реңді аспан – 
Ғасырлар бойы мызғымас мекен.
Бірақ бізді көктің иелеріне қарай 


27
Көтеретін әлдебір нәрсе бар,
Құдіретті рух па екен,
Жаратылыс күші ме екен -
Күндіз-түнгі сапарымыз
Қайда жерде үзілерін
Тағдырдың қалай белгілегені - 
Бізге мүлде беймәлім десек те
5
.
Пиндар үшін атлеттер әрқайсысы жеке жеңімпаз болуды армандайтын 
адамдар ғана емес. Ақын спорт жетістіктерін барлық адам жасампаздығы
-
ның жоғары үлгісі саналатын құдайлардың ерліктерімен салыстырады. 
Адамдар қол жетпес алыстағы құдайларға құлдық ұрып, еліктеп қана қой
-
майды, өз бойларындағы құдайлық бастауы бар қабілетін дамытуға тыры
-
сады. 
Мардук пен Тиамат туралы миф, қалай болғанда да, Ханаан тұрғындарына 
ықпал еткен секілді; олардың найзағай және құнарлылық құдайы Ваал-Хад
-
дад (дәл осы Ваал турасында Тәуратта теріс пікір білдірілген) туралы осыған 
өте ұқсас аңызы болған. Ваалдың теңіз бен өзен құдайы Йаммумен шайқас 
баяны бізге б.д.д. ХІҮ ғасырға тиесілі делінетін қыш қалақшалар арқылы 
жетті. Ваал мен Йамму ханаандықтардың жоғары құдайы – Илумен қатар 
өмір сүрген. Құдайлар кеңесінде Йамму Ваалдан өзіне құл болуын талап 
етеді. Ваал Йаммуды екі сиқырлы қаруының күшімен жеңеді және өлтіре 
жаздайды, алайда Илудың жұбайы әрі екі қарсыластың анасы Асират әл
-
сізді өлтірудің ұят болатындығын жеткізеді. Ұялған Ваал Йаммуды кешіреді. 
Йамму құрлықты үнемі су астында қалдырам деп қорқытатын адамзатқа 
өш теңіз кейпінде болса, керісінше, Ваал мейірімді еді, өйткені жер жүзін 
жауынмен жарылқайтын. 
Осы мифтің екінші нұсқасында Ваал көне еврейлер Левиафан деп атаған 
жеті басты айдаһар Латанды өлтіреді. Барлық дерлік мәдениеттерде айдаһар 
5
Келесі
басылым
негізінде
сөзбе
-
сөз
аударылды

Пиндар

Немейские
песни
, 6 «
Бассиды
», 1
с
.–5. 
Перевод
М
.
Л

Гаспарова

Цит

по
изд
.: 
Пиндар

Вакхилид

Оды

Фрагменты
. – 
М
.: 
Наука
, 1980. – 
С
. 134–135.


28
бейнесі ұйықтап жатқан, қалыпқа түспеген және дүлей күшті білдіреді. Осы 
жасампаз ерліктің арқасында бастапқы бейберекетсіздікке қайта апара
-
тын жол жабылды. Сол үшін Ваал құдайлар тарапынан марапатталып, оның 
құрметіне сәулетті сарай салынады. Ең көне діндерде кез келген шығар
-
машылық құдайлық әрекет ретінде танылды. Айтқандай, осы күнге дейін біз 
тіршілікке соны леп пен жаңартылған мазмұн беретін шығармашылық ша
-
быт туралы сөз қозғағанда діни сөздерді жиі пайдаланамыз. 
Бұл ретте Ваалдың жағдайы айтарлықтай мәз болмады: ол қаза тауып, 
өлім мен ұрықсыздық құдайы Мутудың жер асты әлеміне түседі. Ұлының 
тағдырын естіген Илу тақтан түсіп, кенеп қапқа оранады және екі бетін ты
-
рнайды, бірақ ұлын құтқара алмайды. Ваалды іздеуге оның қарындасы әрі 
сүйіктісі Анат кіріседі. Ол аспан әлемінен түсіп, ағасы әрі жұбайын «сиыр 
бұзауын немесе қой қозысын аңсағандай»
6
жанұшыра іздейді. Соңында 
оның өлі денесін табады, құрметтеп жерлейді, мұнан кейін Мутуды ұстап, 
қылышпен кескілеп, қалдығын өртеп, ұнтақтап, дән құсап ұшырып, жерге се
-
беді. Өлген құдайды іздеу және топырақты жаңартуға қатысты осыған ұқсас 
оқиға Инанна, Иштар және Исида сынды басқа ұлы әйел құдайлар туралы да 
баяндалады. Анаттың жеңісін жыл сайын ерекше рәсімдер арқылы жаңғыр
-
тып отыру керек болды. Кейіннен (дәл қашан екендігі белгісіз, өйткені дерек 
көздеріміз толық емес) Анат Ваалды тірілтеді. Еркектік және әйелдік баста
-
маның бірігуін көрсететін бұл тұтастық пен бірліктің шарықтау шегін Көне 
Ханаанда салттық жыныстық қатынастармен атап өтетін болған. Құдай
-
ларға еліктеп, адамдар қуаңшылықпен бірігіп күресетін болған, табиғаттың 
өсімталдығын сақтауға және және оның өздігінен жаңару қабілетіне көмек 
беріп отырған. Құдайдың өлімі, әйел құдайдың сергелдеңі мен екеуінің 
Құдай патшалығына жеңісті оралуы – әлемнің көптеген мәдениеттерінің 
тұрақты діни сюжеті. Ол яхудилер, христиандар мен мұсылмандар ұстана
-
тын мүлде басқаша мазмұндағы Бір Құдай дінінде де қайталанады. 
Тәурат бойынша, бұл діннің негізін, туған жері Урды тастап, кейін Ханаан
-
ды мекен еткен Ибраһим салған. Бұл – шамамен б.д.д. ХХ-ХІХ ғасырларда 
6 Anat-Baal Texts 49:11:5, quoted in E. 
О
. James, The Ancient Gods (London, 1960), p. 88.


29
болған оқиға. Тарихи жылнамалар бізде жоқ, бірақ ғалымдардың жобала
-
уынша, Ибраһим б.д.д. үшінші мыңжылдықтың соңында Месопотамиядан 
Жерорта теңізі жағалауларына жеткен үш кезбе тайпаның бірінің көсемі 
болған. Месопотамиялық және мысырлық мәтіндерде абиру, апиру неме
-
се хабиру халқы деп аталған бұл кезбелер батыс семит тілдерінде, соның 
ішінде көне еврей тілінде сөйлеген. Алайда бұл адамдар жыл мезгілдерінің 
ауысуына орай малдарын бір жерден екінші жерге айдап жүретін бәдеуи
-
лер сынды әдеттегі көшпелілер болмаған. Хабирулардың өмір сүру салтын 
анықтау мейінше қиын, кезінде мұндай түсініксіз жағдай бұл халықты жер
-
гілікті билеушілермен жиі қақтығыстарға итермелеп отырған. Жалпы айтқан
-
да, олардың даму деңгейі шөлейтті жердің әдепкі халықтарының мәдени
-
етінен әлдеқайда жоғары болған. Кейбір хабирлар жалданып жұмыс істесе, 
екінші біреулері мемлекеттік қызметпен айналысқан, үшінші топтағылары 
саудагер, қызметші немесе қолөнерші болған. Кейбіреулері байлыққа қол 
жеткізген бойда жер телімін сатып алатын және отырықшылыққа көшетін. 
«Болмыс кітабына» сәйкес, Ибраһим қызметін Содом патшаның сарайында 
жалдамалы жауынгер болудан бастаған; оның ханаандық билеушілермен 
және көршілерімен бірнеше қақтығыстары болған. Кейіннен жұбайы Сара 
өлген соң, Ибраһим қазіргі Батыс Жағалау орналасқан Хевроннан жер са
-
тып алады. 
Ибраһим және оның жақын ұрпақтары туралы тәураттық хикаяларда Ха
-
наанда, қазіргі Израилда еврейлердің үш ірі тайпасының орналасуына қа
-
тысты сілтемелер берілген. Алдымен (шамамен б.д.д. 1850 ж.) Ибраһим Хев
-
ронға келеді; иммиграцияның екінші көші Ибраһимнің немересі, Йақұбпен 
(Жақып) байланыстырылады, кейін ол Израил деген жаңа ат алады (тікелей 
аударғанда: «Құдай оның құдіретін ашсын»). Ол Сихамға, Батыс Жағалаудағы 
қазіргі араб қаласы Наблусқа жайғасады. Тәуратта айтылғандай, Йақұбтың 
ұлдары, еврейлердің он екі тайпасының арғы аталары, Ханаанда жойқын 
ашаршылық болғандықтан, Мысырға жайғасады. Еврейлер көшінің үшінші 
толқыны шамамен б.д.д. 1220 ж. басталады, бұл кезде өздерін Ибраһимнің 
ұрпақтары санайтын тайпалар Мысырдан Ханаанға оралады. Олардың ай
-
туынша, мысырлық құлдықтан оларды көсемдері Мұсаның Құдайы – Яхве 


30
құтқарған. Ханаанға жол тапқан бұл тайпалар жергілікті еврейлермен ара
-
ласып, Израил халқы осылайша дүниеге келеді. Тәураттың нақтылауынша, 
көне израилдықтар деп аталған адамдар – Мұсаның Құдайы Яхвеге деген 
сенім біріктірген көптеген этностық топтардың одағы. Тәураттық кітаптар 
жүздеген жылдардан кейін, б.д.д. сегізінші ғасыр шамасында жазылға
-
нымен, мейлінше ерте жазба дереккөздеріне негізделгендігі сөзсіз. 
ХІХ ғасырда Тәуратты зерттеген неміс ғалымдары бес тәураттық кітап 
– «Болмыс», «Шығу», «Левит», «Сандар» және «Қайталанған заңның» - төрт 
дерек көзін ажыратып алуға мүмкіндік беретін сыни әдіс жасап шығарады. 
Б.д.д бесінші ғасырда бұл мәтіндер толықтырылып, Бес кітапты құрайды. 
Неміс ғалымдарының ойлары қатал сынға ұшырады, алайда Бес кітаптың 
неліктен қарама-қайшы болып келуі мен онда, мәселен, әлемнің жаратылы
-
сы немесе бүкіл әлемдік топан сынды маңызды оқиғалар туралы бір-бірі
-
не ұқсамайтын бірнеше хикаялардың болу себептерін түсіндіретін басқа 
шынайы теорияны әлі ешкім ұсынған жоқ. «Болмыс» пен «Шығу» мәтіндерін 
құраған Тәураттың ең алғашқы екі авторы оларды б.д.д ҮІІІ ғ., тіпті одан 
да ертеректе жазған болулары керек. Біреуін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет