Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет8/204
Дата04.10.2024
өлшемі5,33 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

numina 
барын сезген; арабтар қоршаған ортада 
жындар
барын білген. 
Әрине, адам осы ақиқатпен жанасуды және оны қалай болғанда пайдасына 
жаратуды қалаған, сонымен бірге қарапайым таңғалыс да із қалдырған болу 
керек. Адамдар осы көрінбейтін күштерге жеке қасиеттер дарытқан: олар 
желге, күнге, теңіз бен жұлдыздарға сәйкес келетін құдайларды ойлап тапты 
және оларды адамға ұқсас етті. Осылайша адамдар көрінбейтін әлеммен 
және қоршаған ортамен туыстық сезімін танытты.
1917 жылы «Қасиеттілік идеясы» еңбегін жариялаған немістің дін та
-
рихшысы Рудольф Отто діндарлықтың қайнар көзі дәл осы 
танылмайтын
-
ды 
сезіну екендігіне күмәнданбаған. Дәл осы сезіну әлемнің пайда болуы 
немесе ахлақ негіздерін анықтауға талпыныстан бұрын келді. Танылмайтын
-
дық адамдар тарапынан түрлі түсінілді: бірде таңғажайыпқа , жабайылыққа, 
жүгенсіздікке толы қобалжуды білдірді, бірде мейлінше мамыражай күйді 
меңзеді, ал бірде үрейді, бас июді және өмірдің барлық саласын қамтитын 
құпия күшпен салыстырғанда өзін дәрменсіз сезінуді аңғартты. Мифтерді 
ойлап тауып, өздерінің құдайларына табынған адамдар табиғат құбылыста
-
рын егжей-тегжейлі түсіндіруге асықпаған. Рәміздік аңыздар, мүсіндер мен 
жартастағы суреттер – бұлар кереметті сезінуін жеткізу және осы бір ға
-
ламдық жұмбақты күнделікті өмірмен байланыстыруға тырысу әрекеттері; 
дәл осы сезімдер қазір де ақындарды, суретшілер мен музыканттарды ша
-
быттандырып келеді. Палеолит дәуірінде, мәселен, егіншілікпен шұғылда
-
ну пайда болған тұста құнарлылықты қастерлеу идеясы Құдай-Ана культін 
туындатты. Археологтар оның жалаңаш жүкті әйел бейнесіндегі суреттерін 
бүкіл Еуропадан, Таяу Шығыс пен Үндістаннан тауып жатыр. Ұлы Ана ғасыр
-
лар бойы шығармашылық қиялдың басты арқауы болып келген. Көне Аспан 
Құдайы секілді, ол да кейінгі уақыттағы пантеондарға енді және басқа бай
-
ырғы құдайлармен бірге төрдегі орынға жайғасты. Әдетте оны ең құдірет
-
ті құдайлар қатарына жатқызатын, тіпті ол қол жетпес Аспан Құдайынан 
да артық саналатын. Оны көптеген халықтар шумерлік Инанна, бабылдық 
Иштар, ханаандық Анат, мысырлық Исида және гректік Афродита деген 
атаулармен таныды, ол туралы өте ұқсас аңыздардың кезігуі түрлі мәде
-
ни ортаның рухани өмірінде бұл әйел құдайдың маңызы зор болғандығын 


21
нақтылай түседі. Бұл мифтердің егжей-тегжейлі түсіндірмелері болмаса да, 
сөзбен жеткізілмейтін өте күрделі ақиқатты ишарамен аңғартудың әрекет
-
тері саналды. Құдайлар туралы шым-шытырыққа толы, көңіл тебірентетін 
әңгімелер адамдарға құдіретті, бірақ көзге көрінбейтін күштерге жақындық 
сезімін ауызекі түрде баяндауға көмектесетін. 
Шамасы, ертедегі адамдар осы құдайлық өмірге белсене араласып оты
-
ру нағыз адам болуға мүмкіндік беретініне сенген. Жер бетіндегі өтпелі 
ғұмыр соншалықты қысқа көрінетін, оған ылғи өлім қаупі төніп тұратын; 
құдайлардың әрекетіне еліктеу арқылы адам белгілі бір мөлшерде солар
-
дың қуаты мен болмысына иек артатын. Сол себептен, дәл осы құдайлар 
адамдарға жоғары патшалықтағы құдайлардың үйіне ұқсайтын қалалар 
мен ғибадатханаларды соғуға үйретті деп есептелетін. Мифтерде суретте
-
летін құдайлардың қасиетті әлемі – адамдар жетуге ұмтылатын идеал ғана 
емес, сонымен бірге адам тіршілігінің алғашқы бейнесі, осындағы, яки жер 
бетіндегі өмірді анықтайтын бастапқы архетип, кемел үлгі болды. Жерде
-
гінің барлығы құдайлық әлемнің көшірмесі болып табылатындығы идеясы 
көне халықтардың мифологиясын, ғұрыптары мен қоғамдық құрылымы
-
ның негізін салды, тіпті қазір де көптеген дәстүрлі мәдениеттерде басым 
болып отыр
1
. Мәселен, Көне Иранда әдепкі әлемнің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет